Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош бол, құтты Әліппем


Қош бол, құтты Әліппем

 Қош бол, құтты Әліппем

1-    жүргізуші:

     Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

 Бүгін біздің 1-ші сынып оқушыларының «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Құрметті ата-аналар!Балаларыңыз қолдарына алғаш рет ұстап,бетін ашқан оқулығы – «Әліппе» Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол.

 

2-    жүргізуші:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас,біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысап,оң мен солын танып, 42-әріпті меңгерген

шәкірттеріміздің мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

 

1-жүргізуші:

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ жан боп қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді дей отыра,1-сынып оқушылары және олардың ұстазын қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық!

(Музыка әуенімен ортаға келеді)

 

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал білім боларын

Шам-шырағың жолыңда

Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріппең ?

Том-том болар кітаптың басы болар «Әліппең»-деп М.Әлімбаев атамыз айтқандай  бұл білімнің ғылымның алғашқы жолы ғана

-Сендер әліппені бітірдіңдер,қазір біз әліпемен қоштасамыз.Ендеше әліппені ортаға шақырып,рахметімізді айтайық!

(Әліппе ортаға келеді)

 

1-    ші оқушының сөзі:

«Әліппем», менің «Әліппем»,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

2-    ші оқушының сөзі:

Қош бол, құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлестің.

 

2-жүргізуші:

-Сендер жарты жыл бойы көп еңбек еттіңдер.  Қырық екі әріпті түгел үйрендіңдер. Енді өздерің оқып, өздерің жаза аласыңдар. Қанекей, әріптерге байланысты өлеңдеріңді оқи ғойыңдар.

 

Дәурен:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба,

Б тұрады үшінші,

Ал осының

Сыры неде түсінші?

 

Мәулен:

А деген ол –

Аналар ғой ардақты.

Ә деген ол –

Әкелер ғой салмақты.

Б деген ол –

Балалар ғой әдемі.

 

Оқушылар хормен

Алшақ кетпей,

Сондықтан да

Тұрады олар

Алфавиттің басында.

 

 

 

1-    жүргізуші:

Ал балалар, әліппемен қоштасар сәт те жетті. Ол үшін Әліппені ортаға шақырайық.

 

Әліппе:

Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге арықарай білім беретін мына Ана тілі мен Қазақ тілі болады, танысыңдар.

 

Оқушылар хормен

Сәлеметсіңдер ме Ана тілі, Қазақ тілі

 

Әліппе:

Міне, сендерді де таныстырдым, енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Ал мен кетейін.

(Оқушылар Әліппемен қоштасады)

Ана тілі

Балалар, мен Ана тілімін. Енді бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Мен сендерге қызықты кітаптар таратып берейін, ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер. (Ана тілі оқулығын таратады.)

 

2-    жүргізуші:

Сендердің Әліппені жақсы оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Қане қол соғып рахметімізді айтайық.

 

Оқушылар хормен

Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет!

 

1-    жүргізуші: Осы ертеңгілікке арнайы келген 4-сынып қыздары Ақжарқын мен Назираның орындауындағы әсем биді қабыл алыңыздар.

 

2-    жүргізуші.

Құттықтау сөздер

- мектеп директоры Ахметова Қ.Қ.

- алғашқы ұстазы Сулейменова Ұ.Қ.

- ата-анасы Каймуллина А.А. беріледі.

 

1-жүргізуші:

Осымен 1-сынып оқушыларымен болған «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік мерекеміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Қош, сүйікті Әліппем!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 6453 | Қосты: Сулейменова Улдай Койшыбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык