|
|
Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек.
Сабақтың мақсаты: Мектеп бітіруші оқушылырдың бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өз күшіне сенімін, өзіне сенімділігін жоғарлату.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд.
Психолог кеңестері: «Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады.
Дәл осы сыналудан 11 сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді.
Сынаудан жеңіл әрі тиімді өту үшін алдымен мына ережелерді жақсы білу керек.
Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек.
* Емтиханға алдын - ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалудан баста.
* Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң
ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.
* Күн сайын шаршағанда ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.
Егер көзің ауырса не істеу керек?
Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны:
оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жасауымыз керек.
-Ауыспалы түрде жоғары, төмен қара (25 секунд), оңға, солға (15 секунд).
-Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз.
-Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд).
-Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса.
Бір күндік кесте.
- Бір күнді үшке бөл:
- Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал:
- Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, биле- 8 сағат:
- 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.
Тамақтану.
Тамақтану үш түрлі болуы тиіс, дәрумендерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық
ет жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.
Дайындалатын орын.
Өзің жұмыс жасайтын орынды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді,
заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал,
содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды
белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса.
Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.
Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1.Ақылды болғың келсе, сұрақты ойланып қоюды, зейін қойып тыңдауды, асықпай жауап беруді
және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.
2. Білімді ойланбай алуға болмайды, бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.
3. Ойлау қабілетінің дамуы-өз ақылыңды біліммен толтыру.
Білім көзі әртүрлі болады- мектеп, кітаптар, теледидар және адам туралы ақпарат береді.
4. Ойлану сұрақтан басталады, барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы
жасалынады. Сұрақ қойып және сұраққа жауап беріп үйрену керек
5. Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде, ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды. Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан-жақты құрастыру немесе үйреншікті жаңалықты байқау, ойлау қабілетінің дамуының негізін қалыптастырады...
6. Заттар мен құбылыстардың әр түрлі белгілерін байқау және оларды салыстыра білу, ойлау қабілетіне қажетті қасиет.
7. Адам қарап тұрған объектісінің көп қасиеттерін көре алса, соншалықты оның ойлау қабілеті жетік және ойлау икемділігі жоғары болады. Бұл іскерлікті зеректік ойындар арқылы, логикалық есептер мен ребустарды шешіп жаттықтыруға болады.
8. Ойлау мен сөйлеу үзіліссіз. Ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасау, оқылған тақырыпқа мазмұндама жазу, пікір сайыстарға қатысу, жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту, өзің толығымен түсінбегенді басқаға
мазмұндап айту.
Жадында сақтау қабілетінің бірнеші заңдылықтары.
1.Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды.
Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.
2. Жұмыс барысында бірдей есте сақтағанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.
3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.
4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.
5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз, үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.
6. Адам түсінде есіне сақтамайды- бірақ ұмытпайды.
Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.
1.Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.
2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.
3. Көзді қорғау керек. 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.
4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет.
Талдау, оқушылардың ойын тыңдау, берілген кеңестерді күнделікті өмірде
пайдаға асыруға кеңес беру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |