Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ


ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
 
 
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Академик В.В.Радлов(XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.   
           Шешендік сөздерді оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені тіл тазалығын сақтау, ана тілін сүю, шебер сөйлеуге машықтану, көпшілік алдында сөйлей білу, өз ойын жеткізе алу халық өнерінен білім алумен тікелей байланысты.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды.Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. 
«Шешен» сөзі қазақ тілінде ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. 
«Шешен» сөзі қазақ тілінде «сөзшең», «айтқыш», «тапқыр», «суырыпсалма», «ділмар», «қызық тілге жүйрік» дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. «Шешен» сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудәң шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде «шешен» деген сөз көп мағыналы:
1.  Шешендік өнермен айналысатын адам;
2.  Көпшілік алдында сөйлейтін адам;
3. Қызыл тілді меңгерген, шешен сөйлеуге қабілетті адам.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер ақындық секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. 
Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Дүние жүзіне әйгілі шешендердің көпшілігі парламенттік қайраткерлер мен заң қызметкерлерінен шығатындығы кездейсоқ емес. Атап айтсақ, ежелгі афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент мүшелері, басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс шешендері А.И.Урусов пен Ф.Н.Плевако заң қызметкерлерінен шыққан. 
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады. 
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің жеке саласы ретінде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты.
Бұл тұстағы шешендік сөздердің функционалдық сипатын жазған, Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі ой сарабын тереңдеткен, дамытқан ғалым Халел Досмұхамедов. “Қазақ халық әдебиеті” атты зерттеуінде Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге “Билік сөз” деп шешендік сөздерді жатқызады. “Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияныңбұлтүрібиліксөз (замечательные приговоры судей биев) депаталады” – депатапкөрсетеді. 
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.   
Қазақ шешендік өнерінің зерттелу тарихы өткен ғасырдың бірінші ширегінен бастау алады. Мәселен, 1883 жылғы “Дала уәлаяты” газетінің 24 санында Әлихан Бөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді. Ғалым 1926 жылғы “Әдебиеттанытқыш” атты еңбегінің “Шешен сөз” деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: 
 саясат шешен сөз; 
 билік шешен сөз; 
 қошамет шешен сөз; 
 ділмар шешен сөз;
 уағыз.
Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Белгілі шешенлер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан тек бізге жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып бүкіл халық қазынасына айналып кеткен, сан өилы заманнан, талай таптың сарабынан өткен шешендік сөз нұсқалары ертегіден бастап, ескі өлең-жырлардың, хикая-дастандардың көбінде кездесіп отырады.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер төмендегідей:
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған.
Әдеби мұраның, қайсысында болса да, шешендік сөздер даналығын, тіл байлығын көрсетеді. Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтылған халық ойының жемісі, қорытындысы. 
Шешендік – тапқырлық сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен, тек жатталып, жазусыз сақталғандықтан сөздердің көбі ұмытылған, қайсы бірі жаңа дәуірге сай жаңа мазмұн, жарасымды  түр тауып жаңарып, жаңғырып отырған. 
Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады.
Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.
Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан.
Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. 
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса, “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, деп Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай –ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған. 
Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. 
Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі.Шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді оқу бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.
Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: 
...Көш бастау қиын емес – 
Қонатын жерде су бар. 
Қол бастау қиын емес – 
Шабатын жерде жау бар. 
Шаршы топта сөз бастау қиын – 
Шешімін таппас дау бар, –
 деп дұрыс аңғартады.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері шартты түрде үшке бөлінеді: 
 шешендік толғау
 шешендік арнау
 шешендік дау 
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. 
Шешендік сөздер үш түрлі болады: 
 кеңесу 
 билік 
 салтанатты сөз
Ал құрылысы жағынан да үш бөлімнен тұрады.
1. Кіріспе
2. баяндау 
3. қорытынды
Халық шығармаларының қайсысын алсақ та алдымен оны жеке адамдар 
Шығарғанын аңғарамыз. Одан кейін оныбіреуден біреу естіп, жатқа айтып, жаңғыртады, өңдейді, өзгертеді. Ақырында әлеуметтік мәні, әдеби құны бар әрбір шығарма сынала сырлана келіп, белгілі бір халықтың тұрмыс-салтына, тіршілік тілегіне, ұғым-сеніміне үйлесіп қалыптасады да, бүкіл халықтық мұраға, ортақ  рухани қазынаға айналады. Алайда кейіпкерсіз, оқиғасыз шығарма болмайды. Өйткені адамсыз жерде әлеуметтік өмір жоқ. Ал әдеби шығарма дегеніміз өмірдің сәулесі. Сондықтан халық шығармасы да адамсыз, кейіпкерсіз жасалмайды. Әдетте ауыз әдебиетіне тарихи қайраткер белгілі бір оқиғаға қаһарман етіп алынады немесе әр түрлі оқиға белгілі бір қайраткердің төңірегінде топталады. Мысалы, Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше, Қарашаш – сондай жиынтық образдар. 
Бұл образдар, әрине, әуелде өмірде болуы мүмкін. Бірақ әдебиетте жасалған қаһарман өмірде болған адамның өзі де емес, көшірмесі де емес, халық санатында қайта жасалған бейне, яғни, артныа өнегелі іс, сөз қалдырған тарихи қайраткердің, өнерпаздың мәңгілік өмірі деуге болады. Ондай жағымды тұлғаларды халық келер ұрпақ үлгі алсын деп жасайды, кейде керісінше қайырымсыз хан, сараң бай, залым уәзір сиықтылардың жағымсыз бейнесін жасап жаманшылықтан сақтандырады. Халық өзінің шығармаларында белгілі адамның бейнесін ғана өзгертіп алады. 
Шешендік сөздердің бастауын ертегі-аңыздардан іздеу керек. Ертегі-аңыздардағы жиі кездесетін «ай мен күндей, әлемге бірдей», «ай десе аузы, күн десе көзі бар», «темір етіктен теңгедей, темір таятан тебендей қалғанда» деп келетін бейнелі сөз тіркестері шешендік сөздердің алғашқы нұсқасы деуге болады. 
Ақындық, шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қажетті жағдай еркін сөйлеуге бостандық, сөз бостандығы. Бұл жөнінде де қазақ қауымында сөзге тыйым салынбаған, сынға шек қоймаған. Тілімізде “би”, “шешен” деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз. Бұл ең алдымен елдің шежіресін, тарихын ұлылы-кішілі ел басынан өткен уақиғаларды, тарихи қайраткерлерді, әсіресе дау-дамай, соғыс біткен мәселелеріне реттеу тәртібін екінші сөзбен айтқанда, әдет-ғұрып заңын жетік білуге тиіс. “Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған”, - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан. Шешендердің басым көпшілігі билеуші тап өкілдері болған. Көбінесе шешендер жер дауы немесе жесір дауы немесе ердің құнымен байланысты айтылған билік төрелік сөздер. Шешендік сөздер, өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік тіпті ақындық сияқты өнер танымай кейбір тыңдаушы адамдардың “жақсылар” мен жайсаңдардың жеке бастарының қасиеттері ретінде де бағаланған. Ақындар сияқты шешендер арнайы өнер жарысына түспеген, түсуге арналған, олардың шешендігі белгілі бір дауларды шешу үстінде көрінген, шешендік – тапқырлық сөздері белгілі бір мақсатпен байланысты туыған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі араласа алмаған. Алайда үстем тап өкілдері ру басы – билер шешендік өнерді өзінің шын иесі халықтан бөліп – жарып әкете алмаған. Нағыз кедей мен жарлы жалшыдан небір күміс көмей, жез таңдай халық шешендері шығып, әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байытуға қалыптастыруға қазақтың алғашқы авторлары өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері әз Жәнібек хандығының төңірегінде дамыған. Қазақтың шешендік өнері үш жүздің басын қосқан Тәуке ханның тұсында, ханның ордасы Түркістан қаласында жанданған, ердің ұнына екі ауыз сөзбен бітірген даңқты дала Демосфендері ме Цицерондары, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және қара жігіт Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да осы кезде шыққан. 
Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар. Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді”. 
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, биыл туғанына 370 жыл толғалы отырған      Әйтеке Байбекұлының (1644 -1700 жж.) шешендігі мен әділдігіне тоқталғым келеді. 
Әйтеке БайбекұлыӘмір-Темірдің бас кеңесшісі, Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.
Әйтеке би жайлы ел аңызы.
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қойған орта жүздің бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында дау басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің?–
 деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәмілеге келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
- Ашу деген ағын су,
Туысқан сон сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған бөлеге жолымды,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле сен, жылқысын қайыр!
Кісі бірге туыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр!–
деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
Сонымен бірге Әйтеке бидің төмендегідей сөздерінен оның «қара кылды қақ жарған» әділдігімен бірге қызыл тілге жүйріктігін, әсерлі, әдемі, бейнелі, ойлы сөйлей алатынын көреміз.
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; 
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; 
Тындырымды інісі болса; 
Қанат-құйрығы сай болып, 
Көңілі жай болып, 
Ағаның алар тынысы болса; 
Інінің міндеті - басқару, 
Ағаның реті - бас бағу емес пе? 
 
Жігіттің жақсысы: 
Дұрыс сөзге тоқтай білген, 
Басқаны сөзіне тоқтата білген. 
 
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; 
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. 
Бай болып пайдаң тимесе, 
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп,  сөз өнерін еркеше тани білген. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. 
Ақылмен ойлап білген сөз, 
Бойына жұқпас, сырғанар. 
        Ынталы жүрек сезген сөз, 
        Бар тамырды қуалар, - деп ғұлама ақын Абай айтқандай, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен. Шешендік сөздердің біздердің тілімізді дамытуға, сөздік қорымызды байытуға қаншалықты қажет екеніне көзім жетті. 
Оқушыларға арналған оқулықтардағы аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлері біздің  дүние танымымызды кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Шешендік сөздерді оқып-үйрену –  өнегелі істерге апарар жол. 
 
Пайдаланған әдебиеттер
1.Адамбаева Б. Алтын сандық.- Алматы: Жазушы, 1989.- 195 6.
2.Адамбаев Б. Қазақтың шешендік сөздері.- Алматы: Ана тілі, 2008
3. Шешендік шиырлары - Алматы: Қайнар, 1993.
4. «Қазақстан патриоты» - Оқушылар мен жастарға арналған республикалық әскери-патриоттық журнал, «Бимлер институты» айдары, Алматы: «Dostar Media group», 2014

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері.
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Сөз сыры
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Ұлттық шешендік өнер
Шешендік өнер
Қазақтың би-шешендері
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 65242 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык