Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұмытшақтыққа қарсы күрес


Ұмытшақтыққа қарсы күрес

Ұмытшақтыққа қарсы күрес

      Біздің әдейі немесе әлдеқалай жаттап алғанның барлығы бірдей мәңгі есімізде қала бермейді, көбін ұмытамыз. 
     Ұмытылу – ұзақ, біртіндеп дамитын процесс. Ұмытушылыққа қарсы күресу үшін мынадай негізгі ережелерді ескеру керек:
1. Ұмытшақтықпен күресте қолданылатын негізгі әдіс – қайталап отыру. Қайталап нығайтылмаған білімдердің қандайы болса да бірте-бірте ұмытылады. 
2. Жатталған нәрсе жатталғаннан соң кешікпей ұмытыла бастайды, әсіресе бастапқы кезде тез ұмытыла бастайды. Егер жаттап болған соң 5 және 10 күннен кейін қайталап көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны кейінгі бес күнде ұмытылғаннан едәуір артық болды. 
3. жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң, қайталау пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау керек. Орыс халқының белгілі педагогы және психологы Ушинский «құлаған үйді оңдамай, үйдің негізін нығайта отыру керек», - дейді. Ұмытпау үшін жеңіл –желпі пысықтаған жеткілікті, ал ұмытылғанды жаңғырту үшін көп жұмыс керек...
   Оқығанның соңында көп уақыт жібермей қайталау керек, өйткені жаттаған нәрсе жаттағанның соңында іле-шала оңай естен шығады.
  Жаттаған нәрсе жаттағанның соңында тез ұмытыла басталады дедік. Бірақ, әрқашан жаттап болысымен іле-шала ұмытыла бастайды деп ұғынбау керек. Тәжірибелерге қарағанда жаттағанды жаңғыртып айта білу жаттай салысымен-ақ емес, араға бір, екі күн, кейде үш күндей өткеннен кейін толығырақ болатындығы байқалған. Осылайша жаттаған нәрсе ұмытылмай, қайта есте беки беретін сықылды. Әсіресе, бұл құбылыс ұзағырақ материалды жаттап алу кезінде жақсы байқалады. 
       Осыдан мынадай бір практикалық қорытынды туады: тке емтиханның алдында ғана жақсы өткілуі мүмкін. Жаттаған материалды есте сақтау жаттаудан кейінгі әрекет «жуып-шайып» кететін де жағдай болуы мүмкін. Мысалы: тарих сабағын оқып болып, онан соң әдебиет сабағын дайындасаң, соңғы сабақ тарих материалын тез ұмыттырады. Әсіресе ұқсас материалдар біріне-бірі қабаттасқанда осылай болады. 
Осылардан мынадай практикалық қорытындылар жасауымызға болады:
1. Бір материалды жаттап үйренгеннен соң, екінші материалға көшуде әрдайым 5-10 минут кідіріп, қандайлық болмасын ой қызметінен тынығып алған жөн.
2. Жұмысты ұйымдастыруда ұқсас материалдар біріне соң бірі қатар келмейтін ету керек. Егер бір кеште алгебра, тарих, әдебиет сабақтарын әзірлеу керек болса, оқығанда: 1) тарих, 2) әдебиет, 3) алгебра оқыған өнімді болады. 
3. Өте жауапты, қиын материалды кешкілікте, ұйықтау алдынан оқып пысықтаған жақсы, ұйқы есте қалдырудың нәтижесін бекіндіру үшін өте ыңғайлы жағдай болады. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау - білім анасы
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Күнделікті сабақта тест жұмыстарын тиімді пайдалану
Тарих пәнінен Өрлеу бағдарламасы бойынша оқытылған әдіс арқылы жұмысымды бастадым. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауды үйренді
Есте сақтау диктанты
Жатқа жазу диктанты
Пандустар мен платформаларды пәтерге орналастыру
Жобаны талдау
Есті тәрбиелеу ашық сабақ
Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2489 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык