|
|
Тақырыбы:«Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Сынып іші: Айдана терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Сол кезде Тамерлан кіріп келіп:
Тамерлан: -Айдана, неге көңілсіз жүрсің?
Айдана: -Е-е, Тамерлан, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Тамерлан: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, мінебибилепберейін, сен тақпақ ай……
Айдана:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жылсайынбибилеп, тақпақайтаберемізбе? Биылбасқаша, өзгешеқұттықтаукерек!
Тамерлан:-Сен қызықсың, тақпақайтпайболмайды.Анатуралыеңәсем, еңжылысөздерақындардыңөлеңдерінде.Балалар да дайындалыпжүрген, олардышақырыпкімдеқандайтақпақ бар екенінбілейік. ( Барлығыжапырлапшығады)
Айдана: ( Басынұстап)-Бәріңтақпақайтуғашықтыңдарма?
Балалар: -Иә,бәрімізаналарымыздықұттықтағымызкеледі.
Тамерлан: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурызтуралыайтатынбалаларайтсын, сосынтағыкөрежатармыз.СондықтанеңбіріншіЖанерке, Мансур, Әмірғали Ерасыл, Маржан, Дидар қалсын, қалғандарыңдысосыншақырамыз.
Мансур:
Үн қатасың бал тілімен,
Еркелеймін әр күнде мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбенен.
Маржан:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Мұғалім: -Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Қазір біз ортаға өлең оқыған оқушылардың аналарын шақырамыз.Мансұрдың анасы – Дана,Ерасылдың анасы – Айнұр, Маржанның анасы – Гүлназ, Дидардың анасы – Жамиля
-Сіздермен ойын ойнайық. Ойынның аты «Шармен жарысу». Шартын түсіндіре кетейін. Аналар қолдарыңызға бір парақтан таратылады, сол парақпен шарды урлеу отырып, белгіленген жерге шарды жеткізу. Бірінші болып келген аналарға балаларыңыздан сыйлық беріледі.
Тамерлан: - Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.
Айдана: -Дұрыс айтасың, Тамерлан. Ана ең жақын, ең ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.
Наурызбай:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Мұхаммедали:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Мұғалім: Енді осы балалардың аналары қошеметпен ортаға шақырайық. Ал сіздерді де жай жібермейміз бір сынап ойын ойнайық. Ойынның аты «Аялы алақан». Шарты: аналардың көздері байлаулы арқылы оқушылардың ішінен өз балаларыңызды тауып алу(әуен оцнатылып тұрады). Ойыннан орын алған аналарға сыйлық таратылады.
Айдана: Кезекті әнге берсек. 1 «б» сынып оқушылардың орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Тамерлан: — 8 наурыз күні аналарымызға көмектесуіміз керек!
Айым: -Ал, мен…..
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа
Жуам кесе, табақты
Су құйып ап ыдысқа
Көмектесем үнемі
Анамның ісі сонша көп,
Ойлап ылғи жүремін
«Қолқанаты» болсам деп.
Мадияр:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп өн бойына таралған.
Мұғалім: - ал ортаға Айымның анасы – Ботагөз, Батырханның анасы – Айнагүл, Ернұрдың анасы – Алмагүл, Мадиярдың анасы – Сәулені шақырамыз, ойынның аты «Зат жинау». Яғни осында отырған аналардан, оқушылардан, көрермендерден заттың аты аталады, соны бірінші болып әкелу керек. Сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әлішер:
Өмірде ана- бақыт, ана- пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана
Жасұлан:
Ана!Ол біздің елде ардақты адам
Кішісі де, үлкені де ардақтаған
Өзінің аяулысы отанында
АНА деп біздің халық текке айтпаған!
Мұғалім сөзі: Осы оқушылардың аналарын ортаға шақырайық. Ойынның аты «Парақта билеу», 5 анаға 4 парақ қана таратылады. Осы парақты айнала билейсіздер, әуен тоқталғанда осы парақтың үстіне тұрып үлгіру керек. Кім парақта тұра алмаса, сол ойыннан шығып қалады.
Әмина:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Тоғжан:
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Мұғалім: Ортаға Әмина, Есілхан, Тоғжан, Тамерлан, Айдананың аналарын шақырайық. Ойынның аты «Көршісін салу» . Шарты: Аналар дөңгелене тұрып, көршісін әуенмен билеп айнала жүріп салады.Ойын ойнаған аналарға сыйлықтарын таратамыз.
Тамерлан:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын әжелерім
Қуанышты берекең
Мұғалім: Ана- барлық өмірдің бастауы. Аяулы аналар!!! Арулар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Енді ортаға 8 қыз аруларымызды шақырайық.
Ойын: Қыздардың көзі байлаулы, менің айтуымды қайталап скакалкадан өту керек. Кім сүрінбей жақсы өтеді сол жеңіске жетеді.
Мұғалім: Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Ал осы аналарымыздың анасын ортаға шақырайын. Яғни біздің жас әжелеріміз!
Ойын: Әжелердің көзі байлаулы, менің айтуымды қайталап скакалкадан өту керек. Кім сүрінбей жақсы өтеді сол жеңіске жетеді.
Айдана:1 «б»сыныбының орындауында «Әже» әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: -Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра сынып сағатымызды аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар!
«Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік кештерден көріністер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |