Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ерлік пен Жеңіс!»


«Ерлік пен Жеңіс!»
«Ерлік пен Жеңіс!»
Армысыздар , қымбатты көрермендер! Бүгінгі мерекелі концертіміз өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 70 жылдық тойына арналады.

Екпінін жаудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асауға
Жаудың алдын тосамын.
Қыз демеңдер, ағалар.
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара – пар.
Қиындыққа шыдайын.

«Қаһарман қызға тағзым!»
(Капитан соғыс алаңына келіп) Сау – сәлематсіңдер ме, жолдастар?
(солдаттар орындарынан тұрып) – Сәлематсіз бе , жолдас капитан ?
Капитан (төс қалтасынан хаттарды ала бастап солдаттарға): Міне , біраз хаттар келіп қалыпты, алыңдар ! Мәншүк, анаңын беріп жіберген сәлемдемесін ал, ал мынау хаты (Төс қалтасынан алған хатты ұсына беріп кідіріп қалады).
Мәншук : Рахмет, ағай, қалай, ел – жұрт аман ба? Анамның , әкемнің дендері сау ма екен ? (хатқа қолын соза береді).
Капитан : Тоқтай тұр, Маншук, билемесең хатты бермеймін. Ал Алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.
Мәншук : Жарайды. Кәне қыздар билеп жіберейік! («Катюша» әніне билейді. Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды).
Капитан : Жарайсыңдар, қыздар ! Бірақ , Маншук бұнымен сен құтылмайсың?
Мәншук : Жарайды. Мен сізге Потресовтың «Алма ағашы» деген өлеңнін оқып берейін.
Хош иісті алма пісіп бақтағы,
Ақша қардай ақ гүлдері жамылды.
Көрінісі осынау бір шақтағы
Секілді әсем шархат киген қалындық.
Кенет ұйтқып қызғаншақ жел ашулы,
Алмаларды сілкіледі жұлмалап.
Күннің көзін қорғасын бұлт жасырды
Шұғыласын түсірмеуге гүлге нақ.
Естіледі желдің шулап күлгені,
Алма жылап жалбырынды , қысылды.
Хош иісті оның аппақ гүлдерін
Өшіккен жел жұлып алып ұшырды.
Капитан (Қарсы алдында орындықта отырып сүйсіне қол соқты) өте жақсы орындадың, Маншук енді саған анаңның хатын бермеске болмас. (қолдағы қағазды ұсынды).
Мәншук : қандай тамаша жазылған өлең! Мен табиғатты, өмірді соншалықты сүйемін: осындай жанға жайлы, көңілің сүйетін өлеңді естігенде жаның бір түрлі жадырап, бүкіл ауыртпалықтан арылғандай жеңілдеп қаласын. Бүгінгі соғысты, зеңбіректің дамылсыз гүрсілін, миналардың жерге түсіп жарылғанын да ұмытасың. Мен өзім өлеңді, әнді жақсы көремін.
Капитан : Йә, шырағым ,өлең ,ән адамның рухани азығы ғой.
Маншук (Капитан әкелген алманы бетіне тақап, құмарлана иіскеді де) Шіркін, біздің Алматының апортымен тең түсетін ешқандай да жеміс жоқ қой, рахмет, осы сәлемдемені сонау Қазақстаннан қалай көтеріп келдіңіз ?
Капитан : Қалқам Мәншук – ау, елдің сәлемдемесің, оның үстіне ананың қолынан шыққан сәлемдемені қалай әкелмеске ! (Күліп жауап береді.)
Солдаттар : Онда қане, жігіттер, қыздар, Мәншуктің құрметіне ән салып жібермейміз бе ? (ән орындалады).
Солдат қыздар келген хаттарын оқып, біреулері сағыныштан жылап, біреулері хатты кеуделеріне басып отырады.
Маншук анасын хатын оқып, кеудесіне басып тебірене айтады :
Шеше, маған «Күнім» деген сенсің ғой,
Әрең жетт-ау әлсіреген дауысың.
Жыламашы шыдап бақшы ерсіңғой,
Бар емес пе бір адамдай намысың.
Сағындың ба, мен де сені сағындым,
Қандай ана сағынбайды анасын,
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың.
Батқан күнмен, басқан түнмен бірге күт,
Мен де саған оралғанша ынтықпын,
Оралмасам,қош бол, ана, көрерсің
Қалған менен соңғы белгі мылтықты.
Жүргізуші :
Азғантай уақыттың ішінде Мәншук пулементпен атуды шебер меңгеріп «Үздік пулеметші» атағын алады. 1943 жыл 15 қазанда Невель қаласының солтүстік – батыс жақ тұсын қорғады. Осы шайқасты Мәншук ерекше көзге түсті.
Сахна ашылады. Соғыс алаңы. Атылған оқтың, ұшақтардың дауысы шығып жатады. (Мәншук жүгіріп келе жатып) – Жігіттер, жау солтүстік – батыс жақтан келіп қалыпты! (Арқа жағынан оқ тиді ).
Жүргізуші :
«Максимнің» оғын жауға жаңбырша боратты.Өжет қыз өзіне келген көмекші отрядтың жеңісін көре алмады. Аяусыз атқылаған жау оғы тағы бір жас өмірдің гүлін үзіп әкетті.
Қош бол, қыран қазақтың қызы! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қарлығашым, өздерің ерте солғанмен соңдарында өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес, қош бол қазақтың батыр қызы Маншук!
Көрініс көрсеткендер алға келіп тағзым етеді.
5 қыз,5 ұл «Маншук апай» әні орындалады.
Жүргізуші :
Жер жүзін де нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне
Аспан бетін қаптаған қара тұман.
Серпіліп зұлымдықтыңмсөнді түні !
Жүргізуші:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Хор : «Жеңіс жыры».
Жүргізуші : иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жыл 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал, 9 мамыр күні 1000 зеңбіріктен бұрын – соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Бекнұр :
«Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары ,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекең бұлағы.
Аянат :
Шынында бұл – оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің
Жеңіс күні – өзіңдей көзі тірі.
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
Данияр :
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған.
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» орындайтын Ертайұлы Сұлтан.
Азамат :
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды.
Соғыста өлгендер тек оралмады.

Көркем сөз Аманжол Ерасыл «Жеңіс оңай келген жоқ»
Бейбіт күні албыраған ақ таңда,
Жау батыстан соғыс оғын атқанда,
Туған елдің тыныштығын қорғауға
Қан майданға сан боздақтар аттанды.

Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін, жігерін,
Ана үшін, бала үшін, жар үшін.
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

Сол бірқиын, тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар.
Отан үшін опат болған ерлердің
Есімдері мәңгі – бақи сақталар!
Б. Оспанов.
Еркебұлан
Жігіттердің қолдарында ер жүрек
Алаулады Жеңіс туы желбіреп.
Бала біткен шапқылап жүр, мәз мейрам,
«Көптен күткен ең ұлы күн келді» деп
Кімге болсын белгілі осы ай сыры,
Туған жердің нұрға толып ой,қыры
Бар әлемге тыныштықты паш етер,
Шат күлкілер Тоғызыншы май күні.

Жүргізуші :
Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.
«Әрқашан күн сөнбесін» Әні.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ер есімі- ел есінде
«Біз Отанның сарбазы»
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Шығыстың қос шынары
Отан үшін от кешкендер!
Ер есімі – ел есінде
Ұлы жеңіс тарихы
Ардагерлердің ерліктері

Автор Мәдіғалиева Нұржамал

Жасұлан бала - бақшасы

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 3269 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар