Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуразия материгінің ішкі сулары


Еуразия материгінің ішкі сулары

Еуразия материгінің ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.

2.Дамытушылық Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, сұрақтар, каточкалар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

 Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегенің қысқа өзендері жатады.

Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары п.б. су қатты тасиды. Атлант мұхиты алабына еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла және т.б. өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықта жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, Тар аңғарларымен арындап ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиятық ендікке байланысты кейбіреуі катады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Үнді мұхит алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алқаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдарйя, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Бұл алаптың ірі өзені – Еділ.

Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м).

Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б.

Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.

Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның п.б.-лу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0ºС-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгә тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді.

Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы    батпақтардың 80%-ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе, Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур брйы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

Еуразия материгінде жер асты суларының да  мол қоры  бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солт. Кавказ, Карпат, Оңт. Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

 

Атауы

 

Ұзындығы

Алабының ауданы, мың км²

Орташа су шығыны, м/сек

Еуразия

Янцзы

Обь (Ертіспен бірге)

Амур (аргуньмен бірге)

Хуанхэ

Меконг

Лена

Енисей

Еділ (Волга)

Үнді

Евфрат

Брахмапутра

Дунай

Ганг

Аравади

 

5800

5410

4440

4845

4500

4400

4102

3531

3180

3065

2900

2850

2700

2150

 

1808

2990

1855

771

810

2490

2580

1360

980

63

935

817

1120

430

 

34000

12700

10900

2000

11200

17000

19800

7710

3850

3850

12000

6430

13000

13000

 

         Қорытынды: Қорытындылай келе, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының алаптарына тоқталдық. Сонымен қатар жер шарындағы үлкен өзендер жайлы айтып түсіндірдім.

 

Үй тапсырмасы: §20 – оқу, мазмұндау. Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсіру, 88-беттегі сұрақтарға жауап беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстанның ішкі сулары
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың Ішкі сулары
Өзендері мен көлдері
Өзендері мен көлдері
Климаты. Өзендері мен көлдері
Еуразия материгінің ішкі сулары
Евразияның ішкі сулары
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Ішкі сулар ашық сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 17269 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык