Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Барсакелмес қорығы: кешегісі мен бүгіні


Барсакелмес қорығы: кешегісі мен бүгіні

Барсакелмес  қорығы: кешегісі мен бүгіні

              Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, Арал теңізінің  ортасындағы осы аттас жерде  алғаш 1929 жылы Қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылы 10 желтоқсаннан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 м-ге дейін  баратын.

           Өткен ғасырдың 60- жылдарының басынан Сырдария  және Әмудария  өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын  судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте – бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің «Арал» атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жандардың еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда.

          Біздер ғылыми зерттеу жұмысымызда 80 жылға жуық тарихы  бар Барсакелместің кешегісі мен бүгінгісі және болашағы жайлы ой тұжырымымызды ғылыми негізде дәлелдеуге талпыныс жасадық.

        Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай басталады. Алғаш 1831жылы орыс ғалымы Р.Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді.

       Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция  шығарып, оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылыр әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші А.Бергтің табаны тиеді.

     Айдынды арал зерттеушілерді өзінің керемет табиғатымен таңқалдырды. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Сексеуілді паналаған жаурандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында да таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды.

       Сонымен қатар қорықта өсімдіктің 165 түрі өседі.Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсиген, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар.Жануарлар әлемінен құлан,ақбөкен,қарақұйрық,ор қоян сияқты Арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кезедеседі.Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген «қазақ құланы» деп аталатын аң да болыпты.Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оқтың құрбаны болғанға ұқсайды.Сосын 1953 жылдың  қысында Түркменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді.Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп,ұрпақ жая бастады.Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.Өкінішке орай 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып,тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті.Сол уақыттан бастап,бұл жерден ұзын саны 250 қаралы құлан көшіріліп,әкетіліп негізгі бөлігі Алматы маңындағы  Алтынемен ұлттық паркіне жіберілсе,тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды.Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын,кәрі-құртаң 50 шақты  құлан алып  қалынған еді.Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен шектесіп жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды.

           Ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижесінде теңіздің сорға айналған тұзды батпағының да өзіндік пайдасы жеткілікті болып шықты.Оның емдік қасиеті айрықша.Осы тұзды қара батпақ медицинада жоғары бағаланды.Кіші теңіздің батысындағы Ақбасты,Ақкеспе елді мекендеріндегі  емге шипалық жер асты ыстық суы да көп дертке дауа.Мұнда жұрт қырық күн шілде кезінде ағылып келіп,ем қабылдайды.Бірақ,бұл аққан шипалы су медициналық тұрғыда өзінің лайықты бағасын алып,тиісті емдеу мекемесі болмағандықтан босқа ысырапқа ұшырауда.

            Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда.Атап айтқанда,еліміз Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамыздағы «Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы» №1121қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда.

            Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек,оның көлемі бұрынғысынан 10 есе артты.Сөйтіп,осы кезге дейіе 16795 га жерді алып келген аймақ 160795 гектарға ұлғайды.Бұл үкіметтің 2005 жылы 25 қарашадағы №1162 қаулысы негізінде пайда болды.Қорықта 2005 жылы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық  деп тапты.

             Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы орман алқабы 41,5 мың га жерге созылып жатыр.Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа,солардың біреуі дүниежүзілік « Қызыл кітапқа» енген.Олардың біріншісі-құлан да,екіншісі-қарақұйрық.Сонымен қатар мұнда өсімдіктердің 354 түрі өседі.Құстардың 178 түрі мекен етеді,олардың 26 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» жазылған.

             Барсакелмес мемлекеттік қорының басты міндеті осы тіршілік көздерін сақтап,молайтумен бірге,оған тұрақты мониторингтік бақылау жасап,жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу.

Қорықтың екінші екпін,тың тыныс алуына 2005 жылы 25 сәуірде Арал өңіріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың келуі үлкен серпін берді.Мемлекет басшысы сол жолы қала орталығында қорық жөніндегі анықтамалық стендтерді қарап тұрып,аймақтың табиғатында әлі де сақталып,өсіп-өнген жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қызығушылық білдірген еді.Елбасының осы сапарынан кейін Сырдария өзен арнасын реттеу және Арал теңізінің терістік бөлігін сақтап қалу жөніндегі ғасырлық салмағы бар жобаға жан кірді.Көп ұзамай сол жылдың күзінде Көкарал бөгеті қалпына келтірілді.

               Бұл нысанды әлемнің сегізінші кереметі деп атауға болады.Себебі, жердің жағрафиялық картасынан жоғалған  Солтүстік Арал теңізінің қайта қатарға қосылуы тіршіліктің жаңадан жандануына әсер етті.Осыдан кейін бұрынғы балықшылар отбасы қайықтарымен су айдынына шығып,ата кәсібін жалғастырды,төзімділік таныта білген елге береке келді.Көкарал қорық аумағына да өзінің оң ықпалын тигізе бастады.

               Бүгінде қорықта құландар саны 230-дан асып отыр.Баяғы кәрі-құртаң 50 құланнан бас-аяғы 20 жылдың ішінде 200-ге жуық ұрпақ өсіп жетілді.Жануарлардың бұлай күрт өсулеріне жаңа Қасқақұлан аймағынан жайылым алаңының кеңеюі,тұрақты таза су көздерінің пайда болуы себеп болды.Бұл ретте аң-құстың қас жауы-браконьерлерге қарсы тұратын қорық инспекторларының қызметтері де ерекше.Осы орайда мемлекеттік қорықты соңғы үлгідегі жабдық-жарақтармен ұдайы жабдықтап отыру өмірлік мәні бар маңызды  мәселе болып қала бермек.

            Барсакелмес қорығының басқа осындай қорықтардан айырмашылығы,оның экологиялық апат аймағында орналасқандығы.Осының  өзі әлемдік табиғат қорғау қауымдастығын алаңдатуда.Аты аңызға айналған Барсакелмес қорығы жайлы жазылған ғылыми зерттеу жұмысымыздың желісі осындай.Барсакелместің ертеңінің бүгінгіден де нұрлы,бүгінгіден де кескінді бола түсетініне сенгіміз келеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сән берген өмірге Туған жер Аралым.
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Қорықтар. Қазақстанның Қызыл кітабы
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Қазақстан қорықтары
Қазақстан қорықтары
Қорықтар неге керек?
Табиғат аясында
Табиғатты қорғау негіздері
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4882 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык