Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 7835 |
|
|
|
Дарындылар додасы сценарий
Дарындылар додасы
«Атамекен толғауы» Ахметқали Шерхан
І жүргізуші:
Өнер менің – бар өмірім, шындығым,
Көкте самғап қыран құсы сындымын.
Шын тұлпарлар оза шауып бәйгеде,
Шын дарындар сынға түсер күн бүгін!..
ІІ жүргізуші:
Ең айшықты әлеміндей үлгінің,
Өнерлі жан жеңе алады бірді мың..,
Дән – қауызы бүршік жарып дарынның..,
Үздіктерден үздік шығар күн бүгін!..
І жүргізуші:
«Дарындылар додасы» дейд білгендер,
Өнерімен кірпік-нәрін ілгендер,
Бар өнерін өздеріңе сыйлайды,
Бақ-талаптың шын тұлпарын мінгендер!..
ІІ жүргізуші:
Мектебімізде наурыз айының 13-і мен сәуір айының 18-і аралығында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдай білу мақсатында ұйымдастырылған «Дарындылар додасы» сайысы өз мәресіне жетті.
І жүргізуші:
Шығады әркез сайыскерге сын алдан,
Би менен күй, қылқалам мен жыр-қалам,
Сиқырлы әлем, саз әлемі, қолөнер
Бір шаңырақ жеті уықтан құралған!..
ІІ жүргізуші:
«Сиқыр әлеміне саяхат» таңқалдыру сағаты;
«Сырлы биім –елге сыйым» би байқауы;
«Күй -шежіре» байқауы;
«Жыр жазамын жүрегімнен» ақындар мүшайрасы;
«Қылқалам-өмір» суретшілер туындысы;
«Саз әлеміне саяхат» ән байқауы;
«Еңбек -өнер өрісі, өнер - өмір жемісі» қолөнер туындылары номинациясы бойынша сарапқа салынды.
ІІ жүргізуші:
Іріктеу кезеңінен өткен жарыскерлер өз өнерлерін ортаға салады. Өнегелі оқушының өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:
І жүргізуші:
1. Көбенов Жарасхан Жайлыбайұлы- мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
2. Мұстафина Шаттыгүл Ысқаққызы – музыка пәні мұғалімі;
3. Құдайбергенова Дина Құдайбергенқызы- технология пәні мұғалімі;
4. Құдайбергенова Ақтолқын Сағитжанқызы- шығармашылық жетекші;
5. Ермағанбетова Бақытгүл Нұрланқызы- көркемдік жетекші.
ІІ жүргізуші:
Өнер- өзен. Мөлдір суы жиі ақты..,
Сол өнерден барша жандар сый апты..,
Мың бұралған бишілердің осынау
«Сырлы биі – елге сыйы» сияқты
Сахнаға татар биімен «Балдырғандар» тобын шақырамыз.
І жүргізуші:
Қарсы алатын арайы мол таңдарды..,
Өмір сүйген өлең бар-ды, ән-барды!..
Сахнаға шақырамыз ендеше,
Жүрегімен жыр жазатын жандарды!..
ІІ жүргізуші:
Өз туындыларын көрерменге ұсыну үшін
Серікұлы Ақеділ,
Жұбатқан Айша,
Тілесова Самалды шақырамыз!..
І жүргізуші:
Сахнаны әсем әнге бөлейік..,
Өнеріне қол соғайық.., демейік!
Әуезді әндер әуелесін ендеше,
«Саз әлемге саяхат» жасап көрейік!..
Сахнаға Жайылғанова Тұрғанайды шақырамыз.
Ән:
ІІ жүргізуші:
Болу керек өнер- мықты, жыр егей,
Өнерліге мол табысты тілегей!..
Таңдандырып, тамсандырып баршаны
Таңқалатын сәттер келді, мінекей!..
Сахнада Жалғасбаев Рахман 5в сыныбы
ІІ жүргізуші:
Қылқаламмен сурет салу –сәлем бұл..,
Сыйатұғын кемел дүние, көлем-жыр..,
Жансызға да жан бітірген мәуелі,
Бейнелі әлем – ең әдемі әлем бұл!..
Сахнада Есетова Мариям 6б сыныбы;
Әлімжомартова Айдан 6а сыныбы;
Қалиева Арайлым
өздерінің төл туындыларын ұсынады!..
І жүргізуші:
Бишілерде талғам да бар, бар қанат,
Би әлемге ару қыздар қолқанат..,
Бишілердің «Катюшадай» биі бұл-
Ұлы Жеңіс мейрамына арналад!..
«Катюша» биі
ІІ жүргізуші:
Кездеседі өнер –еңбек жиі бұл,
Талғампаздық, әсемдіктің иі бұл!..
Қараңыздар мың ұғынып ендеше,
Ең шеберлі қолөнерші сыйы бұл!..
Сахнада:
қағаздан жасалған заттар, квилинг-оригами әдісі бойынша жасалғалған бұйымдармен:
1. Қарабалин Дәулет 6б сыныбы «Тауыс»;
2. замадина Нұргүл, Ақмырза Ақерке 11в сыныбы «Тоты құс»;
3. Ізбасарова Дильназ 5а сыныбы «Құмырадағы гүл» туындысымен;
4. 11 в сынып оқушылары «Гүлзарда» қолөнерін ұсынады.
Ілмек бізбен тоқу:
1. Әбдікәрім Жалғасгүл 6а сыныбы «Раушан гүлі»
2. Әділова Назерке 6б сыныбы «Ас үй жабдығы»
3. Қилыбаева Айнұр 6а сыныбы «Сәнді сөмке»
4. Молдағазы Назерке, Тасмағанбетова Ақмарал 8а сыныбы «Себеттегі гүл»
Бисермен жапсырмалау:
1. Мұхамедияр Гүлнұр 8а сыныбы «Таңғы ауыл», «Ақ көгершін»
2. Ілиясова Гүлбақыт және Бердібекова Фатима 8а сыныбы «Аяққап»
3. Жайылғанова Тұрғанай 7б сыныбы «Гүл бақта»
Кесте бойынша:
1. Әміржанова Айнұр 8 а сыныбы «Құмырадағы гүл»
Кәде сый (таспа, фетрдан гүлшоғы):
1. Мұратова Дана 5в сыныбы «Анаға сый»;
2. Кәдірбай Арай 8б сыныбы «Мерекеге сый»
Былғары, мата қалдығынан жасалған сәндік қобдиша:
1. Аманжолова Индира 9б сыныбы «Сәндік қобдиша»
2. Мұханбетжанова Ақбота 5в «Қобдиша»
І жүргізуші:
Ақындықтың асқар шыңы –дергеім,
Шәкірттерді келед әркез демегім..,
Мадияр, Әсемай, Ниетжан мен Қалдыбике,
Мүшайраға ұсынып тұр өлеңін!..
Сахнада Есімов Ниетжан,
Мажитов Мадияр,
Оралбек Әсемай
ЖолдасбаеваҚалдыбикені шақырамыз!
ІІ жүргізуші:
Бұл өнерден жібермеңдер енді есе,
Өнерлімен қатар жүрің теңдесе..,
Қабыл алың көрермендер қол соғып,
Ақботаның әсем әнін ендеше!..
Мұханбетжанова Ақбота 7б сыныбы « »
І жүргізуші:
Бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Күй өнері –кемел дүние, жанды да!..
Өнері мол Рахман сынды шәкірттің,
Жолдасы да, досы да әркез –домбыра
«Күй-шежіре» номинациясы бойынша Жалғасбаев Рахман « »
ІІ жүргізуші:
Сиқырлы әлем-шынары,
Бар өнердің тұмары,
Таң қалдыру сәтіне
Орналы Шериазден шығады.
(таң қалдыру сағаты)
І жүргізуші:
Өнер десе тысқары һәм шет тұрман,
Әдемі боп өсетұғын бек тұлғаң..,
Қолды соғып қарсы алайық ендеше,
Бишілерді Үнді елінен кеп тұрған.
Сахнада «Назерке» бишілер тобы
ІІ жүргізуші:
Шарықтаған әсем әндер-бақытың,
Жаны сырлы, жаны нұрлы жақұтың.,
Даналықты әсем әнін ұсынад:
Өздеріңе Дана сынды шәкіртің!..
Сахнада Ілиясова Дана « »
І жүргізуші:
Өнер-дәстүр, өнегелі ел-тұнық,
Өрнектейтін би-әлемге өң кіріп,
Тұрғанайдай ару-қызың билейді,
Ұлттық биді нақышыңа келтіріп!..
Сахнада Жайылғанова Тұрғанай қазақ биімен!
ІІ жүргізуші:
Таланттының өнеріне сүйсінем..,
Шабыт алып шынайының күйінен
Бишілердің тобы шықты сахнаға
Италянның ең икемді биімен!..
Италян биі
І жүргізуші:
Шын дарындылар танылып, талаптың тұлпарын мінген өнерлі шәкірттердің бәйгесі өз мәресіне жетті.
ІІ жүргізуші:
Сындарлы өнердің сапасын сарапқа салған алқа-ол, әділ қазылар кеңесі. Ендеше, сөз кезегі шынайы өнерді шындықпен әдіптеп бағалайтын сарапшыларға беріледі.
(Әділ қазылар алқасы)
І жүргізуші:
Еңбек нәрін төктіңіздер сіңімді,
Бір игілі іс жүргізгендей тынымды..,
Суретшілер, әнші-күйші, ақындар,
Жеңістерің құтты болсын бүгінгі!..
ІІ жүргізуші:
Бір туынды сыйлап міне еліңе,
Қуанышқа бөлеп бізді, сені де,
«Құтты болсын!» дейміз жеңіс-белесің
Қол өнер мен бидің шеберлеріне!
І жүргізуші:
Жетістік бұл, жүйесі мол қайнар-шың,
Жеңіс Туы –шаңыраққа байлансын,
Дарындылар додасы бұл дүбірлі,
Мектебімнің дәстүріне айналсын!
ІІ жүргізуші:
Дарындылар мен талантта шәкірттердің қабілетін шыңдайтын шығармашыл байқауларда кездескенше! Сау –саламатта болыңыздар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |