Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту


Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту

Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойын
Ұлттық Дидактикалық Логикалық
«Ақсүйек»
«Көкпар»
«Қанталапай»
«Арқан тартым»
«Көксерек - мөксерек» «Мың бір мақал»
«Ғажайып алаң»
«Сергіту сәті»
«Сөз құрау»
«Жұмбақ есеп»
«Әріпті кубиктер»
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/


Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?
Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі». «Ана тілі»: 1991ж
2. С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы: 1997ж
3. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
4журнал 12 жылдық білім №4, 2006ж
5 журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»№2, 2005,№11, 2007,№1, 10 2008,№4, 9 - 2009ж


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ
Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Жаңа технология – сапалы білім кепілі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын, пәндеріндегі тапсырмалар
Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Қайталау сабақтарын жүргізу әдістері
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5741 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык