Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны


М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев   «Батыр  Баян»   дастаны

Сабақтың  мақсаты:
А) білімділік:  М.Жұмабаев шығармашылығын өз бетінше ізденіп оқуға, поэманы түсінуге және талдай білуге қалыптастыру. Тарихи деректер мен поэма мазмұнын астастыра отырып, Баян бейнесін аша білуге үйрету.
Ә)дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ойлау және көркем де дәйекті сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өз ой  пікірлерін оралымды, дәлелді жеткізуге, ізденімпаздыққа қалыптастыру.
Б)тәрбиелік: Баян  әрекеттерін бағалау, талдау барысында, Абылайдың тұлғалық сипатын ашуда оқушы бойында патриоттық сезімді ояту. Бауырмалдыққа,  адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжан суреттері, плакаттар, ойындар, семантикалық карта, сызбалар, әдеби деректер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, кино өнері
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойталқы, алдын ала тапсырма беру, талдау, зерттеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Сыныптың сабаққа қатысымын тексеру
Сыныпты топтарға бөлу /Даттаушы және жақтаушы топ/

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Әдебиет лотосы» ойыны


Автор Шығарма аты Кейіпкерлер  жағымды, жағымсыз Оқиға желісі Немен аяқталады? Қазіргі заманмен салыстыру
М.Жұмабаев Батыр
Баян Абылай
Ұса
Баян
Серен
Қанай би
Ноян
Тұтқын қыз 1. Абылайдың ақ туы астында
2.Тұтқын қыз
3.Ноянның қыз тілегін орындауы
4.Намыс оты
5.Шапқыншылық
Батыр Баянның өлімімен аяқталады. /трагедия/ Бүгінгі жігіттердің ел қорғаудан қашатындығы.
Қыздың ана алдындағы уәдесінде тұруы.
Намысқойлық 


«Адасқан  тармақтар»  ойыны
1. Ақында азаматтан асқан дос болмайды,                    1
    Жалғыз -ақ сырын сөйлер қаламына.
2. Екі жас аттарынан ыршып түсті,                                2
    Түскенде бірін- бірі құшып  түсті.
3. Ер Баян көмді екеуін дөң басына,                              3
    Түсірмей бір топырақ ортасына.
4. Баянның басын бірі кесіп алып,                                 5
    Бұлғады найзаға іліп, оқты салды.
5. Жүз бөрі аз дамылдап алысты да,                              4
    Ат қойды қалың жауға «Абылайлап».

Шарты:  Берілген дастан үзінділерін рет- ретімен қойып, оқиға желісін анықтау. 

«Топтастыру шарты» стратегиясы
Абылайға, Баянға, Ноянға мінездеме
Абылай: ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.
Баян: ел еркесі, алаш батыр, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға
Ноян: Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал.

Ойын: «Хан тәңірі » шыңына шығу
Шарты: Берілген баспалдақтағы жылдар тізбегін пайдалана  отырып, Абылайдың тарихи бейнесін жасау
Х а н т ә ң і р і
                           Аңырақай шайқасы
             Төле би. Сабалақ
                         1723ж Жоңғар шапқыншылығы
Көркем Уәли шаңырағы
1711ж. Арыс жағасы

«Ойды жинақтау» ойыны

Ойын арқылы  үй тапсырмасы қорытындыланады.
Шарты: Берілген теориялық ұғымдарды пайдалана отырып, шығармаға талдау жасау.

1. Оқиғаның басталуы: Батыр Баянды Абылайдың күтуі
2. Оқиғаның шиеленісуі: Тұтқын боп келген қалмақ қызы мен Ноян әрекеті. Баян батырдың ыстық сезімі.
3. Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақ еліне қашып бара жатқан екі ғашықты Баянның өлтіруі.
4. Оқиғаның шешімі: Батырдың өз үкімі. Баянның ерлігі
...Көзімнен неге ақпайды қанды жасым,
Жан беріп жазғаным ғой жан жарасын.
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе?
Дариға, жазамнан да күнәм басым,
Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ,
Жауында жан берген соң алты алашым.

 

Поэмаға талдау жасау

Даттаушы топ Жақтаушы топ 
Қарар тақырыбы:
... Қарабет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам...
Дәлелдеме: Батыр Баянның өз інісін өлтіруі дұрыс емес!
Айғақтар:
1.Тандырған мені есімнен ғашықтық қой,
Бір тынбай сұр жыландай жаным жеген...
2.Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам? Қарсы қарар тақырыбы:
Жоқ әлде, жоқ, әлде өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін...
Дәлелдеме: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!
Айғақтар:
1.Інісі ер Баянның жасық Ноян,
Атадан оқып туған дер бола ма?
2.Ерді намыс өлтіреді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  Батыр Баян әрі тарихи, әрі романтикалық, әрі реалистік, әрі аңыздық кейіпкер. Оның бойында батырға тән қаһармандық пен аңғалдық, намысшылдық пен қаталдық параллель суреттеледі. Ноян алғырт да шалағай жасөспірім. Ол өз махаббаты үшін сүйген қызына  адалдық жасап, қыздың алдындағы уәдесін орындауына ықпал еткісі келеді. Жастық, махаббат жалыны Ноянның өз намысын ойлатпайды. Қалмақ елі оны қалай  қарсы алады?
   Батыр Баян елін шауып, олжа алып, тұтқындыққа сұлу қызды еліне алып келеді.
Жауының жігітін ол қалай қабылдайды?
 Қазақ деген ел бар екен, жігіттері намыссыз деген атау халыққа бір ғана Ноян арқылы жабыспай ма? Өз елін, өз жерін тастап, қыз соңында кету қай жігітке жарасқан?
  Осы сұрақтарға жауап бере бастасақ, батыр Баянның інісін өлтіруі алаш намысы үшін деген қорытындыға жетелейді.

«Мені түсін» ойыны

Шарты: ортада үстел тұр. Үстел үстінде үш тапсырма жазылған. Үш қатардан бір-бір оқушыдан шығып, тапсырманы орындайды.
№1
Баянның інісін өлтіріп алғаннан кейінгі көңіл күйін бейнеле
№2 
Тұтқын  қыздың  Ноянға айтқан сөзінен көрініс бейнеле
№3
Абылайдың Баян батырды іздеген көрінісін бейнеле


«Талқылау»  ойыны

Шарты: Бірнеше проблемалық сұрақтар беріледі. Оқушы толық та нақты жауап беруге тиіс.
-Поэмада батыр Баянның тарихи бейне екендігі қалай берілген?
-Жаны жаралы Батырдың жан толғанысы қалай берілген?
-Батырдың досқа адалжһдығын қандай эпизодтан байқауға болады?
-Қазақ еліне шапқыншылық жасаған, бар қазақты Абылайдың ақ туының астына біріктірген  қандай елдердің шабуылы?
-Поэмадағы Батыр Баянның  өмірмен қоштасқан сәтін тауып оқы
-Баянның жұмсақтығы, қайырымдылығы қай  жерде көрінеді?

 Сабақты қорытындылау
1) М.Жұмабаев  Семантикалық карта
Ақын шығармашылығына шолу
Өлеңдері Поэмалары Әңгімесі Ғылыми еңбектері Аудармалары Мақаласы 
Көкшетау
Мен кім?
Мен жастарға сенемін
Түркістан
Көктемде Жүсіпхан
Қорқыт
Батыр Баян
Тоқсанның тобы 
Ертегі Шолпанның күнәсі Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолдары
Педагогика Күннің батуы
Тұтқын
Сұңқар жыры
Күн шығады да, батады
Жұртын сүйген жүрек Бала тәрбиелеу жолдары

«Шолпы», «Сен сұлу» деген әндері бар.

2) «Шпаргалка» ойыны
Шарты: шпаргалка - карточкалар таратылып беріледі. Тірек сөздер: «Қисас үл әнбиа», «Ғалия» медресесі, «Шолпан» жинағы, «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Алқа» әдеби ұйымы
 «Қисас үл әнбиа» С.Сараи жеті жасында оқыған.
«Ғалия» медресесі  Уфада оқыған.
«Шолпан» тұңғыш жинағы 1913 ж Қазан
«Айқап» журналы, «Қазақ» газеттерінде шығармалары жарияланды.
 «Алқа» әдеби ұйымы  1925 ж

Мұғалім:Бүгінгі сабақта біз «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін ашуға, Баян әрекетін түсінуге тырыстық. Поэма тілі көркем. Түсініп оқып, автор идеясын меңгеру қиындау.  Оған әркім әр түрлі баға берері сөзсіз.
Мен сендерге тарихи болжамдардан хабар берейін:
Ш.Уәлиханов Абылайдың шөбересі екендігін бәріміз де білеміз. Шоқанның «ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде Баян туралы төмендегідей деректер бар.
Батыр Баянды қалмақтар өлтірмеген. Жүз қазақты басқарып, мың қалмақты Қытай шекарасына дейін қуып, соғыста өлген адамдардың денесі қалған  көлден келіп су ішкен батыр уланып, зәрлі судың зардабынан қайтыс болған.
Ноян – Баянның шөберелес ағасы, Сары батырдың баласы Қыстаубай. Қыстаубай қалмақ қызы Лағылды алып қашады. Баласының қылығына Сары батыр қатты ызаланады. Баянға «Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару жарағын көзімше көм!» деп бұйырады. Баян Қыстаубайды қуып жетіп, бір қабат киімін қозының қанына малып, қару жарағын Сарыға әкеледі. Қыстаубайды кіші жүздегі нағашыларына жібереді. /Е.Асқаров «Жұлдыз» журналы №8 1989 жыл/


 Үйге тапсырма:
«Батыр Баян» дастаны
«Қалқаман - Мамыр» дастанымен салыстыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау
Жұмабаев Батыр Баян
Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян -париоттық шығарма
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10680 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык