Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жасампаздық жаршысы.


Жасампаздық жаршысы.

 

Жасампаздық жаршысы.

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Сабақтың тақырыбы:  Жасампаздық жаршысы.

Сабақтың  мақсаты:   Бүгінгі жас ұрпаққа елбасының ерекше қасиет қадірін,   тұлғалық тұғырын түсіндіру. Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.

1-жүргізуші:  Ассалаумалейкум, құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар.

1-жүргізуші: Ежелден еркіндік аңсаған қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу  еді. Елім деп еңіреп, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

2-жүргізуші: Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр.

1-жүргізуші:  Елбасы-ел тірегі, ел намысы!

              Адамның бұл өмірде арманы жоқ

             Халқының бола білсе қорғанышы!   (Баяндама оқылады)

2-жүргізуші:   Құрметті қонақтар, оқушыларымыздың Елбасы туралы қанатты сөздерін тыңдаңыздар.  (қанатты сөздер оқылады.)

1-оқушы:  Бүгінде Қазақстан -әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптес, Орталық Азияның шешуші елі.

2-оқушы: Біз-жігерлі халықпыз ХХI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін.

3-оқушы: Тәуелзіздіктің алғашқы жемістерін көргенге дейін Қазақстанға мемлекеттің өзін танытудың тар жол тайғақ кешуінен өтуге тура келді.

4-оқушы: Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін  үлгі өнегеге айналды.

2-жүргізуші: Елбасымыздың құрметіне арналған 2 «а» сынып оқушыларының орындауында  әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеуін ұйымдастыра білді.

2-жүргізуші:  Бұл –қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы. Осы мақтанышымызға оқушыларымыздың Елбасына арнаған өлең шумақтарын тыңдаңыздар.  (өлең шумақтары оқылады)

1-оқушы:

Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен, Елі –дархан, Ері-жайсаң,  дүр екен.

Қиын өткел, тар жол, тайғақ кешуден, Қазақ үшін қыр асырған –Нұрекең.

Алып дала туған дана ұл екен, Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен!

         Қала салған, егін еккен, мал баққан, Дәулетті елдің нар тұлғасы –Нұрекең!

2-оқушы:

Даласында достық іздеп жүр екен, Дуалы ауыз, басқан ізі гүл екен.

өз халқының кең пейілі сияқты, күллі әлемді құшаққа алған-Нұрекең!

Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем, Аты да оның, заты да оның нұр екен!

Темірқазық-адастырмас Алашты,Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!

3-оқушы:

Елбасы –төбеңдегі бақ жұлдызың, Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен  сара тіліп. Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Көп ұлтты Қазақстан ерді ұлыға, Ұрпаққа ер еңбегі –мәңгі мұра!

Бір жерге барлық діннің басын қосып, әлемнің ықпал етті тағдырына.

4-оқушы:

Өмірдің судай ағып өзегімен, Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы-Назарбаев егіз ұғым, Жасайды мәңгі бірге өз елімен.

Нұр ағам өзі салған нұр қаланың, Сәулеті бағын ашты бұл даланың

Азаттық Елбасыны,Астананы Белгілі, «Бәйтеректе» жырлаған.

1-жүргізуші:

Ағайын, тәуелсіз еліміздің тағдыры  2030 барыс жылына  еліміз Қазақстан жайнай берсін!дей келе 2 «а» сыныбының орындауында «барыс» биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Елбасымыздың бойында ұлтымыздың барлық жақсы қасиеттері бар. Шешен десең –шешен, көсем десең-көсем, батыр десең,  кең байтақ жерімізді қорғап қалған бабаларымыздай  батыр. Біз сізге ұқсағымыз келеді.   Сізге деген сағынышымызды оқушыларымыздың  шығарған өлең шумақтарымен жеткізе білейік. (өздері шығарған өлең шумақтары оқылады)

1-жүргізуші:

Әлем елдерінің басшылары  мен саясаткерлерінің   Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. (лебіздер айтылады)

1-оқушы: Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясының Президенті: «Мен сізге алғыс білдіремін. Маған көрсеткен бүгінгі қошеметтеріңіз біздің елдеріміз арсындағы айрықша сенімге негізделген қарым-қатынастардың дәлелі болып табылады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге өмір сүрді. Соғыс кезіндегі және тың игеру кезіндегі барлық қиындықтарды тең көтерді.Достық, түсіністік, сыйластық тіні-міне осында.

2-оқушы: Ли Мен Бак, Корея Республикасының Президенті: «Корея Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге әзір. Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады, ал Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көшбасшы деп білемін. Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді.»

3-оқушы:Ислам Каримов,Өзбекстан Республикасының Президенті: «Өзбекстанда  Сізді  Қазақстан  тарихының  бетбұрыс  сәтінде саяси экономикалық  және әлеуметтік реформалардың барысында басшылық еткен аса көрнекті мемлекет қайраткері досы деп біледі әрі өзіміздің өзбек- қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан  үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі»

Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым- қатынастар әрдаиым тарихымыздың, мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің жақындығына негізделіп келеді.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.

 Ән: Атамекен.

 

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар Президентіміздің күні еліміздің, халқымыздың мақтанышы жыл сайын мерекені жарқын көңіл-күймен атап өтейік.

2-жүргізуші:

Президент күніне арналған кешімізге  келгендеріңізге  көп рахмет қонақтар!

Ән: Жаса Қазақстан!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
Біз еліміздің ертеңіміз
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Ұлт мақтанышы - Президент
Тәуелсіздігім-мерейім!
Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!
Наурыз - думан
« Елі сүйген ер »
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2507 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык