Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақтас құрмалас сөйлем


Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
 
Сабақтың мақсаты: Білімділік – сабақтас құрмалас сөйлем және олардың түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлем түрлерін бір – бірінен және жай сөйлемнен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық – сабақтас құрмалас түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік – ана тілін сүйюге, қадірлеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, тапсырмалар.
Сабақтың түрі:   қайталау.
Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап, талдау, салыстыру. 
                                        Сабақтың барысы: 
I  Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын сұрау
I.Ой қозғау
I топ
 Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
II топ 
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
III топ 
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары қалай байланысады?
IIСәйкестіру
• Ыңғайлас         не, немесе
• Қарсылықты    және, әрі
• Себеп-салдар   кейде, бірде
• Кезектес           сонша, сол
• Талғаулы          дегенмен, сонда да
• Түсіндірмелі    өйткені, себебі
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
• Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері
• Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі
• Баяндауыштарының жасалу жолдары
Салыстыру әдісі
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем
Биыл қыс суық болды,бірақ қар аз жауды. Биыл қыс суық болғанымен, қар аз жауды.
 
 Сабақтас сөйлем мен салалас сөйлемнің айырмашылығын толтыру
Салалас Ұқсастығы Сабақтас 
Алғашқы жай сөйлемдері тиянақы. Тең дәрежеде байланысады. Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады. Синтаксис 
Құрмалас сөйлем.
Күрделі ойды білдіреді. Алғашқы жай сөйлемі тиянақсыз. Бағына байланысады. Бағыныңқы – басыңқы.
 Ереже : Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем.
Жасалу жолдарын түсіндіру
Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Мысалдар
Шартты рай
Көсемше 
 
 
Есімше 
 
 
 
 
Етістік -са, -се
-а,-е,-й
-ып, -іп, -п
-ғалы, -келі
-ған (-ша, – дай)
-ген (-ше, -дей)
-ған (-да)
-ген (-да)
-сайын, соң,үшін,шақта
-ысымен,-ісімен
  Қалауын тапса, қар жанады.
Күз болып, дымқыл тұман жерді басты.
Аздың азаншысы болғанша,көптің қазаншысы бол.
 
 
Мына сөйлемдерге көңіл аударайық: 
1. Сөз жүйесін тапсы, мал иесін табар. (ш.б.с)
2. Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. (қи.б.с.)
3. Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр. (м.б.с.)
4. Қыс келгенмен, қар жаумады. (қ.б.с.)
5. Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты. (с.б.с.)
6. Ол оқымақшы болып, қалаға келді. (м.б.с.)
 
 
IV  Білімді бекіту.
1-тапсырма
                      Сабақтастарды ажырат
 Ол келсе, сабақ аяқталыпты. 
 Кең болсаң, кем болмассың.
 Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. 
 Арман оқысам деп, қалаға келді. 
 Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. 
 Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен. 
 Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.
 Жауға  жаныңды берсең де, сырыңды берме.
 Сөз жүйесін тапса, мал иесін  табар. 
 
 2-тапсырма
                    Сөйлемдердің жалғасын тап.
 Жанында әкесі болды... 
 Оның даусы жақсы... 
 Хакім кітапты ұстаған күйі... 
 Олар үйге тезірек жетпек болып... 
 Әкесі атқа мініп кетті...
 Бәйгеге түсіп жарыспай... 
       Бірақ ән айтуды жақтырмайды. Аттарына қамшы басты. Сондықтан шешіліп сөйлей алмады. Ат өнері білінбес. Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. Баласы үйге кірді. 
3-тапсырма
Тест
V  Қорытынды. 
Сонымен, балалар, сабақтас құрмалас сөйлемді толық меңгердіңдер ме? Венн диограммасы арқылы алған білімідеріңді байқаймыз. 
              Салалас                  Ұқсастығы                   Сабақтас
 
VI  Оқушылардың білімін бағалау.
VII  Үйге тапсырма:  Көркем шығармалардан сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне мысал жазып, талдап келу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 17307 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык