Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім туралы түсінік


Сан есім туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы:Сан есім туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: сан есім туралы толық мағлұмат беру
 Білімділік.
Сан есімнің құрамы, мағынасы, тұлғасы жағынан ажырата білуді таныту, 
жасалу жолдарын түсіндіру, бір таңбалы сан есімдерді екі таңбалы сан 
есімдерден ажыратып жаза білуге үйрету.
Дамытушылық.
Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс барысында 
қалыптастыра отырып, дұрыс қолдана білуге үйрету. Сауатты , қатесіз жазуға 
дағдыландыру
Тәрбиелік.
Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа, әдемілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық  сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, түрлі-түсті суреттер, сызба-кестелер.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Салем бердік сіздерге
Құрметпенен біз,
 
ІІ.  Психологиялық дайындық.
   Осы біздер қандаймыз?
   Талабы биік таудаймыз
   Ақылдымыз,парасаттымыз, көңілдіміз
   Үлкенге ізеттіміз
   Кішіге қамқормыз
   Көп оқимыз
   Өнерліміз 
   Жанып тұрған шырақпыз!
   Елімізді өркендететін,
   Бабаларға тағзым ететін.
   Біз қазақ елінің болашағымыз.          
 
  ІІІ Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді 
 І «Зат есім» тобы
 ІІ «Етістік»тобы
ІІІ «Сын есім» тобы»
ІV «Сан есім» тобы»
 (Әр топ өз спикерін сайлайды) 
 
 
IVҮй тапсырмасын сұрау
Әр топ сөз таптарынныңережесін қайталап топта талдап өз таныстырылымдарын дайындайды, қорғайды.
 
 
   Зат есім     Етістік Сын есім
Сан есім
 
ІVМағынаны тану 
 
 
VОй шақыру
Мақалды жалғастыру
1. ... атасын білмеген жетесіз.
2. Білекті  ....,   жығады , білімді...  жығады  .
3. ... теңгең болғанша,  ... досың болсын
4. ... жылда ел жаңа.
 
VI Дәптермен жұмыс 
1) Көркем жазу 
Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
2) 2- жаттығу  Берілген зат есімдердің алдына сан есімдерді қойып жазу
Жеті ата, төрт мезгіл, екі көз? он саусақ? жеті қазына, жеті ғаламшар  .
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
 
VIІ Сергіту сәті    /математикалық жұмбақ шешу/
 
Табақта он бес алма,
Қолымда төрт алма.
 Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
 Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім. 
Нешеуі қалды өзімде? ( 12 )
 
 
3- жаттығу 
Берілген сан есімдерге – ыншы, інші,-ншы, ніші жұрнақтарының тиістісін қойп жаз.
Бір+інші, екі+нші, үш+інші, төрт+інші, бес+інші, алты+ншы, жеті+нші, сегіз+інші, тоғыз+ыншы, он+ыншы.
 
VIІІ  Ой толғаныс 
                   Кім жылдам? ойыны  
            Меңзердің бағытымен оқысаң , ақын Қ.Омарұлының өлең жолдары шығады.
 
 
ІХ Бекіту   Семантикалық карта
 
Сөз таптары
 
     сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
ұшты
кітап
сұлу
бесеу
аласа
мұғалім
биледі
оныншы
жарық
жеті
шабдалы
үшеу
 
Х Бағалау
ХІ Үйге тапсырма : 4- жаттығ

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сан есім
Реттік сан есім
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есім
Сөз таптары
Сан есім туралы түсінік
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3733 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык