Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош, сүйікті Әліппем!


Қош, сүйікті Әліппем!

Қош, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: оқушылардың сауаташу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
• Өз халқының әдет-ғұрпын, әдебиетін, ұлы ғұламаларын құрметтеп, ұлағатты сөздерін есте сақтауға үйрету.
• Ұйымшыл, еңбекқор болуға баулу.
Көрнекілігі: Слайдтар: Елбасы Н.Ә. Назарбаев суреті мен өсиеті, ақын-жазушылардың суреттері мен ұлағатты сөздері; тірек сөздер, мақал-мәтелдер, түрлі-түсті шарлар.
Барысы: бөлме ертегіге лайықтанып безендірілген. Бөлмеде музыка ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар! Бүгінгі білім мерекесі Әліппеммен қоштасу тойы құтты болсын!
2-жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем
Тойға келген қуанып
Қонақтар сізге мың сәлем
1-жүргізуші: Өтті оқудан сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппеміз қоштаспақ
Өсті білім, бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
2-жүргізуші: Іші толған әріпке
Әлемдегі жарық не?
Хормен: Ол – сүйікті Әліппе!
1-жүргізуші:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаңа
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық
2-жүргізуші:
Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ, жұпыны өмір сүріпті. Күндердің күндерінде балалар елін бір патшалық басып алады. Ол патшалықтың аты: «ойын» екен. Ойын келісімен ақ балалар елі бірден гүлденіп сала беріпті. Оқушылармен ойындар ойналады. Мысалы «сақ шопан», «ханталапай».
1-жүргізуші:
Уақыт өте келе балалар елі бірыңғай ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақұрым қалуға айналады. Ата-аналар әрі-бері ақылдасып, енді «еңбекті» шақырады. Сол-ақ екен балалар елінің тіршілігі жандана түседі. 
2-жүргізуші:
Балалар бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Еңбектің қадіріне «ата-ананың қадіріне» жетіпті. Бірақ сонда да ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болыпты. Ата-аналар ойлана келе, ол жетпейтін нәрсенің атын «оқу» деп тауыпты. Сонымен көмекке оқу келіпті. «Ойын» мен «еңбекке» де біраз көңіл болса, уақыттың көбін оқу оқуға жұмсапты. «Оқу» қолына Әліппе кітабын алып, әріптер үйретіп, соған байланысты тақпатар айтқызыпты. 
1-жүргізуші: Міне, осылай әріптермен танысыпты. Әртүрлі пәндермен таныса отырып, соған байланысты тапсырмалар орындады. «аталар өсиеті тапсырмасы» Слайдтар көрсетіледі.
2-жүргізуші
-М.Мақатаев аталарың қандай өсиет қалдырды?
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
1-жүргізуші:
-Абай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде біп кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
2-жүргізуші:
-Елбасымыз кім?
-Н.Назарбаев
1-жүргізуші:
-Нұрсұлтан аталарың сендерге қандай өсиет айтты?
-Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенемін.
2-жүргізуші
Әліппенің тапсырмасы: 1. «Қай ертегі?» ойыны. Ертегілерден оқушылар кезек-кезек үзінді оқиды. Басқа оқушылартабады.
1-жүргізуші:
2. «Көркем жазу» тапсырмасы. Тақтаға оқушылар жазу жазады. 
2-жүргізуші:
3. Математика тапсырмасы. Санамақ ойыны.
1-жүргізуші:
Балалардың өмірі тіпті қызықты бола түсіпті. Шаршаған баланы сергіту үшін тағы да бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты- «Спорт» екен.
Ойын: «Тартыспақ». Балалар осы ойынды ойнайды.
2-жүргізуші:
Спортпен айналысқан балалардың денсаулығы мықты , көңіл күйі  сергек,
денелері  сымбатты болыпты. Мұны көріп «Өнер» есімді бойжеткен балаларды әнге, биге баулыпты.
Оқушылардың шағын концерті. 
1-жүргізуші: 
Содан бері «Балалар елінде», «Ойын», патшалығымен бірге, «Еңбек», «Оқу», «Спорт», «Өнер» мақсаттарына жетіпті. 
Әліппе.- Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. Егеменді еліміздің еңсесі биік азаматтары болатындарыңа сенемін. Мені ары қарай жалғастыратын досым бар. Таныс болыңдар! Ана тілі. 
1-жүргізуші: Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті сол үшін не деу керек? 
Хормен: Әліппеге көп рахмет! 
Ән: «Әліппе». 
Қорытынды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Әліппе-білім бастауы!
Қош бол, құтты Әліппем
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Әліппеге Рахмет
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Наурыз - думан
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1970 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык