Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құрақ көздерін біріктіру


Құрақ көздерін біріктіру

Cабақтың тақырыбы:Құрақ көздерін біріктіру

Сабақтың міндеттері:

а)Білімділік: Құрақ түрлерімен таныстырып, құрақ көздерін біріктірудің әдіс-тәсілдерін, оны біріктіріп көріп, жұмыс жасауға және жоспарлауға үйрету.

б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс-жүзінде (практикада) шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.

в)Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамадарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті терең, жеке тұлға тәрбиелеу.

 Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау жолын үйрету.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың типі: Икемділік пен дағдыны қалаыптастыру.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, зерттеу, қайталау, жүйелеу, сарамандық жұмыс.

Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, геометрия, математика, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: топтамалар, үлестірмелі кеспелер, мақал-мәтелдер, тірек-схемасы, технологиялық карта, бағалау көрсеткіштері, тест сұрақтары.

Керекті құрал-жабдықтар: Қайшы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, бояулар, үлгі шаблондар, қағаз, бор, мата түрлері, ине, жіп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақыт қайталау.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

V. Жаңа сабақ.

VI. Сарамандық жұмыс.

VII. Қорытындылау.

VIII. Оқушыларды бағалау.

IX.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, кезекші арқылы түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың тәртібін реттеу, қадағалау.

ә) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын сайлау.

1 топ: «Ботакөз», 2 топ: «Жұлдызша».

ІІ Үй тапсырмасын «Брейн ринг» ойынын (топтыстыру техникасы) арқылы сұраймын. Тақтаға алтыға бөлінген секторларды ілемін. Әр сектор нөмірленген. Алты оқушыға алты тапсырмасы бар үлестірмелі кеспелер тапсырмаын.

 

 

Нүктесі бар кубикті ортаға тастағанда қай нөмір шықсасол нөмірді ашады. ал өз нөмірлеріне жауап бермесе басқа оқушы жауап береді. Барлыөқ сұрақтарға жауап берілген соң,и дөңгелек сектордың барлық нөмірі ашылады. Құрақтың суреті шығады. Енді бұл қандай құрақ екенін табу керек.

а)Сұрақтары:

1.Құразқ дегеніміз не?

2. Құрақ түрлерін  ата?

3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?

4.Құрақ құрауда түстердің үйлесімділігін не деп атайды?

5.Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

6. Құрақтан қандай бұйымдар жаслаған?

б)« Жалғасын тап» ойыны.

(мақал-мәтелдер)

Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғасын жалғасытрады. Қай топ жалғасыра алмаса, сол топ ұпай алмайды.

1.Бүгінгі істі.............қалдырма.

2. Жеті рет өлше,............... кес.

3. Өнерілден үйрен, өнерсізден................. .

4. Еңбек етсең ерінбей, ................. тіленбей.

5. Еңбегің сайлы болса, ішің.................болар.

6. Бірлік болмай.................болмас.

7.Қыз еркем, ....................... көркем.

8.Өнерлі болу зейнеп. Өнерсіз болу.................

9.Талаппен  бастап ............................ аяқта.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Ал, балалар осы мақал-мәтелдерде айтылғандай, әрбір істе талғаммен, ептілікпен, шеберлікпен жасауға тиістіміз. Құрақ өнері де біздің бойымыздан осындай қасиеттерді талап етеді. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.

    Біріншіден, мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді.

    Екіншіден, үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құақтың бірнеше бар: ботакөз, шатыргүл, сегңзжапырақ, тырнақтар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, қайшы т.б. Матаның үйлесімділігіне, қиюласу өрнегіне қарай құпақты топтарға бөледі.

Құрақ түрлерімен таныстырып өтемін

Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.

    Орыс халқы мата қиындыларнынан «Лоскутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, тесеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлттық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр.

IV Жаңа сабаққа кіріспе.

Құрақ құрау үшін оның әдіс тәсілдерін білуіміз керек.

Құрақ құрау схемасы.

V Жаңа сабақ.

    Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін  анықтау үшін оны түс таңдай отырып бояп аламыз.

    Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны сызбаүлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша  рет-ретімен әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін тігіп аламын.

    Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

VI Сарамандық жұмыс.

«Сегіз жапырақ» құрағын құрастыруға арналған технологиялық  карта. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

VII Жаңа сабақты қорытындылау.

Берліген бес сұрақ, төрт жауабымен беріледі.

Әр топқа координаталық бұрыш беріледі.

Көлденеңінен сұрақтар, тігінен жауап нүктелері белгіленеді, сол нүктелерді қосып график сызамыз.

Тест сұрақтары.

1.Мата қиындыларынан дайындалатын сәндік қолданбалы өнер түрі.

а) текемет

ә) түскиіз

б) құрақ

в) сырмақ

2. Құрақ құрағанда қодданылатын құрал-жабдықтар.

а) біз ине, кергіш, жіп, сурет түсірілген мата, қармақты біз.

ә) қайшы, ине – жіп, сызығыш лента, мата, картон-үлгілер, бор.

б) тоқитын станок, қайшы пышақ, тоқпақ ине.

в) желім, таспа баулар, ою үлгілері, ине қайшы.

4. Европа елдерінде құрақты не деп атайды?

а) лостукная техника

ә) құрақ

б) сашико

в) пэчверк

5. Құрақ барыснда адам неге үйрененді?

а) үнемділікке, шыдамдылыққа

ә) ептілікке, жылдамдыққа

б) ісқорлыққа, әсемдікке

в) тапқырлыққа, ұшқырлыққа

VIII Оқушыларды бағалау.

Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақта мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.

Қас шебердің қолы ортақ,

Ұрпақтарға жалғасқан.

Зердеңе болса – сол атақ,

Болашақта жетер қалмастан

Әже менен анадан,

Мирас болған-бұл өнер.

Ұрпақтан озып ұрпаққа.

Кете берер бұл өнер.

Оқушыларды бағалаймын.

IX Үйге тапсырма: түрлі-түсті мата қиындылары, үлгі шаблондар, қайшы әкелу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ана
Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен
Бүрмелі қалта
Бүрмелі қалта
Құрақ құрау әдісі
Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы
Халық қолөнері. Кебеже жасау технологиясы
Шым кесте тігу
Киіз үй жиһаздары
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5074 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык