Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау


М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау

М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау

Сабақтың білімділігі: «Батыр Баян» жырын түгелдей оқып, ой таразысынан өткізіп, түсініп барып, мазмұнын  есте  сақтау. Баянның  туып- өскен  жері, руы, туған жері, туысы жайында қосымша  деректер  туралы  мәлімет  беру. Поэманың  сюжет- композициялық жоспарын  жасау.

Дамытушылығы: «Мәтіндік  портрет»  құрастыру  арқылы  оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін  дамыту. Поэмадағы Баян бейнесін тарихтағы Баян бейнесімен салыстыру.

Тәрбиелілігі Тарих тулғаларының патриоттық  іскерліктеріне шолу  жасау арқылы патриоттық сезімін арттыру. Туған  еліне жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін  арттыру.

Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Іздену,сатылай кешенді талдау

Сабақтың  көрнекіліктері: Интерактивтік  тақта. Тақырыпқа сай суреттер

Сабақтың жүрісі:

1.  Ұйымдастыру.

2. Жаңа  сабақ.

Сабақтың  мақсаты: Поэмадағы Баян  бейнесін талдау арқылы «Мәтіндік  портрет» құрастыру. Баянның туып  өскен  жері, руы, туған тегі, туысы жайында қосымша деректер туралы мәлімет  алу. Шығарманың  поэмалық  қуатына  ақынның  тіл  шеберлігіне  мән  беру.

«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын  мейлінше  танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше  танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның  бейнесін  сомдады. Оның  портреті даму  үстінде  біртіндеп  айқындалды.  Поэмада  көтерілген тақырып - ұлттық  тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп  еңіреген  перзентінің  кеудесін  жарып  шыққан  ыстық  сезімі.

Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі  болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші  оймен  таласып, істеген ісінің ұшығына  жете  алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.

Жоспар

  1. Көрікті  Көкше- Абылай Баян  бастаған  ел  қорғандарының  қонысы.
  2. « Баянсыз қанатымды  қалай  жаям?!»
  3. « Жорықта  жауының бір  сұлуын  алып  қайтқан..»
  4. « Өлтірдім  бе, інімді  алаштың  намысы үшін..»
  5. « Елі  үшін  төккен  ерлер  қанын  жұтқан...  жер  ұмытпас»

Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін  талдаймын.

І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.

ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды  дәріптеу.

ІІІ.Жанры: Поэзия, поэма

ІҮ.Сюжеттік-композициялық  талдау:

1. Шығарманың басталуы.

« Батыр  Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін  толғаудан басталады.

Жүрегім,  мен зарлымын жаралыға,
Сұм  өмір абақты  ғой  саналыға.
Қызыл  тіл, қолым  емес  кісендеулі,
Сондықтан  жаным  күйіп  жанады  да,- деп  ашынған  ақынның  ішкі  монологынан  басталатын  поэма  бірден  кесек-кесек  ой  ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп  қызыл  империяға  ашықтан-ашық  айып  тағады. «Қызыл  тілім  кісендеулі»  деп  тіл  бостандығының  жоқ  екеніне  тоқталып « қызыл сұм»  деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу  арқылы  ақын  поэманың  тілдік  қуатын  арттырады. «Сұм  өмір күшті  уын аяды ма?»- деп  өзінің ауыр  тағдырын  қоса  жырлайды. Уақыт  өтер  ақынның  жолы « қанды  ор  боп  қалады»  деп  ақын  күңіренеді,  толғайды  көзіне  жас  алады.  Азаматтан  дос  таба  алмасаң,  қаламыңмен сырлас- дейді.  Ендеше,  ақында  қаламымен  сырласады.

Оқушылардың пікірі:

- Көкшенің  ғажайып  дидарына  көз  тоқтатып, қызықтайды. Көкшенің  жүрегі , жаным жаралы, деген метафоралық  тіркестер  арқылы  шығарманың  қуатын  арттыра  түседі.

- Поэманың  көкжиегі  біртіндеп  кеңейіп,  тарихқа  ауысады. Көкше бір сәт қазақтың ығайы мен сығайы  бас  қосқан  өлкеге  айналып жайнап  сала береді.

2. Шығарманың  дамуы.

-  Абылай  сөзінде Баян  жай  адам  емес.  Ханның  қанаты  екеніне  көзіміз  жетті.

- Ақын  бұл  жерде  Баянды Абылай  ханның сүйікті  батыры, қалың  жауға  қаймықпай барар  жолбарысы  дей  отырып, «сұңқардай, жолбарыстай,  аш  бөрідей »деген теңеулер  арқылы  ханның  батырға деген  ерекше  ілтипатын  көрсетеді. Ақын өзіне дейінгі  көркем  әдебиет дәстүрлеріне  сүйене отырып, психологиялық тәсілдерін  қолданады.

3.Шығарманың  шиеленісуі.  Ноян  бейнесі.

Интерактивтік тақтадан Ноян мен Толқыншаштың суретін көрсете отырып талдаймыз.

Қалмақ  аруы- Толқыншаштың  портретіне  көз  жіберу.

Сол сұлу, сұлу  екен  атқан  тандай,

Бір  соған  бар  сұлулық  жиылғандай,

Лебізі- жібек  лебі, жұмбақ  желі,

Кәусардай........ адам  қалар  қанбай,

Шын  ер  ғой  Батыр  Баян  алып  қайтқан

Еліне  сол  сұлуды  естен  танбай,- деп  ақын  психологиялық портрет - сұлудың   көркін, көзқарасын,   сөйлеу  мәнерін  суреттеу  арқылы  оның  әйелдік  нәзік  қасиетін  жеткізе  білген. Автор  Толқыншаш  бейнесін  ары  қарай  әр  қырынан  аша  түскен. Сұм  қыздың сақтығын  Ноянмен  терең  сайда  кездескен  сәтте  ерекше  суреттейді.

- Ақын   бұл жерде  қалмақ қызының  сұмдығы  мен  жас Ноянның  ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат  үшін  елінен  безген, Отанын  сатқан, сатқындық пен  жексұрындықты  Ноян  бойына  жинақтайды.

- Екі  жас  аттарынан  ұшып  түсті, Бір-бірін құшып түсті,-  дей  отырып батырдың  ішкі  ойын  тереңдете  түседі. Қара  жер  де  екі  жастың  қанын  ішті,- деп  батырдың  жан  күйін   шебер  суреттейді. Батырдың  іс-әрекетін «Жаралы  жолбарыстай, арыстандай, желдей  ұшып,  сұңқардай  сорғалап» деген  теңеулер арқылы  айшықтайды.

4.Шығарманың  шарықтау  шегі.

- Баян ішкі монологы арқылы өзінің іс-әрекетін саралайды.  Ойы  екіге  бөлінеді. Бірі айыптайды. Екіншісі-ақтайды.Сол садақты тартқанда қолым неге сынып қалмады?-деп өзін-өзі айыптаса, -Жоқ,  жоқ,  әлде  өлтірдім  бе?

 Інімді  алты алаштың  намысы  үшін ,- деп,  өз  кінәсынан  арыла  бастайды.

   Алашта  өткен  екі  арыстан Ер  Көкше  мен Ер  Қосайдың  ұрпағымыз. Солардан  тараған  Сары  мен  Баян  барыстай  ойын  салған  сары  далада,- дей  отырып,  Ер  Баянның  інісі  Ноян  атадан  азып  туып,  бір  қыз  үшін  қалмаққа  құл  болды. Алашқа  бұдан  артық  шер  барма?- дейді.

 Ақын  Баянды  уақ  руының  ғана  батыры  емес  отаншылдық  биікте  самғаған  қыран  дей  отырып,  батырдың  ерлігін  ғана  емес,  жан  тазалығы  мен  ізгілігінде  көрсетеді. Себебі, Ноян - тұтқын  қызға  ғашық. Сезімнің  құлы.  Ал, Толқыншаш  туған  еліне  қайтуға  асық,  сананың  құлы. Қалмақ  қызы  отанына  оралу  үшін өзін  құрбандыққа  шалуға, жанын  беруге  белін  бекем  буды. Баян  да  қызға  ғашық, ал  туған  жеріне тіптен  ғашық. Оны  қызғаныштан  өлттірген  жоқ.

5.Шығарманың  шешімі.

Поэманың  екінші  тарауында  Баянның  ерлік  қылықтары,  іс-әрекеті  баяндалады.  Баян  бұл  жерде  өзінің  кінәсінан  арылу  үшін  Ноян  мен  қалмақ  қызын  есіне  алып  отырып, ауыр  дерттен  арылмақ  болып,  жауға  қарсы  щаппақ  болып Абылайға  келеді.Ордаға  жақындағанда  топ «Баяндап»  қарсы  алды. Бұлда  батырға  көрсетілген  ерекше  құрмет.

- Сонымен  Абылайда  екі сөз. Топ  келісіп  тарайды. Жұмсақ  жаздың  түбінде  ер  тұрманын  даярлап, ер  демалады.

 - Баян-  дара  туған тұлға. Ол  ерік  өзіңде, біз  неге  болса  да  дайынбыз  дейтіндерге  жатпайды. Абылайдың  шешіміне  қарсы  шығады. Ханға  қарсы  шығады, Абылайға  бағынбау  ниетінен туған  жоқ,  ханды  қателіктен  сақтандырады. Абылай-  ақын  идеал  көретін  мемлекет  қайраткері,  ел  көсемі. Батыр  да  ел  көсеміне  қарсы  шықпайды. Пікір  айтады.Келер  күнді  күтті. Жаудан  хабар  болмады. Шынымен  алданып  қалдық  па?-деп кең  ойлы  Абылай  ойланды.

- Сонымен , Қонай  сөзінен  соң Абылай  елге  қайтуға  жиналды.

- Баян оған көнбеді.Ақын Баян  бастаған батырлардың екпіндері  оттай  ойнап, Іле  өзенін  жайлап  жатқан  қалың  жауға « Абылайлап»  ат  қойды  деп  суреттейді.» Жүз  жолбарыс,жүз бөрі» деген  алмастыру, «жолбарыстай,  ақсұңқардай,  өрттей « деген  теңеулер  арқылы  поэманың  қуатын  арттыра  түседі.Сонымен  Баян  бастаған  мың  сан  қалмаққа  лап  қойды. Олардың  екпініне  шыдамай,  қалмақты  қара  басты. Аз  қазақ  көп  қалмаққа  ойран  салып,  көк  аспан  қара  түтін  шаңға  айналды.

 Слайд арқылы  суреті көрініп тұрады. Мұғалім қортындылайды.

Қалың  қол  ортасында  Батыр Баян

Баянның  батырлығы  алашқа  аян.

Екі  көз  екі  қызыл  шоқ  боп  кеткен

Аузынан  көбік  болып  бұрқырап  қан.

Оң солға  алдаспанды  сілтілегенде

Бұлақтай  қалмақ  ханын бұрқыратқан,- деп ақын  Баянның  қандай  шайқастағы  көзсіз ерліктерін бейнелейді. Оның батыл қимылдарымен жан әлеміндегі арпалыстары ерекше  суреттеледі.  Айқас –сөзге, сөз-айқасқа айналғандай асқан ерліктің тұтас бітімін тұрғызғандай, қайғы-қасірет күйін сөз өрнегімен ой шыңына жеткізгендей. Баянның соңғы демі біткенше, жалғыз өзі шабысады. Есіл ер  жаумен шайқаста дүние салады. Жау масайрады. Мейрімсіз қанішерлер батырдың өлігін де қорлап, басын кесіп алып, найзаға іліп, оңды-солды бұлғайды. Қос қоңтайшы Ұса Серен қуанып, қалмаққа алғыс айтады. Бірақ Абылайдан сескеніп, Қытайға ауып кетеді.  Сонымен Баян кім?

Ү.Кейіпкерлері Баян-Абылай бастаған ел азаттығы жолындағы күрескерлердің жиынтық бейнесі, елім деп еңіреген ерлердің бейнесі.

Баян бойындағы адамгершілік қасиеттері:   (Слайд арқылы көрсетіледі.)

А.Батырлығы алашқа аян, елдің еркесі. 

Ә.Ханның қанаты.

Б.Жаны таза, өзгеге зорлық жасамайды.

В.Намысшыл, Отан үшін інісінің опасыздығын кешірмейді.

Г.Ұлт қаһарманы, отаншылдық биігінде самғаған қыран.

Ғ.Дара тұрған тұлға

Д.Абай армандаған, Мағжан қостаған, «ақыл,қайрат,жүректі» бірдей ұстаған толық  адам.

ҮІ.Қосымша  дерек:  Баян -тарихта болған адам.Ұрпақтарының айтуы бойынша 1700-1757 жылдар арасында өмір сүрген батыр. Баянды Абылай ханнның аса  қадір  тұтып бағалаған. Ақылы ерлігіне сай, бар батырым бір  төбеде, бұл-бір төбе- деп  отыратын  болса  керек. Мағжанның  шығармасындағы Баян  мен  Абылай  арасындағы  оқиға  өмірде  болған. Қалмақтар  алдап, Қытай  асып  кеткені   Шоқан  мақаласында  да жазылған. Поэмада  бұл  оқиғаның  ұзын  ырғасы  толық  сақталған. Тек  Баянның  жауды  мың  қолмен қуып  кеткені,  қайтар  жолда ауыз  судан ұшынып  қайтыс  болғаны поэма  сюжетіне  кіргізілмеген. Баянның  ұрпағы Зейнелло Олжабаев. Мынадай деректерді айтқан. Баян уақ руының шоға деген  тайпасына жатады. Шоға -Баянның  жетінші атасы. Шоғадан тараған  ұрпақтарды  сатылап  келгенде, Қосболаттың үлкен ұлы Баян болады. Баяннан тараған әулет бүгінгі күні Қарағанды жерінде өмір сүріп отыр.

 « Мәтіндік  портреті» жасалады.

ҮІІ.Әдеби теориялық ұғымдар:

Кейіптеу: өмір күшті  уын аяды ма, қанды  ор  боп  қалады, қызыл  тілім  кісендеулі

Метафора :  Көкшенің  жүрегі , жаным жаралы

Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай,  аш  бөрідей, атқан  тандай , бар  сұлулық  жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.

ҮІІІ.Шығарманың тәрбиелік мәні: Мағжан- ұлттық  ақынымыз. Тарих  материалын  ұлттық  тақырыптың  иінін қандыруға  жұмсайды. Жаңаны  дәріптеу  дегенді  білмейді. Айтайын  дегенін  жүрегінен  суырады. Шығармасын  өмір  бойы  есіңнен  кетпейтіндей, әсерлі  етіп  жазған.

4.Үйге  тапсырма

Поэма  арқылы Абылай  ханға  мінездеме  беру.

Ноян  мен  Толқыншашқа «Мәтіндік  портрет»  жасау

5.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
Бала тілі-бал
Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы
М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Жұмабаев Батыр Баян
Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы
М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны
Батыр Баян -париоттық шығарма
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 157352 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык