Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Компьютер және оның негізгі құрылғылары


Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Сабақтың  тақырыбы: Компьютер және оның негізгі құрылғылары

      Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     Оқушылардың  компьютердің негізгі құрылғылары  жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы    оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік:  Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктер : компьютер,  электрондық оқулық, таратпа,  интерактивті  тақта,  Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  а) ұжымдық әрекет;

                                           б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

                                           в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары :    а) Информатика деген не ?    ә) Компьютер деген не?;

     Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде  шолу :

  1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))
  2. ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм  )
  3. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)
  4. ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
  5. V буындағы элементтік  база? (Лазерлік сәуле, жасанды интелект)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

            Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы.  Сол жақ батырма – негізгі,

 оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін  құрылғы. Текстік  және бейнелік ақпараттарды  компьютерге  енгізетін  құрылғы.

Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.

Енгізу  құрылғылары :   пернетақта , тышқан , сканер

Шығару құрылғылары :   монитор, принтер, колонка

ІV. Тапсырмалар.    1.  Таратпалар :

Таратпаларды  толтыру  және  жауап беру  

2.  Жұмбақтар       1. Бар  нәрсеге  жетік

                     Миы  күшті  тетік

                    Ол  арқылы  сөйлесіп

                                            Кетесің  шетелге  де  өтіп          / компьютер /

                                       2.  Әдетте үнсіз  тұрамын

                    Белгі  берсең  ұғамын

                    Жазуы  бар  қағаздың

                    Құралы  боп  шығамын     / принтер /  

                 3. Компьютердің  айнасы

                  Бағдарыңды   таңдашы 

                  Сурет,  сөзін көрсетіп

                              Тиер  саған  пайдасы      / монитор  /

  1. Не қайда орналасқан ?  / интерактивті тақтада /
  2. Сөзжұмбақ  / интерактивті тақтада /

V. Үй тапсырмасын беру:

А) Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;

VІ. Қортындылау, бағалау:Оқушыларды  өзін - өзі бағалау парағы бойынша бағалау,  қортындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютердің қосымша құрылғылары
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Жас информатиктер
Баспа құрылғылары. Сканер
Информатика әлемінде сайысы
Білім баспалдағы
Paint графикалық редакторы
Ақпарат енгізу манипуляторы (тышқан, сканер, джостик,)
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөлігі
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 15600 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык