Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас информатиктер


Жас информатиктер

Жас информатиктер

Сайыс тақырыбы: «Жас информатиктер»

Сайыс мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше ілім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, түрлі-түсті қағаздар, плакат, маркер, видеоролик.

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Әлемге ақпараттың шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің,

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын – деп бүгінгі Информатика пәнінен өткізілетін «Жас информатиктер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділдікпен баға берер сіздерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға дей отырып, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Габдуллина А.А.- мектептің оқу ісінің меңгерушісі.

Жуминова Э.М.-математика пәнінің мұғалімі.

Амангельдиева А.Т.-математика пәнінің мұғалімі.

Жүргізуші:

Бас иіп топ алдына шығатын,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Білімдерін паш етер командалар,

Сәті келіп қалғандай сәлемдесу, - деп сайысымыздың І кезеңі «Сәлемдесуді» бастайық. Сөз кезегін «Монитор» және «Операциялық жүйе» топтарына береміз. (әр топ өздерінің тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Тапқырлық пен жылдамдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі екінші кезеңді бастайық.

ІІ кезең: «Кім біледі?»

Ойынның шарты: Әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.

І топқа

1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, аяндау, мәлімет дегенді білдіреді.(иә)

2. Ақпаратты сақтау үшін адамдар қағазды қолданады. (иә)

3. Адам ақапаратты сақтай алмайды.(жоқ)

4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады.(жоқ)

5. Компьютер-ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал. (иә)

6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.(жоқ)

7. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)

8. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ.(жоқ)

9. 1 байт 8 битке тең. (иә)

10. Процессор – компьютердің миы. (иә)

11. Сервер – компьютерлік желілердің орталық қорабы болып табылатын компьютер. (иә)

12. Қатты диск – ақпаратты уақытша сақтау құрылғысы. (иә)

13. Мәтін тергенде сөздердің арасында бос орын пернесін басу керек. (иә)

14. Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын асқаратын басты бағдарлама. (иә)

15. Бас мәзірді шақыру үшін себетті ашу керек.(жоқ)

ІІ топқа

1. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (иә)

2. Мәтін дискіде көп орын алады. (жоқ)

3. Монитор – компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы. (иә)

4. Сканер – ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)

5. Суперкомпьютерлер үйде қолданылады. (жоқ)

6. Жедел жады – компьютерде ақпаратты уақытша сақтау жады. (иә)

7. Монитор – ДК-дің сыртқы құрылғыларына жатады. (жоқ)

8. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (иә)

9.  1 Килобайтта 1024 байт бар. (жоқ)

10. Компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін дыбыс картасы керек. (иә)

11. 1 килобайт 8 битке тең. (жоқ)

12. Компьютерде ақпаратты сақтау үшін жады керек. (иә)

13. Терезе – экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы. (иә)

14. Жарлық – нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. (иә)

15. Видео түріндегі ақпарат дискіде ең аз орын алады. (жоқ)

ІІІ кезең «Егер де мен болсам....»

Егер олсаң мамандықтың иесі,

Не істер едің бұл өмірде жүйелі.

Асыл тастан өнер жастан шығар деп,

Бабам айтқан баба сөзі киелі.

«Құпиялы сандықшадағы» сұраққа 1 минут ішінде жауап беру керек. Топ мүшелері ойланып, ақылдасып жауап береді.

Сұрақ: тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?

Ол үшін 8 зат берілген: табақтағы су, сабын, орамал, парақ, спирт, мақта, отвертка, қайшы.

Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны таақтағы суға салып жуып, орамалға сүртіп, парақ бетіне әден кепкенше қоямыз. Ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

IV кезең. «Сен маған, мен саған» сайысы.

Бұл сайыста оқушылар үйден қарсылас топқа үш сұрақтан дайындап келеді. Сол сұрақтарын қалаған қарсыласына қояды. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

V кезең. «Айтыс»

Білімдіден шығар алғыр, шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Келесі сайыс түрі – айтыс. Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған топ мақтайды, көк алған топ даттайды. Тақтаға «компьютер» сөзі ілінеді. Бір топ компьютердің пайдасын, екінші топ зиянын айтады.

VI кезең. «Тапқырлық».

Екі топқа кезек-кезек жұмбақтар жасырылады. Дұрыс жауаын тапқан топқа 10 ұпай қосылады.

Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады. (сканер)

Өзі темір, жаны жоқ,

Ақпаратты санап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (жүйелік қорап)

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. (тышқан)

Бар нәрсеге жетік,

Миы күшті тетік.

Ол арқылы сөйлесіп,

Кетесің шетелге де өтіп. (компьютер)

Әдетте үнсіз тұрамын,

Белгі берсең ұғамын.

Жазуы ар қағаздың, құралы боп шығамын. (принтер)

Компьютердің айнасы,

Бағдарыңды таңдашы.

Сурет, сөзін көрсетіп, тиер саған пайдасы. (монитор)

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.(меңзер)

VII кезең. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»

Экранда берілген сөздің әріптерінен әртүрлі сөздер құрастыру. Көп сөз құрастырған топқа сәйкесінше әр сөзге 5 ұпай саны қосылады.

БАҒДАРЛАМАЛАНҒАНДЫҚТАН

Марапаттау.

   Бүгінгі көріп, тамашалаған «Жас информатиктер» сайысы өз мәресіне жетті. Қорытындылау және марапаттау үшін келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Зейін қойып тыңдағандарыңыз, атсалысып қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын!!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Информатика және өмір.
Информатика әлемі
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлемінде сайысы
Информатика әлемі
Көңілді тапқырлар
Көңілді тапқырлар
Информатика патшалығында
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3361 | Қосты: Досанова Биганым Бериккалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык