Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен


Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен

Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен

Батабиева Рая Рашқызы

I санатты технология пәні мұғалімі

ЕлбасыН.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқына  жолдауында   «Болашақта  XXI  ғасырда  тек  еңбек  қана  барлық  Қазақстандықтардың  әл-ауқатқа  және   жаңа    өмір  сапасына  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ете  алады»  деген  болатын. Олай  болса,  бүгінгіоқушы-ертеңгі өндірісрезерві. Еңбекті ұйымдастырушы, әріорындаушы. Мектептеоқушыныеңбекке, кәсіпкеүйретуқазіргібілім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі.  [1.4] слайд - 1

Кәсіптік бағдар беру  қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Өйткені, кәсіпті дұрыс таңдау  адамның адамгершілік қасиетін өтеу емес, ол жоғары еңбек өнімділігі, шығарылатын өнімдердің жоғары сапалылығы, өз ісіне шын берілуі, істі нарыққа кәсіпке бейімдеу және кәсіпке оқыту негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. сабақтарында оқушылар жан-жақты дүние талпынысын қалыптастыра отырып, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды меңгереді. Оқыту барысында Технология технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипатталып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады. Осыған орай, технология пәнінен білім беруде оқушы бұрынгыдай оқу бағдарламасын игеруші,мұғалім балаға жеке пәннен білім беріп қоймайды,жеке мамандықты меңгеретін тұлғаны да қалыптастырушы.Технология пәнінің негізгі мақсаты - оқушыны өмірге дайындау,бәсекеге қабілетті,еңбекті жаны сүйетін ұрпақ өсіру.  слайд - 2

Технология білім саласын меңгерту оқушылардың жалпы біліммен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді.Сондықтан,мектептегі технология бағдарламасының мазмұны мынадай міндеттерді шешу керек.

-Халықтық қолданбалы қолөнер туралы түсінікті қалыптастыру.

-Ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру.

-Халықтық қолданбалы қолөнерге,ұлттық мәдениеттілікке оқушылардың сүйіспеншілігін ояту.

-Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта орындалған бұйымдарды жасауды үйрету тағы сол сияқты. Технология пәнінде оқушылар кейде бірлесіп топтық,кейде жеке-жеке жұмыс істейді. Еңбек әрекетінің бұлайша ұйымдастырылуы оқушыларды өзіне берік сеніммен,жауапкершілік,шығармашылық қызығушылығын дамытып қана қоймайды,өзара достық қарым-қатынасты,ұжымдық ортақ еңбек арқылыұйымшылдыққа,тәртіптілікке баулиды,яғни өзіне тапсырылған жұмысты орындауда оқушы көпшіліктің жұмысына нұқсан келтірмейтіндей орындауықажет. Бұл оқушының еңбекке саналы көзқарасын,жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Өз қолынан шыққан бұйымға деген қызығушылығы артып,эстетикалықталғамы оянады. Өз ісіне мақтанады,сенімділік туады,іске деген құлшыныс болады.Осындай істер нәтижесінде байқағаным:

-оқушылардыңқолөнергедеген қызығушылығы пайда болады;

-өз қиялы,өзіндік пікірі,өз көзқарасы қалыптасады;

-шеберлік,іскерлік дағдылары қалыптасады;

-еңсоңындакәсіби шеберлігі өседі;

-қиындықтардышешеалатындай қабілет қалыптасады.

Ұлы  Абай  кезінде  «Бай  болғың  келсе өнерді  үйрен»   деген,  оның  сөздері  менің  пікірімше  ,қазіргі  білім  берудің  идеологиясын  дәл  көрсетіп  тұрғандай..  [2.368]

Білім мен тәрбие берудің негізгі орны-сабақ.Ондағы негізгі тұлға-мұғалім.Ал сабақ беру қазіргі жағдайларға сәйкес шығармашылықпен өзгертіп отыруға тиісті.Мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің  негізгі талабы екені баршамызға аян. Технология пәнінде еңбек әрекеті екі бағытта дамиды.Бірі сабақ процесінде жасалған еңбек,екінші олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. слайд - 3

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар-еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы екені даусыз.Елбасы « Қазақстан экологиялық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады»деп көрсеткен болатын.  Кәсіптік бағдар беруге үйірме,олимпиада,оқу-тәжірибе участогіндегі және топтық, ұжымдық  жұмыстарды жатқызуға болады.Ал,жеке оқушымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарына мамандық жайлы шығармашылық жобамен,баяндама жасау,сыныптан  тыс   қоғамдық  пайдалы   еңбекке тапсырмалар беру жатады.Жеміс- көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы тарауы бойынша теориялық білімдерін, практикалық байланысы агробиологиялық, экологиялық түсініктерін дамыта отырып, мектеп тәжірибе учаскесінде жерді күтіп- баптау агротехникасымен таныстыру өздеріне топырақ қабаттарын өңдеу, аударып жерді қол мен күрекпен аудару, тереңдігін, енін, ұзындығын өлшеп үйренеді. слайд - 4

Тыңайтқыштардың өсімдік, көкөністердің  өсуіне тыңайтқыштарды пайдалану әдістерін меңгереді. Өнімдерді (картоп, сәбіз, қызылша т.б ) күтіп-баптауды үйренеді. Әрі жерді өңдеудің қыр-сырын меңгереді. Сол себепті де мектептің материалдық базасына байланысты 20% өзгеріс енгізіп,осы бөлімді тереңдетіп І тоқсанды тереңдетіп, ІҮтоқсанда оқытудамын.

Сабақтың тақырыбы: Тұқымдарды ажыратып тану, дайындау, гүл егу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік - гүлдердің пайда болу тарихынан мағлұмат беру. Гүл түрлерімен, гүлдердің тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін үйрету.
  2. Дамытушылық - оқушылардың  ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.
  3. Тәрбиелік -  еңбек мәдениетіне, іскерлікке ұқыптылыққа өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне  жауапкершілікпен қарауға үйтеру. Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, биология, химия.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тұқымдар, гүл тұқымдары, тыңайтқыш түрлері.

Қажетті құралдар: күрек, кетпен, тырма, тыңайтқыш.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Бүгінгі сабақтың  ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;

2. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ. Сұрақ-жауап арқылы  өткен сабақты пысықтау.

Гүлге қандай тыңайтқыш керек:

  1. Өсімдік шіріндісі
  2. Құс саңғырығы
  3. Шымтезек
  4. Көң.

Гүлдің түрлері:

  1. Шырмауық                                      5.Раушан
  2. Нарғызгүл                                       6.Жабайы  роза
  3. Күнгүлі                                            8.Намазшам
  4. Кене гүл                                           9.Итмұрын

ІІІ. Жаңа сабақ: Теориялық бөлім.

Адам баласы үшін гүл тек мейрамда ғана емес, күнделікті қажет зат. Табиғаттың бар әсемдігі гүл бойынан табылады. Мәдениеттің дамуына байланысты қазіргі елімізде гүл өсірмейтін елді мекен кемде-кем. Гүлбақша бөлімі бұл бөліктен негізінен біржылдық емес көпжылдық тамыр түйнекті өсірген тиімді. Гүл шаруашылығында бір жылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер өсіріледі. Әр өсімдіктің өсу мерзімі оның  гүлденіп тұру уақытына тікелей байланысты. Көптеген  гүлдердің  гүлдеу мерзімі бір аусымға, яғни бір күзге созылады. Сондықтан мұндай гүлдерді бір жылдық  деп атайды. Бір жылдық гүлдер тобына  алғашқы жыл ғана  гүлдеп, өмір сүретін өсімдіктер жатады. .  [3.18] слайд - 5

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Тәжірибе үлескесінде жүргізілетін жұмыстың мақсаты оқушыларға тәжірибе жұмысын жүргізе отырып, білімін тереңдету.  Біздің тәжірибе үлескеміз 3 бөліктен тұрады.

  1. Егістік бөлігі: Гүлдер.
  2. Көкөніс бөлігі: қызанақ, қияр, асқабақ.
  3. Жеміс-жидек бөлігі: шие, сары өрік, бұхар жидесі.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Балалар, «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз» деп Елбасымыз айтқандай, туған ауылымыздың гүлденіп жайқала беруіне өз үлесімізді  қосайық.

ҮІ. Бағалау.

Үй мәдениетін, тұрмыстағы техника тарауыбойынша оқушылар әр заттарды   ол үшін шеберханада керекті еңбек құралдарын пайдалануды үйрену арқылы, кез-келген қарапайым құралдарды  күрек, қалақ, нан тақтай, киім ілгіш, тамақ әзірлеу, киім тігу, құрақ құрау, көрпе жасау, тігіс түрлерін меңгере отырып, оқушылардың кәсіби білімдерін арттыру үшін жазғы еңбек практикасында көрпе жасаумен жалғастырады. Қой жүнінен жасалған көрпелер өзінің гигиеналық тазалығымен, төзімділігімен, жылылығымен, жеңілдігімен ерекшелетіндігі сипатталады. Оқушылар көрпе жасаудың толық технологиясын меңгеріп шығады. Сонымен қатар жергілікті жердегі немесе басқа да тұтынушылардың сұранысын талапқа сай, сапалы әрі уақытылы қанағаттандыру үшін , нарықтағы бәсекелестердің бағасын ескеріп және кететін экономикалық шығымын есептеп шығаруды үйренеді. Жылма-жыл  еңбек  практикасында   9-10  сынып   қыз  балалары  көрпе  тігу  технологиясын  толық   меңгеріп  шығады.  Осы  оқу  жылында     30  көрпе  дайындалып,сатылды.  Түскен  қаржыға  2  тігін  машинасы  және  жиырма  метр  мата сатып  алынды. Алынған  маталардан  алжапқыштар  тігілді.

слайд - 6

Қай халықтың болмасын ұлттық өзіндік әуені, салт-дәстүрі, қолөнері сол ұлттың мәртебесін биікке көтереді.Ендеше баланы, әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттеріміздің бірі болып табылады.Ұлы Абай атамыз 33-қара сөзінде былай дейді:«Егер мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.» «Мал жұтайды, өнер жұтамайды».Алдау қоспай, адал өнерін сатқан қолөнер -  қазақтың әулиесі сол». слайд - 7

«Әулие» деген қазақтың түсінігінде ең құдіретті, қасиетті, киелі адам деген мағынаны береді.Бұл қара сөзінде Абай өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп әулиеге теңеп отырған.Мысалы, өнерлі адамдардың қолымен жасалған әдемі заттарын киелі деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзінің өсіп келе жатқан балаларымен немерелеріне мұра қылып қалдырғаны белгілі.Бұл дәстүр біздің елімізде ғасырдан ғасырға жалғасын табуда. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнер тамған» нақты кәсіп иесі болуын көздеу басты мақсаттардың бірі.Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты – жылдап өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бардарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауап, шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Осы жұмыстың негізі мектеп қабырғасында, оның ішінде технология пәні барысында жүзеге асады.

слайд - 8

«Өнеркөзі халықта», «Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ», оны жаңғыртып,оқушыларға үйретіп,іске асыру біздің парызымыз.сондықтан әр түрлі қолөнер бұйымдарының әсемдігі,өрнегі тұрмысқа сән берумен қатар адамдарға рухани ләззат әкелген,шебердің қолыныан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатарсол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі болмақ.Әрбір оқушыны өзінің қабілет қарымына қарай қолөнергебейімдеудің,іске икемдеудің маңызы зор.Бұл болашақ оқушыныөмірге бейімдеп,мамандық меңгерудің алғы бастамасы болады. слайд - 9

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Оқушыларғақұрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясынүйрету.

ә) тәрбиелік:    Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу

б)дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген  қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс   

Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.

Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз,  үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш        

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына  мән беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»   

Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.

І.Ою-өрнек сұрағы:

1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)

2) Өсімдік тектес оюларды ата  (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)

 3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою?   (Балта)

4)  Магиялық ою қалай аталады?  (тұмарша)

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.

Сегізжапырақ

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа,  тәрбиелілікке мән беру.

      Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.

     Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған.  Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен  сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.

Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.

Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы..

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

«Алтын қақпа» ойыны. Алтын сандық ішінен құрақ суреттері беріледі. Шарты бұл  құрақ атауын атау

Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?

1. Майлық.       3. Әмиян.      5. Көрпе.                  7. Жастық тыс.      9. Сәндік сөмке.

2. Дастарқан.    4. Қолғап.     6. Қазан ұстағыш.    8.Аяққап.

Құрақты қалай,қай жерде  қолданыуға болады?.

1. Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.  

 2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға  дайындалады.

3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.

4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған.

Қосымша мағлұматтар беріледі. Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған  құрақ құрауЕуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады.

-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха».

-Жапон халқында «Сашико» дейді1.    2.   3.

Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру») қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Отаны Индия елінен табылған.

Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі.

Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақпен жасалынған бұйымдар және бар.

ІV.Сарамандық жұмыс.

 «Талаппен бастап,

Талғаммен аяқта!»

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз. Алдымен жұмыс орнын ұйымдастырып аламыз.

  • Инені киімге қыстыруға болмайды.
  • Иненің жібін  тіспен үзуге болмайды.
  • Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
  • Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
  • Қайшыны ашық тастама.

Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.

Құрау технологиясы:

1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Алдарыңа қатырма қағаз қиындыларын беремін. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түрлі түсті қағаздан түс таңдай отырып, қиямыз
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, қиып аламыз.
4. Қиылған қатырма қағазы өрнек бойынша рет-ретімен: - әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді қағазға қойып аламыз

Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.

VІ. Сабақты бекіту .Сұрақтары.

1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

 2. Құрақты апа-әжелеріміз не себепті құраған?

3. Құрақтың түрлері қандай?

4. Қандай елдерде құрақты пайдалана білген? Қалай аталады?

  5. Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады?

«Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң,қолдан келмейтін іс жоқ.VІІ.Оқушыларды бағалау. Белсенді  араласып, сұрақтарға жауап берген,  тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма. Қатырма  қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға түсіріп, көктеу

Мұғалімнің негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдылық әрекет әдістері мен дағдыларын меңгеру, ақыл- ой қабілетін жетілдіру.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет: слайд - 10

-өнердің арнайы ерекшеліктерін ескеру;

-жас ұрпақтың ұлттық қолданбалы өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;

-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеубағыттарын жүзеге асыру;

Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы  орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренеді.Ауылды түлетуге ауыл баласы аянбауы керек,шындығында жастық жігерімізді ынта-ықыла–сымыздытуған жерге арнап,диқандық кәсіптіңмәртебесін көтеру бізге парыз емес пе?

слайд - 11

Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан- жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға бастай білген олардың еңбектеріне сүйсінгеніміз абзал.

Менің ойымша, қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпке жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан кәсіптік бағдар беру жұмысын үлкен жауапкершілікпен жүргізу – өмір талабы. Осыған орай ұжымдағы әрбір мұғалім оқушының бойындағы қабілетті аша білуіне және дербес тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуге жауапты деп санаймын. Ойымды  түйіндей  келе,  еліміздің ,  жеріміздің,  халқымыздың  болашағын  ойлап, оны  қадірлей  білетін  жас  ұрпақты  балғын  кезінен  тәрбиелейік  деген  оймен, А.Байтұрсыновтың   Басқадан  кем  болмас  үшін  біз  білімді  ,һәм  күшті  болуымыз керек. Білімді болуға  оқу  керек. Бай  болуға  кәсіп  керек   деген  сөзін  әр  кез  есте  ұстау  қажет. слайд - 12

Күтілетін нәтиже

1. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен  практикалық әрекеттері арқылы дамуы.

2.Дарынды және талантты оқушылар үшін қабілетін әрі қарай дамытуға жол ашылады.

3.Ұжыммен жұмыс жасауға,өзін-өзі реттеуге дағдыланады.

4.Білгенін өмірде пайдаға асыруды үйренеді.

 5.Қабілетіне қарай,мамандыққа ие болуына бағыт беру. слайд - 13


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі
Сәндік қолданбалы өнер
Ою-өрнектер ою әдісі
Су моншақтары
Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану
Құрақ құрау әдісі
Құрақ бөлшектерін дайындау технологиясы
Жобаны таңдау, негіздеу
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Құрақ көздерін біріктіру
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4532 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз