Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның


Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның
Сабақтың тақырыбы:«Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның»
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларды еліміздің табиғатында болып жатқан 
                                     өзгерістер туралы мағлұмат беру .
                                   ә)Табиғатты қорғауға, аялауға, қамқор болуға                                            
                                       үйрете отырып  экологиялық тәрбие беру.
                                   б) Адамзат үшін табиғаттың маңыздылығын 
                                       ұғындыру.Эстетикалық талғамдарын арттыру.
 
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдәісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ- жауап
Көрнекілігі:Қанатты сөздер, Қазақстанның көрікті жерлері, табиғат                      
                      суреттері,интерактивтік тақта.
 
Сабақтың барысы:
 
Мұғалім: -Адамзат жаралғаннан бері оның алдында тұрған маңызды мәселе –адам өмірін ұзарту . Адам болған соң ажалдан құтылмайды. Алайда сақтай отырып, өз өмірін ұзарта алады. Әрбір адам 120 және оданда көп жасауға мүмкіндігі бар. Өз денсаулығын өзі шыңдап 95 жыл өмір сүрген американдық Поль Брег деген кісі әлемге әйгілі «Ашығудың ғажабы » деген кітабында табиғаттың  ғаламның денсаулығы жалпы адамзаттың саулығы екенін дәлелдеді. 
Ата – бабаларымыз мұра етіп қалдырған туған жеріміздің табиғатының қаншалық жақсы күйде екенін білеміз бе? Табиғатымыз қаншалықты таза , әсем болса ондағы тіршілік атаулының барлығы да дені сау болмақ. 
Қазақтың ақын – жазушылары туған жерлерінің табиғатының шұрайлы жерлерінің әсемдігіне таңдана отырып, өздерінің жүрек жарды өлеңдерінде жырлады. Қазақстанның ең көрікті жері саналатын Көкшетауды көптеген ақындарымыз жырларымен жырлаған. С.Сейфуллиннің «Арқаның арқалысы – Көкшетау» деген жолдармен жырлаған поэмасы бар.  
Бірақ осы әсем табиғатты өлкелеріміздің арасында экологиялық апатқа ұшыраған қаншама жерлер бар. Оған теңіз суы қатты тартылып, тұзды шамадан тыс көп мөлшерде бөлген Арал теңізі, Семейдегі, Тайсойған құмындағы, Батыс Қазақстан облысындағы Капустин – Яр полигондары бар.  Қазақтың бір туар дара тұлғалары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов туған  Семей жерінде  1949 жылы ашылған Невада- Семей полигоны халқымызға орны толмас үлкен қайғы, қасірет әкелді. Бұл жарылыстан қаншама адамдар зардап шекті.  Көзі немесе қол – аяқтары жоқ балалар дүниеге келіп, адамдар өмірден ерте кетіп жатты.
Жарылыстың қуаты 22 килло тоннаны құраған. Бұл Жапонияның Хиросимасына тасталған атом бомбасынан 2500 есе күшті.1989 жылы Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов бас болып Семей полигоын жапты. Содан бері өткен 25 жыл ішінде қазақ халқы өз жерінде бұл дүмпу күшін естіген жоқ. Биыл Невада- Семей жарлысының жабылғанына 25 жыл толды.
Астана қаласына бара қалсаңыздар Қазақстанның тұңғыш Президентінің мұражайында осы Семей жеріндегі қасіретті көрсететін үлкен зал бар. Оны көрген кезде жаның түршігіп, жарымжан балаларды аяйсың.  
Олай болса, біздің 3 «ә» класының «Денсаулығы ғаламның- денсаулығы адамның» атты тәрбие сағатында оқушылардың оқығандары мен ойға түйгендерін назарларыңызға ұсынамыз.
Арыстанбек : Уа, халайық !
        Әуелгі байлық –денсаулық,
                Екінші байлық –еркіндік,
                Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық-қайрат күш,
                Бесінші байлық – ақ жаулық , 
                Алтыншы байлық – жүз саулық- деп ақын ағамыз жырлағандай басты байлығымыз денсаулықтың досынан дұшпаны көп неге? 
 
Шұғыла: -Неге деймісіз ? Жауап беріп көрейік . 
                Адам- Табиғат пен Жер-Ананың  төл перзенті. Солай бола тұра табиғат зағын аяқа таптап, өркениет заңын төбеге көтерді,ал одан тапқан пайдасы-санап тауыса алмайтын ауру-сырқауды тауып отыр. Оны туғызған адамдардың өздері екенін мойындамайды. Табиғат Анаға жала жауып, табиғатқа қарсы шықты. Жаратылысқа қарсы шығу,табиғатты  ластау дауасы жоқ рак,СПИД, нашақорлық сияқты дерттерді өмірге әкелді.Оның кінәсін уақытқа жауап «ғасыр індеті»деп ат қойды.
 
Жансая: -Ауру адамдармен бірге тумайды.Археологиялық қазбалардан шыққан ерте заман адамдарының  қаңқаларын  зарттегенде қазіргі аурулардын бірі де табылмаған.
            Үндіс тайпалары Американы  жаулан алғанға дейін  дені таза, сымбатты болған екен. Солтүстіктегі эскимостар да көптеген аурулардан бейхабар.Тіпті өзіміздің ата-әжелеріміз де  дәрі ішпей –ақ 100 жасап отыр емеспе.
 
Диас:  Адам табиғаттың төл тумасы болғандықтан биологикалық заңдылықтарына  бағынуға міндетті. Өзін әрқашан сергек сезінген  ұстамды  адамдар әрқашан өзін әлдеқайда жас сезінеді, жас көрінеді.
 
Сұлтан: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
  Жылдың сол мезгіліне өзге неміз?
Табиғаттсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғаттың өзі де өлі,- деңіз.
 
Рахат:  Табиғат егіз адаммен,   
Ұқсастық табам одан мен.
Мәңгілік болсын егіздер 
Жер –Ана , көл- теңіздер .
Асхат: Жазда аралап тауында 
                 Барамыз біз бауына
                 Өзеніне шомылып,
                 Жүгіреміз жауында.
 
Аяжан: Табиғат ол анамыз.
                 Табиғатқа баламыз,
                 Құшағында ойнаймыз.
                 Шаттық әнге саламыз.
 
Қарлығаш:    Табиғаттың бауырысың, досысың,
                Аянбау да керек шығар дос үшін,
                Екеуіңнің арандағы байланыс,
                Өмірбақи үзілмесін қосылсын.
-  Иә, табиғат бізді қоршаған дүние байлыққа тұнып тұрушы еді, қазір де аз емес. Не нәрсені де ысырап қылмай орынды пайдалансаңдаршы деп кәрі әжем бізге үнемі ескертіп отырады. Шынында да, «Судың да сұрауы бар» демекші, үнемшілдікке  үйренейік.
 
Асылжан:Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,
                Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.
                Сен-көлсің, сен-ормансың, сен- бұлбұлсың,
                Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
 
Султан:  Жерден асқан жомар жоқ,тақсыр ұлы,
Жақсылыққа жүз есе жақсылығы.
                  Түйір дәнге береді тұтас масақ,
                  Оралады орман боп бір шыбығы.
 
Алишер: -Қазір біздің елімізде жыл сайын көктем айларында ағаш отырғызу ғұрыпқа айналды.Өйткені орман-тоғайларымыз,ауыл маңындағы бауларымыз аяусыз кесіліп, өараусыз қалды. Күтімсіз қалған парктер, жол жиегіндегі сынған ағаштар қазір қалпына келтіріле бастады.
 
Жансая:  Иә, халқымыз «Бір тал ағаш кессең – он тал ек» - деп, жасыл  желектің жер көркі екенін ұрпақтан-ұрпаққа айтып. «Көкті жұлма – көктей соласың», «Суды арамдама, сенен кейін де пайдаланатын адамдар бар ». «Табиғаттың  кішкентай  жәндігін де  жәбірлеме, оның да пайдасы бар » - дегенді  оқып  үйреніп  жатырмыз.
 
Лаура:   Су- пәктік  кепілі, ол денсаулықтың,
              О баста тіршілік  боп судан шықтың.
              Бұлақ көл, өзен, теңіз, мұхиттардың,
              Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.
 
Нұржан:  Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білерсің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсайғанда білерсін,- деп шешендеріміз   айтқандай, денсаулықты, барды бағалап білгенге не жетсін. 
Нұрсұлтан:  Шіркін, мен  сиқыршы  болсам,  Аралды, Балқашты суға толтырып, қамыс құрақтарын  қалпына  келтіріп, құс базарын қайта думандатар едім. Естуімше, күніне қаншама құстар, өсімдіктер  тіршілігін тоқтатады екен. Неге  дейсің бе, қоршаған  ортаның ластануы, адамдардың  қатігездігі осының бірден-бір себебі емес пе?
 
Марен:  Ал, мен қолымнан келсе улы газдарын ауаға есепсіз төгіп жатқан завод, фабрикаларға, машиналарға бақылау орнатып, тәртіпке келтірер едім.Заводтардыңтүтіні мен газдарынан қаншама адам, қаншама табиғат уланып жатыр. Завод , фабрика басшылары байлыққа кенелеміз деп ең негізгі байлығымыздан айырлып жатқанымызды біле ме екен? 
Заводтан шыққан улы заттары бар көлшіктерді көл екен деп ұшып келген құстар қырылып қалады екен.  
 
Би: Аққу 
 
 
Меруер:  О, достарым, құста қандай айып бар,
              Келген құсқа құшағынды жайып қал.
              Әлем теңіз, өмір толқын, жыл құсы,
              Желкенедерін жел көтерген қайықтар.
 
Думан:   Құсың қайда, қарғым –ау?
-Атпадым!
Көп еді ғой көлде де құс.
-Көп екен.
-Түк дәлелім жоқ екен.
Атуға сен қимадың ба?
-Қимадым.
Туған жердің құстарын да сыйладым.
 
Шұғыла: Олай болса, табиғатты түсіну - өзіңді-өзің түсіну. Жаның сұлу болса, сенің айналаңда сұлу болып нұрға бөленеді. Жаны сұлу  жандардың денсаулығы да  жақсы болады деп ойлаймын. Өйткені ондай жандар  барға қанағат ететін , көпшіл, еңбекқор, көңілді болады.
 
Балалардың тілегі.
 
Сержан:  Ауа да, тауда, көліміз,
Табиғатқа  берген  сыйымыз.
               Мәңгілік мекен, ғажайып,
               Табиғат біздің үйіміз.
 
Рахат:Шаттықа толған күніміз,
                 Біз ата-ана гүліміз.
                Табиғатта ойнап ән салып,
                Бақытқа толсын үйіміз. 
 
Санжар:Жақсылығымызды тигізбек,
                Тірлікте бізге игі іс көп.
                Біз білеміз ортаны,
                Аялау бізге парыз деп.
 
Тілеген:    Ауаны таза қыламыз,
                Таңертең ерте тұрамыз.
                Көшені бақты мәпелеп,
                Әдемі әлем қыламыз. 
 
Жансая:    Пайдаға тисің әр ісің.
                Балалар соны шын түсін,
               Адамға мекен мәңігілік,
               Табиғат қымбат біз үшін.
 
Қорытынды
Мұғалім:Табиғаттың  құпиясы тұңғиық,
                 Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.
                 Білген сайын сырын оның білеміз,
                Жүректерде  өшпес жалын нұр құйып.
 
Қасиетті  Жер Ананың бойындағы табиғат байлықтары – жер бетіндегі бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан,Атамекен деген ұлы ұғымдар бір-біріне үндес әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қастерлей білу- бәріміздің борышымыз.
        Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын! Табиғатты түсіне білейік! 
Ән : «Атамекен»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Бізді қоршаған әлем
Табиғатты қорғай білейік.
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ
Табиғат - туған үйіміз
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Табиғатты аялай білейік
Табиғат-туған анамыз
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6842 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык