Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3002 |
|
|
|
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Мектепшілік іс-шара: Ұстаз болу жүректің батырлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен, плакаттармен, гүлдер және шарлармен залды әдемілеп безендіреміз.
Әннің ырғағымен залға қонақтар, ата-аналар мен мұғалімдер отырғызылады.
1-оқушы: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағынығ жай-күйі болмақ. Жан-жақты білім алған парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру – бүкіл ел-жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын білім баспалдағы – мектеп және мұғалімдер болып табылады. Сондықтан баланы оқыту мен тәрбиелеу ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай бейнеті ауыр еңбек ететін ескергеніміз жөн.
2-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтай отырып әр жаңұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
« 4-сынып: би»
1-оқушы:
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мың рахмет атап айттым ұстаз сізге
Оқытып білім бересің шәкірт бізге
Құттықтап келіп тұрмыз мерекеге.
2-оқушы:
Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған.
Бұл далада атам қаға туалған.
3-оқушы.
Әнұраным – жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны.
«Қазақстан Республикасының гимні орындалады»
1-оқушы:
Мектебіміздің басшысы да, тірегі,
Барлығы оны мейірбан деп біледі.
Әрқашанда басшы демей ол өзін
Ортамызда ойнап-күліп жүреді.
Құтты болсын мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды.
Өзіңізге бақыт тілей отырып өмірде
Ұсынамыз сөз кезегін өзіңізге.
«Мектеп басшысына сөз беріледі»
3-сынып
2-оқушы:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ұстаздардың бар айтқан
Ұлағатын ұғындар.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығыңдар.
«ән: «Домбырасыз сән қайда»»
1-оқушы: ҰСТАЗ! Осы бір сөздің өзіңде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі, - деген Ы. Алтынсарын атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол – ҰСТАЗ. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
1-сынып
2-оқушы:
Мектебім, сенсің білім мен өнер ордасы
Тұлпардың сенде жүйрігі мен жорғасы
Тәберегіңнің тәуірі маған тиер ме?
Кқрімдігіңнің қомақты болсын дорбасы
Биікте тұр менің бал қиялым,
Жақсы сөзді өзіңе арнап жинадым.
Тірегі де, жүрегі де өздердің
Мектеп атты білім берер ұяның.
3-оқушы:
Ұстаздарым жұрт аузына қараған
Білім нәрі өздеріңнен тараған,
Өздеріңнен алған білім бар адам
Туған елдің құрметіне жараған.
Тәрбиемсің сөз сөйлейсің санадан
Еңбекқорсың бал жинаған арадан.
Мен өзіңді жарық нұрға балаған.
Мен өзіңді алып қырға санағам.
1-сынып
3-оқушы:
Бізге үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз шәкірт, Біз Отанның болашағы
Білімнің басқышына қадам басқан.
4-оқушы:
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Тұрамыз «Ұстазым» деп басымды иіп.
3-сынып
4-оқушы:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы – ардақты адам.
5-оқушы:
Ыстық мекен, алтын ұя – мектебім
Сен арқылы білім алып көктедім.
Дотарыммен бірге күліп, бір жүріп
Қарсы аламын жастық шақтың көктемін.
6-оқушы:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғаның түсіндім – дей келе сөз кезегін аяулы ұстаздарымызға береміз.
2-сынып
7-оқушы:
Мынау менің сезгенім
Ол кластың анасы.
Өзінің де, өзгенің,
Баласы – оның баласы.
Қай кезде де ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып,
Қуанады біз үшін.
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.
8-оқушы:
Ұстаздың тыңдап дәрісін
Санаңа білім дарысын,
Елімнің мынау егемен
Болашақ ұландарысың.
Қиялды көкке самғасаң,
Қыздырар ғылым жарысын.
4-сынып
9-оқушы:
Мұғалім – бұл адамның ардақты аты
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді оны сондықтанда жақын жаты.
Біз ұстаздар алдында:
-оқуда озат болуға;
-мектептің намысын қорғауға;
-ата-ана, ұстазды сыйлауға;
-тәртіпсіздік жасамауға;
-адал еңбек етіп, алтын ұя мектебіміздің салт-дәстүрін сақтап, ары қарай жалғастыруға
АНТ ЕТЕМІЗ!
2-сынып
10-оқушы:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әуелеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Демеңіз бір өнерді аяп қалдық,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Көп көріп кездескенше сау болыңыз
Осымен кешіміз аяқталды, - дей айта отырып, келесі өнерді тамашалаңыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |