Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мерекеңмен анашым


Мерекеңмен анашым

Мерекеңмен анашым

Тақырыбы: Мерекеңмен анашым

Қымбатты қонақтар,аналар,әжелер,мектеп ұжымының апайлары.Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Балаларыңыздың сіздерге дайындаған "Ана-өмірдің шуағы"атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар!

1)Бала:    Бұл көктем ала келген мерекесін

                 Наурызғой елге берген мерекесін

                 Наурыздан бұрын тойын тойлайтын

                 Ардақты ана әйел сен екенсің

3)Бала:   Көктемде күн сәулесі мөлдіреген

             Айнала жасыл тудай желбіреген

            Қазағым қыз-келіншек аналарды

            Қырдағы гүлге теңеп елжіреген

4)Бала:  Сенен өскен балалар

              Батырлар мен даналар

              Құттықтаймыз мейрамыңмен

              Құрметті ата-аналар

 1-жүргізуші: 

    Нүргүл сен білесің бе?

Ана дегеніміз өзі керемет жан.Менің анам кішкентәй кезімде не айтсам соны алып беріп,түн ортасында шөлдесем тұрып сусын беретін.Мен де сол анама өлең оқығым келіп тұр.

   Сылаймын мен гүлімді

Теріп алған даладан

Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын анажан

2-жүргізуші:  Ал менің анам ұйықтағанда ән айтып ертегі айтып оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтып беретін,менде анама өлең оқығым келіп тұр.

   Аялаған анамыз

Саялаған панамыз

Шынары боп өсеміз

Шырағы боп жанамыз

Ана біздің күніміз

Аналардың гүліміз

1- жүргізуші:

Ән демекші бүгінгі мерекемізді әнмен бастасақ қалай болады?

2-жүргізуші:

Бастасақ бастайық!

Ән:Апатайым Анашым

1)Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

Анашым өзің менің асқақ әнім

Өсірдің әлдиледің аяладың

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

                         Қ/сы

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

2)Ойладың бүлдіршіндей бала қамын

Сипады маңдайымнан алақаның

Сөзіңді екі етпей қадірлейді

Қарайды қабағыңа балапаның

                         Қ/сы

 1- жүргізуші:

Құрметті қонақтар енді сіздердің назарларыңызға мереке қарсаңында болған бір оқиғаны ұсынамыз.

 Тәтті Нан

1- жүргізуші:

Ал енді әжелерімізге де арнап өлең оқып берейік

2-жургізуші:

Жарайды

5-бала:   Тынығып әже серігіңіз

            Ертек айтып беріңіз

            Әже сүйген баламыз

            Сізден тәлім аламыз

6-бала:Тірегі болып жанында

           Бірге еріп жүремін

           Жанашырым жанымда

           Тек әжем деп білемін

7-бала:  Бізді өсірген апатай

               Еңбегің зор шығар

              Құтты болсын апатай

              Құтты болсын мерекең

8-бала:  Менің әжем айналғанда

                Айым дейді күнім дейді

                Ренжігені білінбейді

                 Екі көзі нұр шашады

                Күн секілді күлімдейді

1- жүргізуші:

Қыздарымызды мерекесімен қттықтап ортаға шақырайық

2- жүргізуші:

Қалай?

Әділет қыздарды гүлге қосып жіберсін.

 9-бала:  Гүлдер,гүлдер көп гүлдер

              Қызыл гүлдер көп гүлдер

             Тұра берші ырғалып

             Сол тұрғаның ұнайды

             Қыздарға бәрі ұқсайды

Ән:Ақжүніс

1- жүргізуші:

Әділетті тағы ортаға шақырайық ортаға енді кімді шығарар екен?

9-бала:  Әні қандай биі қандай жарасқан

Тек өнердің құдіретімен санасқан

Жібек мінез қазағымның қыздары-ай

Билеріай мың бұрала қыр асқан

Би:Асылай

10-бала:  Не жетеді бағаңа

            Күндей етіп өсірдің

           Ақ сүтіңді анажан

          Немен ғана өтермін.

11-бала:Айтса болды тіл алам

               Сені көрсем қуанам

                Сен керексің қашанда

                Шуағымсың сен анам

12-бала:   Аналарды сүйеміз

                 Сөзін ойға түйеміз

                Әрқашанда ардақтап

                Қошемметтеп бас иеміз

13-бала:  Ана деген кім десе

                 Шуақ шашқан күндерім

                 Сәби үшін ұйықтамай

                 Арпалысқан түнменен

1- жүргізуші:

Ал енді мерекелік биді қабыл алыңыздар

Би:Вальс

14-бала:Алтын шуақ төгілді

Гүлдер жапты өңірді

Жұпар иісі себілді

Көктем күні көңілді

15-бала:Ана біздің гүліміз

              Ананың біз гүліміз

              Балаларды қуантып

              Ұзақ ғұмыр сүріңіз

16-бала:Аналар шаңырақтың сәулесі ғой

              Ана деген баршаның дәулеті ғой

              Адамды адам еткен ақ сүт беріп

              Жаңа өмірге сәбиін жетелеген

17-бала:  Мәпелейсің мені ана

                 Қолыңдағы құсыңдай

                Құлпыра өсіп дем алам

                Қашағыңда қысылмай

1- жүргізуші:

Сіздердің назарларыңызға Әр қашан күн сөнбесін әнін ұсынамыз

  Осымен 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келгендеріңізге  көп-көп рахметімізді айтамыз.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
Ана - өмір шуағы.
Анашым, мерекеңмен!
Ана мерейі
Аяулы анашым.
Анамызды аялайық
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана – өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11244 | Қосты: Бердалиева Гульшат Айткуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык