Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ө дыбысы мен әрпі


Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

  Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген дыбыстарды қайталау және әрпін таныстыру.
  2. Сөздерді дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
  3. Табиғатты сүйе білуге , қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: серуен сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап , тіл дамыту,қайталау.

Көрнекілік : қима әріптер , компьютерлік слайдтар , Ө әрпінің баспа және жазба түрі.

Пән аралық байланыс: дүниетану

І.Ұйымдастыру.

- Балалар , бүгінгі біздің сабағымызға қонақ апайлар келіпті.

- Қане амандасайық

- Саламатсыздар ма.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру

  • Балалар біз бүгінгі сабағымызда хайуанаттар  бағына серуенге шығамыз.

Андардың тапсырмаларын орындай отырып , өткен дыбыстарды қайталап,жаңа

дыбыспен танысамыз.

  • Ендеше,автобусқа отырып хайуанаттар бағына барайық, жеткенше әдептілік

сақтап , тыныш отырайық.

  • Міне , хайуанаттар бағына келдік.

Кассадан билет алып кіруіміз керек.

Билет алу үшін тапсырмаларға жауап берейік.

  1. тапсырма .Өтілген дыбыстарды  қайталау А,Щ,Р,Л,Ш,С,У,Ы,Д,Т,М,Н,Ң,Ғ,Ж,І,Ә.
  2. тапсырма . «Әріп тастамақ» ойыны.Әріптерді таратып беру , сол дыбыстардан басталатын сөздер ойлап айту.
  3. тапсырма.Міне , балалар біз аюмен кездестік. Аю бізге бағанадағы сөздерді оқып беруімізді сұрайды.

Ән                               Сән                  Дәмді

Әнші                         Сәнді                  Дән

Әл                               Дәм                 Дәнді

  1. тапсырма .
  • Біз қарай жүріп , қасқырмен кездестік
  • Қасқыр бізден мәтінді оқып беруімізді сұрады.

Атам – ауылда малшы атамның аты – Әлімжан .Ағамның аты – Әділ.Інімнің аты – Әмір.Әділ мал суарады.Атам саты жасады. Әмір ән салды.

  • Балалар қасқырдың тапсырмасын тамаша орындадыңыздар.
  • Жарайсындар!

Жаңа сабақ .Ө дыбысы мен әрпі.

А) Суреттен не көріп тұрмыз ?

- Өрік

- Өрік туралы не білеміз ? (оқушылар өз ойларын айтады)

Ә) Өрік сөзін бастап тұрған қай дыбыс ?

- Ө

Б) Ө дыбысын бәріміз бірге дыбыстайық.

(Ө – дауысты дыбыс,әндетіп айтуға болады)

В) Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасайық.(дәптермен жұмыс)

Г) Ө әрпі қай әріпке ұқсайды ?

- О әрпіне.

Ғ) Өәрпін жазып көрсету

Жазу жолының ортанғы жағына қолымызды солға қарай иіп жазу жолының төменгі сызығына түсіп қолымызды жоғары қарай  көтере отырып оңға қарай     түзу  сызық сызамыз.( ауада жазамыз 1,2,3)

  1. тапсырма

-Балалар, бізге түлкі кездесті.

- Ол қаңдай аң ? (қу,айлакер аң)

-Ол бізге жұмбақтар шешейік,-дейді.

1. Тамақта жоқ , өнеште бар.

    Қалашта жоқ , көмеште бар. ( Ө әрпі )

2.Көгеріп көп болады ,

    Сарғайып жоқ болады. (Өсімдік)

  • Жұбақтардан  Ө дыбыс бар сөздерді тауып оқу (өнещ,көмеш,көгеріп)

Сергіту сәті

  1. тапсырма
  • Қоянмен бірге сергіту сәтін жасайықшы.
  • Бармақ болып тоғайға
  • Сұр көжегін жуынды...
  • Бағанадағы сөздерді оқыту .(сөл,мөл,төл,өмір,өріс,өңір)
  • Сөздік жұмысын жүргүзу.
  • Біз хайуанаттар бағында зебралармен кездестік . Олар бізге мәтінді бірге оқиық деді
  1. тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.

Шырын.

А )Жеке оқушыларға  оқыту.

Б )Тізбек бойынша оқыту.

ІІІ Сабақ қорыту

  • Бізге бақта маймыл кездесті.
  • Ол өзі де шырынды жақсы көреді екен . Бізден , шырын неден жасалды? –деп сұрайды
  • Сендер білесіндер ме ?
  • Шырын жеміс – жидектердің сөлдерінен ( алма, алмұрт,анар, жүзім,шие,өрік,апельсин,лимон,шабдалы,т.б. ) жасалады.(жеміс ағаштарының суреттері көрсетіледі)
  • Міне , балалар біздің серуеніміз аяқталды.Хайуанаттар біздерге риза болды. Олар өте қуанышты!
  • Мадақтау ( оқушыларға жұлдызшалар таратылады)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ч дыбысы мен әрпі.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2660 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык