Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы


Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы

Тақырыбы Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы

«Құрақ құрау- қазақтың келешегі, бүгінгісі,ертеңі.»   Б.Момышұлы.
Мақсаттары:  б)  Оқушылардың құрақ туралы білімдерін жетілдіру,құрақ қиындыларын әзірлеуді,
 түстерді таңдай білуді,қиюды, дұрыс біріктіруді үйрету.
    Д)Оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру,құрақты біріктіруде
                                     ептілік,икемділігін дамыту.
                                Т) Халқының өнерін ,дәстүрін бағалай білуге,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу. 
                                     Оқушының  бойына эстетикалық талғам қалыптастыру.
С .түрі:  аралас сабақ
С .әдісі:  түсіндіру,сұрақ-жауап,орындату,сто –ды дамыту,сарамандық.
Пәнаралық  байланыс: тарих,геометрия,әдебиет,бейнелеу.
Көрнекілігі :дайын бұйымдар, шағын көрме.
Құрал –жабдықтар:мультимедиа,қайшы,сызғыш,қатты картон,түрлі-түсті қағаз,желім.
Сабақтың  барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық  дайындық.
II.Өткен сабақты пысықтау. Миға  шабуыл.
1.Құрақ өнері жайлы не білеміз?
2.Құрақ дегеніміз не?
3. Құрақ құраудағы мақсат қандай?
4.Құрақтың ерекшелігі неде?
5.Бұйымды сәндеуге не пайдаланамыз?
6.Құраққа қойылатын талап қандай?
7.Құрақ неше топқа бөлінеді?
8.Құраққа мата қалай таңдалады?
9. «Бір уыс мақта»  және  «Әке мен бала»  әңгімесін талдау.
III.Жаңа сабақ.Құрақтың  түрлері: құрақтың 200-ден астам түрібар.Соныңішіндеүшбұрыш,төртбұрыш,аққу,шахмат,жұлдызша құрағы ел ішінде кең тараған.
Жапырақ ,сегізжапырақ құрақтар қонақ бөлмелердегі бұйымдарға қолданылады. Шиқұрақтар ,шахмат,Тырнақатарды төсекке салады.Аққу  жас жұбайлардың шымылдығында,тұскиіз өңіріне қолданылады.
Құрақтың қолданылуы: майлық,көрпе,жастық,аяққап,дорба,киімдерге қолданса,қазіргі кезде сөмке,
Дастарқан,қолғап,әмиян,аяқ киім,ойыншық,түрлі жапқыштарда қолданылады.
Құрақ атаулары: қазақ халқында құрақ (15-16ғғ) дамыған,Еуропада «Пэчворк», орыс халқы «лоскутная
техника», жапон халқы «Сашико» деп атаған. Құрақ техникасы АҚШ,Германия,Швеция елдерінің мұражайында кездеседі, Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақтан жасалған бұйымдар бар.
Құрақ құрау кезінде қойылатын талап- ол мата болшектерінің симетриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Енді сол түстердің «Түстер шеңберінде» орналасуына тоқталайық, түс екі топқа бөлінеді. Ол жылы және суық түстер деп аталады. Бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен орналасса өрнек әдемі түседі.
IV. Сарамандық жұмыс.
«Айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады, өзіме істетсең үйреніп аламын» Конфуций.
1. Қауіпсіздік ережелері
2. Нұсқау карта
V. Сергіту сәті. «Құрақ» тақырыбына ой-толғау (эссе, өлең)
VI. Графикалық диктант.
1.құрақ түрлі маталардан тұрады.
2.егер көлемі әр-түрлі болса ше?
3.қайшы сұраушыға сабымен беріледі.
4.көрпеше құрақтан тұрады.
5.дөңгелек кескін құрақта қолданылады ма?
6.құрақта симметриялық сақталмайды.
7.жұмыс барысында т.қ.е. сақталу керек пе? 
VII. Бекіту. «Гүл теру» ойыны арқылы.
1.Құрақтың түрлері қандай?
2.Еуропа халқында құрақ қалай аталады?
3.Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады?
4.Жас-жұбайлардың шымылдығына қолданатын құрақ түрі.
5.Түстер неше топқа бөлінеді?
6.Колорит деген не?
VIII.Ой толғаныс. Тест
IX.Бағалау.
X.Үйге тапсырма. «Менің қиалымдағы құрақ» шығармашылық жұмыс.
XI.Қорытынды. «Менің көңіл күйім»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ана
Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен
Аққу
Қазақ еліне саяхат, Сан есімдер
Бүрмелі қалта
Бүрмелі қалта
Құрақ құрау әдісі
Құрақ көздерін біріктіру
Киіз үй жиһаздары
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3951 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык