Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.


Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.

Ұлттық киімдер. Тымақ тігу. 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Тымақ тігу. 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық киімдер жайлы түсінік беру. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен таныстыру. Тымақты тігудің әдіс-тәсілімен таныстыру.

ә) Тәрбиелік: Ұлттық киімдерді атау және олардың ерекшелігі жайлы айта отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу. Тымақ тігуді үйрету арқылы іскерлікке, шеберлікке баулу.

б) Дамытушылық: Сабақта суретпен, матамен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін арттыру. Ойын, қиялын дамыту.

Сабақ типі:  Жаңа сабақ.

Сабақ түрі:  Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандақ жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау, жазба жұмыстары.

Пәнаралық байланыс:  Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ көрнекілігі:  Оқулық, суреттер, бұйымдар,  сөзжұмбақ.

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. «Еңбек» өлеңін хормен айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   «Кел ойнайық»ойыны. Ойынның шарты: Жұмбақтар шешу арқылы киіз үй бөліктерін атау.

ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

Сөзжұмбақ шешу. «Тымақ».

 

  1. Барқыттан немесе қамқадан тігілетін бас киім. (тақия)
  2. Бағалы мата түрі. (қырмызы)
  3. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (кимешек)
  4. Жұқа ақ киізден тігілетін бас киім. (қалпақ)
  5. Көйлек сыртынан киетін қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (қамзол).

 

ІҮ. Жаңа сабақ.

 

    Халқымыздың ұлттық киім үлгілері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемдігімен, ою-өрнегімен, сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып, қадір-қасиеттерін жоймай келеді. Олардың кейбіреулерін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке-мейрамдарда, ойын-сауық, той думандарда киеді.

     Ертедегі адамдардың киім-кешектері көбіне мал терісінен және қымбат, бағалы маталардан тігілген.  Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың бас киімдері де сәнділігімен, ерекшелігімен көз тартарлық етіп тігіп отырған. Солардың бірі-тымақ.  Тымақты қыс мезгілінде киеді. Суық күндерде киетіндіктен, оны құндыз, суыр, түлкі, қасқыр және қозы, құлын, лақ елтірісінен тігеді. Тымақтың басқа ерлер бас киімінен ерекшелігі - ол төбе, маңдай, екі құлағы және артқы етегінен тұрады.Тымақтың төбесі үшкіл, төрт немесе алты сайдан , ал етек жағы тік төртбұрыш немесе алты бұрыш болып келеді.

      Тымақтың іші терімен, сырты дүрия, пүліш, барқытпен тысталады. Бүгінгі сабақта біз тымақ тігуді үйренеміз. Ол үшін бізге қатты қағаз, бор, түсті мата, жасанды тері, қайшы, ине, жіп, сызғыш, қарындаш, бор керек.

 

Сарамандақ жұмыс.

 

Оқушылар нұсқау карта бойынша жұмыс жасайды.

 

 

Жұмыстың орындалу реті

Керекті заттар

Тымақтың негізгі бөлігінің төбесіне биіктігі 15 см, ені 9 см өлшемде қатырма қағаздан қалып үлгі дайындап алып (басы үшкілденіп келеді), матаның бетіне қойып түйреу (1-сурет),

Айналасын бормен сызу (2-сурет).

Қатырма қағаз,  түйреуіш, мата, сызғыш.

Қалып үлгіні мата бетіне қойып, төрт мата бөлігін қиып алу (3-сурет)

Қайшы, бор, мата.

Тымақтың маңдайын жасау үшін биіктігі 4 см, ені 9 см болатын қалып үлгіні пайдаланып, матадан бір бөлік қиып алу.

Сызғыш, бор, қайшы, мата.

Тымақтың құлағы мен артқы етегін пішу үшін ұзындығы 27 см, биіктігі 8 см, етегі доғалдау келген қалып үлгіні мата бетіне қоямыз да, жан-жағын сызып, қиямыз.(4- сурет)

Қатырма қағаз,  түйреуіш, мата, сызғыш, бор.

Дайын болған тымақ төбесінің бөліктерін теріс бетінен бір-біріне біріктіріп, көктеп тігу.

Ине, жіп, қайшы, мата.

Тымақтың етегі мен маңдайын төбесіне жалғап тігу.Жасанды терімен маңдайын әшекейлеу, көркемдеу.

Жасанды тері, ине, жіп.

Бауын таспадан дайындап, екі жақ құлағына тігу.

Таспа, ине, жіп.

 

Сергіту сәті.

1.Жұмбақтар шешу.

  1. Іші-егі,

Сырты-тегіс.   (тон)

 

  1. Ортасы күмбез,

Іргесі тегіс-ті.

Күннен қорғайды,

Шыңдағы егісті. ( қалпақ)

 

  1. Дорбаға тығып бас бағын,

Байлай салдым қос жағын. (тымақ)

 

  1. Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні. (киім)

  1. Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей. (кимешек)

    2.Топтастыру.

      Қорытындылау.

  1. Сабақта қандай бұйымдар дайындадық?
  2. Тымақ қалай дайындалады?
  3. Қандай тігіс түрлерін пайдаландық?
  4. Тымақты қай кезде киеді?
  5. Тымақ бөліктерін ата.

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтап келу.

     Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Белдемшені соңғы рет өңдеу.Үтіктеу.
Сәукеле тігу.
Салт құпиясы
Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.
Ұлттық киім
Ұлттық киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімдері
Шым кесте тігу
Сәукеле тігу
5 сынып. Қысқы киімдер.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5471 | Қосты: Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык