Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық саябақтар мен қорықшалар


Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

Сабақтың тақырыбы:  &55 Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:  Қазақстан Республикасынның ұлттық саябақтары  менқорықшалары туралы  жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
 
2. Дамытушылығы:Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 
 3. Тәрбиелілігі:Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.
 
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап, топтастыру, ойын.
 
Сабақтың  технологиясы:
сатылай кешенді талдау,СТО,СТН,рефлекция,сәйкестендіру.
 
Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану,экология;
 
Сабақтың барысы:
 
 І.  Ұйымдастыру.
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
 
IV. Жаңа сабақты бекіту.
 
V. Үйге тапсырма.
 
VI. Бағалау.
 
 VІІ. Қорытындылау.
 І.  Ұйымдастыру.
  а) Сәлемдесу.
   б) Сыныпты түгендеу.
(Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін және 3-мамыр д\ж «Күн»күні екенін атап өту.)
ІІ. Үй жұмысын сұрау.(Үй тапсырмасын сұрар алдында оқушыларға сұрақ қою арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып өту. Осыған байланысты бағалау парақшалары таныстырылады.)
1-тапсырма   1топ (тест)
        2-тапсырма   2топ (сәйкестендіру)
        3-тапсырма   3топ (тақтамен жұмыс)
1.Тест
1. «Малиус боката» қай қорықта кездеседі?
а. Алматы
в. Наурызым
с. Үстірт
д. Алакөл
      2. Қорғалжың қорығы қай жылы ұйымдастырылған?
а. 1968ж
в. 1984ж
с. 1926ж
д. 1934ж
     3. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдігі?
а. дермене
в. жолжелкен
с. аралий
д. жалбыз
       4. Ең соңғы ұйымдастырылған қорық?
а. Алакөл
в.Қаратау
с. Үстірт
д. Марқакөл
5. Үстірт қорығының эндемик жануары?
а. қоқиқаз
в. ақбөкен
с. муфлон
д. дуадақ
       6.Аққұм – Қалқан «әнші тауы»қай қорықта?
а. Алакөл
в. Алматы
с. Ақсу - Жабағылы
          д. Алтай
      7. «Аққу, реликт шағала, тырна» қай қорықтың құстары?
а. Алтай
в. Қорғалжың
с. Алакөл
д. Барсакелмес
2-топқа.   Сәйкестендіру
    Қорықтар                              ерекшелігі
1.Қорғалжың а.аралий, «алтын тамыр»
2.Наурызым в.бадам бұтасы, ақ тырнақты аю
3.Алматы с.қоқиқаз, сусар
4.Үстірт
5.Ақсу-Жабағылы
6.Марқакөл
7.Батыс Алтай
Бұл қай қорық?
 
1. Маңғыстау облысында орналасқанқорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
3. Суреттер сөйлейді.(Слайдта суреттер беріледі, кайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді.)
 
р\с Сенесің бе? Сенбейсіңбе? Иә Жоқ
 1. Қорғалжың қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде алынғанына    +
 2. Батыс Алтай қорығының 1995ж құрылғанына     ---
 3. Ақсу –Жабағылы қорығында қабан, ақ тырнақты аю бар екендігіне   +
4. Республика аймағында ұйымдастырылған 11қорық бар екендігіне ---
5. Марқакөл қорығы Алтай тауында орналасқандығына   +
 
ІІ. Жаңа сабақ.Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған. 
 
1 Баянауыл ұлттық саябағы
 
2 Іле Алатауы саябағы
3 Қарқаралы саябағы
4 Алтынемел табиғи саябағы
5 Көкшетау саябағы
 
Баянауыл ұлттық саябағы.
Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т.б. деп аталады.
Іле Алатауы саябағы
1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.Қарқаралы саябағы1998 жылы кұрылған. Ауданы 90,3 мың гектар. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
Алтынемел табиғи саябағы
1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау саябағы
Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар. 
 
Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар. Қазақстанда алғаш рет ұлттық пак Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген. 
Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.
 Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады. Ұлттық табиғи саябақтар
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.
                                                     Балқащ маңы
Табиғи қорықшалар
Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
 
Табиғат ескерткіштері
Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.
 
Табиғи резерваттар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінедіМемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
 
Ұлттық табиғи парктер мен қорықшалар
Атауы Құрылған Ауданы мың/га Орналасқан жері Ерекшелігі
Баянауыл ұлттық паркі 1977 50,7 Павлодар облысы, Баянауыл орман шаруашылығы Биік жері – Ақбет тауы (1026м). Құстар – 54, балық – 8, өсімдік – 438 түрі бар. Мұнад қайталанбас жартас, шоқылар «Найзатас», «Жалмауыз кемпір», «Тас және Ат басы» т.б. қалыптасқан.
Іле Алатауы ұлттық паркі 1996 181,6 Іле Алатауының солтүстік беткейінен қаскелең асуына дейін Ерекше ландшафты қорғау мақсатында құрылған. 
Андар – 43, құстар – 138, балық – 8, өсімдік – 1282 түрі бар.
Қарқаралы ұлттық паркі 1998 90,3 Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданында Әйгілі «Шайтанкөл» орналасқан. Андар – 39, құстар – 55, балық – 11, өсімдік – 68 түрі бар.
Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 212,1 Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов ауданында орналасқан Аңдар – 6, құстар – 231, балық – 30, өсімдік – 1800 түрі бар.
Көкшетау паркі 1996 135,8 Ақмола облысы Аңдар - 305, құстар – 223, балық – 22, өсімдік – 800 түрі бар.
 
ІV.Бекіту.
Сәйкестендіру
1.Баянауыл Шайтанкөл
2. Іле Алатауы Ақмола облысы
3.Қарқаралы алғашқы саябақ
4.Алтынемел ауданы-199,7мың.га
5.Көкшетау Алматы облысы
Топтастыру
 
 
   Зеренді
Алматы Балқаш маңы
 
Рефлекция
    Басбармақ
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. 
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.  
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. 
 
 
 
VІ. Үй жұмысы қорықтаршалар оқу,кескін картаға салу.
 
V.Бағалау.
 
Тест
1. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері?
а. Іле, Шу
в.Сырдария,Сарысу,
с.Есіл, Ертіс
д.Жайық.Жем
 
2.  Шөл зонасының алып жаткан аумағы?
а. 30%
в.40%
с.25%
д.65%
 
     3. Мұғалжар тауының ең биік жері?
а. Бесшоқы
в.Боқтыбай
с.Бесбақан
д.Ұлытау
 
 4. Тянь-Шянь тауын зерттеген орыс ғалымы ? 
а. А.Н.Краснов
в. П.П.Семенов
с. Л.С.Берг
д. И.В.Мушкетов
 
5.Тянь-Шянь табиғатындағы ұйымдастырылған қорықтар? 
а. Ақсу-Жабағылы
в. Марқакөл
с. Алтай
д. Алакөл
 
     6. Сауыр–Тарбағатай тауларының батыс бөлігіндегі аудан? 
а. Тұран
в. Қазақ жазығы
с. Шығыс Еуропа
д. Сарыарқа
 
7.Жоңғар қақпасынан соғатын жел?
а. Сайқан
в. Мұғалжар
с. Қордай
д. Шілік
 
ІІ Сәйкестендіру?
1.Рахман бұлағыа.   Әйет, Лиқсаков   
          2.В.Докучаев                                               в. Алтай тауында
          3.Темір кені                                                 с.   Бұқтырма
          4. Ең үлкен мұздық                                     д.  Сарыарқа
          5. Қазақтың ұсақ шоқысы                           е.  Корженевский
          6. Ертіс өзеніндегі су қоймасы                    ж. Топырақтану
 
 
ІІ Сәйкестендіру?
1.Рахман бұлағыа.   Әйет, Лиқсаков   
          2.В.Докучаев                                               в. Алтай тауында
          3.Темір кені                                                 с.   Бұқтырма
          4. Ең үлкен мұздық                                     д.  Сарыарқа
          5. Қазақтың ұсақ шоқысы                           е.  Корженевский
          6. Ертіс өзеніндегі су қоймасы                    ж. Топырақтан

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорықтар
Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер
Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань таулары
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Білгір географ - XXI
Қорықтар неге керек?
Қорықтар неге керек?
Табиғатты қорғау негіздері
Табиғи қорлар және өндіріс
Табиғатты қорғайық.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6946 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык