Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 7948 |
|
|
|
Көрікті көктем ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем.
Сабақтың мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейте жэне анықтай түсу, басқада айлармен сайластыру. Табиғат қүбылыстарына бақылау жасата отырып, туған жерге сүйіспеншілік пен камкор көзқараска бағыттау, сурет арқылы эңгіме күрата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Суреттер, плакаттар, буындар, жауқазын, үн таспа, дидактикалық ойын.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
I. Тәрбие жүмысының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт:
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Керемет!
-Балалар сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша!
-Ендеше бастайық.
- Бүгін жұмбақ шешу арқылы, сурет қүрастырайық.
-балалар мына сурет әдемі ме?
-жоқ
- ендеше, осы суретті әдемілеп, түрлендіріп жіберейік.
-мен жұмбақ оқиын сендер шешіңдер.
Жұмбактар:
Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған. (бұлт)
* * * * * *
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)
* * * * * *
Қыста кейімін тастайды,
Көктемде кейіне бастайды. (ағаш)
* * * * * *
Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нүрланып.
Бұл өлең не туралы? (гүл)
* * * * * *
Шарлап келіп даланы,
Үйіме - үйін салады. (қарлығаш)
* * * * * *
Кішкенеғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қозы)
Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос қүлағы. (лақ)
* * * * * *
Мө - мө, деген эні бар,
Үй маңынан табылар. (сиыр)
* * * * * *
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (құлыншақ)
* * * * * *
Өзі үлкен жануар,
Төбесінде тауы бар. (бота)
- Балалар сурет әдемі болды ма?
- Ия.
- Бүл суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
- Көктем.
- Көктемнің неше айы бар?
- Үш айы бар.
- Қандай айлары бар?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Өте жақ, ендеше осы суретке әңгіме құрайық.
- Балалардың сурет бойынша қүрастырған әңгімелерін тындау.
- Көктем туралы тақпақтар айту.
Буындардан сөз қүрастыру: көк-тем, жаң-быр, нау-рыз, ма-мыр, сә-уір.
Сергіту сәті:
Көктем келді, көктем келді сағынта,
Бүршік атты алма ағаштар бағымда.
Біздің үйге үя салды, алақай!
Былтыр кеткен қарлығаштар тағыда.
Қайырмасы: Дала гүлге оранады
Түрлі түске боянады. 2 рет
Нүрлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Көктем мезгілінің жылы күндерін, көктем ерекшеліктерін көз алдымызға елестетіп бейнелеу сабағымен байланыстыра отырып, ақ қағаз бетіндегі суретті бояу.
Қортынды:
Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?»
Шарты: Көктемге тэн белгілермен қүбылыстарды атау, егер бұл көктемге тэн болса қол көтеру, тән болмаса қол көтермеу.
Қар жауды
Жаңбыр жауды
Мал төлдеді
Жапырақтар түсті
Құстар ұшып келді
Ағаштар бүршік жарды
Мадақтау: Көктемдегі жайнап өскен қызғалдақтармен бағалаймын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |