Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ішкі сулар ашық сабақ


Ішкі сулар ашық сабақ

Тақырыбы: Ішкі сулары


Мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, ассоциация, домино, кесте құрастыру, көрнекіліктер арқылы оқыту, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, компьютер, тақырыптық карта, флештаспа, оқулық.
Сабақтың құрылымы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі         Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. Өзен-Река-River сөздерін бес-бестен орналастыру арқылы үш топқа бөлемін.
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. Оқушылар партадагы сөздерді таңдау арқылы өз топтарының мүшелерін анықтайды.
үй тапсырмасын сұрау. 1. «Зымыран сұрақтары» топтарға жалпылама сұрақтар қойылады.
2. Домино сұрақтары Оқушылар сұраққа жалдым әрі дұрыс жауап қайтарулары тиіс.
Оқушылар топ болып доминоны құрастырады
Жаңа тақырыпқа көшу Ой қозғау.
Ассоциация Ішкі сулары.
Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді. Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.
Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м). 
Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б. 
Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.
Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді. 
Әр топқа тапсырма беру.
Өзендері
Көлдері
Мұздықтары Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жауап айтады. 

Жаңа тақырыпты меңгерту Атауы Ұзындығы Алабының ауданы, мың км² Орташа су шығыны, м/сек
Янцзы
Обь (Ертіспен бірге)
Амур (аргуньмен бірге)
Хуанхэ
Меконг 
Лена
Енисей
Еділ (Волга)
Үнді
Евфрат
Брахмапутра
Дунай
Ганг
Аравади 5800
5410

4440

4845
4500
4400
4102
3531
3180
3065
2900
2850
2700
2150 1808
2990

1855

771
810
2490
2580
1360
980
63
935
817
1120
430 34000
12700

10900

2000
11200
17000
19800
7710
3850
3850
12000
6430
13000
13000
  Кескін картамен жұмыс
А) Есіл , Хуанхэ, Висла, Рейн, Амур, Янцзы, Зайсан
Ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей. Жайық, Іле, Байкал
Б) Шу, Үнді, Ертіс,Днепр, Дунай, Балқаш, Каспий 
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды.
Жаңа тақырыпты бекіту Кестені солдан оңға, оңнан солға және жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай оқи отырып, Еуразияның ішкі суларына  қатысты сөздерді анықта

Қорытынды Эссе жазу
Бағалау Өзін –өзң бағалау
Үй тапсырмасы §20 – оқу, мазмұндау. Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсіру, 88-беттегі сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгі
Солтүстік Американың Ішкі сулары
Өзендері мен көлдері
Еуразия материгінің ішкі сулары
Евразияның ішкі сулары
Құрлық сулары
Климат ашық сабақ
Еуразияның зерттелуі ашық сабақ
Оңтүстік Американың ішкі сулары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2050 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык