Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы


Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы

Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы: Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты. поэманы түсініп оқып,Баян бейнесін екі топ  өз көзқарастарында дәлелдеу (айғақ пен дәлелдеме арқылы);сөз астарына үңіліп мағынасын түсіну,өзекті ойды бөліп ала білу,сыни тұрғыда ой қорытындысын  жасау,өз пікірін қорғай білу,сөйлеу мәнерін қалыптастыру,дағдыларын дамыту;поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру,әр топ өз пікірін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,бұлтартпас айғақтар келтіру,мақал-мәтел,афоризм сөздерді тірек етіп қолдана бәлуге үйрету.

Түрі:дебат-пікірсайыс сабағы.

І кезең.

Жақтаушщы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды».

Кілт сөздер,аргументтер:

1.Қылмыс –кісіні қасақана дайындалып өлтіру.

2.Ар-намысын,ел намысын қорғау үшін жасалған.

3.Кек-жауға,дұшпанға,сатқынға деген өшпенділік, қастық.

Дәлелдемелер:

  1. «Батыр –ел қорғаны»
  2. «Жауға жанынды берсең де,жолдасыңды құтқар»
  3. Халқының намысы,ер азаматтың азып,дұшпанға күлкі болмауы үшін жасалған қылмыс-қылмыс емес.

 Айғақтар:

1. «Би,Қанай!Аттанбайды хан Абылай,келмесе қандыбалақ батыр Баян»

2.Жоқ,әлде,жоқ,жоқ,әлде өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

3.-Апырым-ай,алаш арын жоқтамастан жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай?Жігіттерімді жинайын,олар кетсе де,мен кетпеспін.

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1.Ноян сүйгені үшін айыпты ма?

2.Кісі өлтірмей ер,ел намысын қорғауға болмай ма?

3.Әйел үшін інісін өлтіру  батырға лайық іс пе?

4.Баян өшін сұм сұлудың сайқалдығынан неге алмады?

ІІ кезең.Даттаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады»

Кілт сөздер,аргументтер:

1.Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

2.Халық кегін,намысын алға тартып өш алды.

3.Туғанын,бауырын,жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

Дәлелдемелер:

1. «Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы-Баян»

2. «Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып,қалмақпен соғысады»

3. «Сұлуға деген махаббаты,айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді».

Айғақтар:

1.Ер Баян бір жорықта еліме ойран  салып,ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті.

2.Екі  қыршын жастың ажалы: «Жан,көке аға!», «Баян аға!»

3.Баян монологы: «Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?»

Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қылмысқа қатысу және оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары"
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау
Жұмабаев Батыр Баян
Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы
М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны
Батыр Баян -париоттық шығарма
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3180 | Қосты: Нурганым Казимова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык