Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлау үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған қалай және неліктен енгізгіндігі туралы рефлекс


Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлау үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған қалай және неліктен енгізгіндігі туралы рефлекс

Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлау үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған  қалай және неліктен енгізгіндігі туралы рефлексивтік есебі

                                                                                «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік  
                                                                          туғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі»
                                                                                                                        Питер Клайн.
 
 Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сыни тұрғысынан ойлау технологиясы.
     Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлануға» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.(Сілтеме:Нұсқаулық,49бет). 
Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата - аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас»дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін тиімді пайдалануды ұйғардым. Осыған орай осы озық тәжірибені, жаңа       модульдің тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - менің шеберлігінің белгісі болады деген ойда жүрдім. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс - тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудардым. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Бұл модульдың стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Мектептегі тәжірибе кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс - тәсілдер: алты қақпақ, түртіп алу, күнделік жазу, әлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ – жауап,инсерт, оқып-оқытамын, спринт -оқу. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Біз дайынбыз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы бір оқушым «Мен өскенде Райымбек сияқты батыр болам және өз еліме қызмет етемін» десе Ұлан деген оқушымның «мені әкем мен анам батырым деп еркелетеді»деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында  және тақырыпқа сай «Мен – сіздер» деп психологиялық тренинг  өткіздім. Мұнда мен балаларға сұрақтар қойып тұрдым, ал олар менің сұрағыма жауап берді.
     - 2 көз не үшін керек?           - Жақсыларды көру үшін
     - 2 құлақ не үшін керек?       - Ақыл кеңес тыңдау үшін
     - 2 қол не үшін керек?           - Елге көмек беру үшін
     - 2 аяқ не үшін керек?           - Шетте жүрсен туған  жерге жету үшін керек.
    Мұндағы мақсатым  «Бабалар өмірі-ұрпаққа тәрбие» деген бөлімнің мәнін тереңірек ашу, және соны балалар ұғыну үшін  «Жауаптарды айтқанда қандай ой туды?» деп сұрадым. Сонда оқушыларым елімізге адал қызмет еткен зиялы, батыр адамдарды ұмытпау керек  және  мен де өскенде елім үшін қызмет етемін деген жауаптары  олардың ойлау қабілеттері сыни тұрғыдан дайын  екен  көрсетті.Сабақ тақырыбына байланысты суреттер алып таңдап топтарға бөлінген кезде де сыни көзқарас таныта отырып, топтасты.  Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болатынына сабақтар барысында түсіндім. Бастауыш класс балалары сыни көзқарастар білдіре алады, себебі балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге  ынталандыру қажет. Егер оқытуды қызықты ұйымдастыра алсам , баланың ойлау мен әрекетін  білім алу жолына дұрыс бағыттай алсам онда мен оқушыларымды білім алу тура жолына саламын деген ойды ұстанып сабақтарымда сыни ойлау стратегияларын кеңінен пайдалануды шештім.Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға
он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Топтастыру стратегиясы бойынша«Мұхтар Әуезов» шығармашылық ағашын толтырды.
  «Әбілмансұр» тақырыбындағы сабақта сызбаны сөйлет, оқы-айт- сахнала, проблемалық полемика, ашық микрафон әдістерін қолдандым. «Сызбаны сөйлет» стратегияны пайдаланғандағы күтілген нәтижем- оқушылардың алдында алған білімдерін еске түсіру, сол арқылы тақырып бойынша білімдерін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да нұсқа айтуға дағдыландыру. Екі топ балалары барынша өз білетіндерін және сызбада жазылып тұрған мағлұматты айтты, бірақ екінші топ жүйелі сөйлеумен ерекшеленді. «Оқы –айт- сахнала» стратегиясындағы күтілген нәтижем – ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгереді, мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын жетілдіреді және кластастарымен жылы қарым – қатынас жасайды. Мұнда оқушы мәтінді алғашқы өзі оқиды, содан соң оны қасында отырған оқушыға баяндап береді, содан бәрі жұмылып сол мәтінді сахналайды. Жас ерекшеліктеріне сай бастауыш класс оқушылары рол ойнауды жақсы көреді және өзінің ролімен кейіпкердің қасиеттерін көрсете алады. Арман деген нашар оқитын оқушым сахналауға белсене қатысып, басты ролді ойнап Абылайдың өсу кезендерін түсінгені мені қатты қуантты. Ал, Айдос деген  оқушым оқуды  мүлде ұнатпайды, өз беттерінше оқыған кезде де оқымай отырды,бірақ қасында отырған озат оқушы Лана оған өз түсінгенің айтып бергннен кейін оқушылармен бірге атсалысып, «Жау жүрек мың бала», деген киноны айтып сондағы көргенін баяндап бергені сыни ойлау деп санаймын. «Проблемалық полемика» стратегиясын пайдаланғанда мен оқушыларым сабақтағы ақпарат мағынасын қалай түсінгендерін бақылағым келді.
Топтарға кесте толтыруға бердім. Олар сұрақтарды оқып бірінші мәтінге байланысты сұрақтарды тауып алу керек және олардың жауаптарын белгілермен көрсету. Екіншіден, керек емес сұрақтар қандай тақырыппен байланысты екенін бір сөзбен айту. Мұнда балаларды негізгісін табуға үйрету, тұрмыстық қарапайым ойлаудан сыни ойлаудың айырмашылығы көмескі, дәлелсіз және белгісіз пікірлерді  дәлелді айқын және нақты пікірлерге ауыстырады.Сыни тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды. Келесі  «Атан түйе шөккен жер» атты сабағымда да карта ойнау, фотокөз, оқып-оқытамын, спринт-оқу стратегияларын тиімді пайдаландым. Бұл әдістерді дәстүрлі сабақтарымда мен пайдаланып көрмегенмін. Осыған орай, менде сабақ жоспарлағанда аландаушылық болды. 2 класс оқушылары  түсініп, орындағанын көргенде және тапсырма барысында қызығушылық танытып бір-бірімен ақылдасып, көмектесіп жатқанда әдістерді дұрыс тандағаныма қуандым. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн.  Сонда мен сабақтарымда үй тапсырмасын тексеру кезеңінде сын тұрғысынан ойлау стратегияларды пайдалану арқылы дайындап әкелген ақпаратты сыныптастарына көрсету, оны дәлелдемелер арқылы қорғап алу,кластастарына өз елестетулерін ұсына білу,кластастарымен өз жұмысын талқылау, басқалардың жұмыстарына пікір білдіру, таным әрекетінде коммуникативті қатынас жасау шеберлігін ұйымдастыру білуін көздедім. 
  «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша оқушылар салып әкелген суреттерінің сыныптастарына көрсетіп, мәтіннен алынған жерлерін түсіндіріп берді. Олардың арасында сурет салмаған балалар болды. Олар тыңдаушылардың ролін атқарды, сонда келесі тапсырма «Карта ойнау» барысында осы балалар тыңдағандары есте сақталып қалғандарын көрсетті. Олар қалған оқушылар қимылмен көрсеткендерін тез арада тауып алды. Оларға «Кайдан білдің?»  деген сұрақ қойылғанда өз жауаптарын оқулық сөздерімен ділелдеді. Бұл жерде де баланың ойлау, есте сақтау және алған білімдерін пайдалануы көрініс тауып жатты. Осы стратегиялар негізінде сабақты жүргізу -  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. 
  “Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. «Фотокөз» әдісі бойынша балаларға батырлардың есімдері жазылған сөздер көрсетілді. Оларды есте сақтау үшін 1мин уақыт берілді. Уақыт аяқталған соң олар есте қалған сөздерді айтып беруі сұралды. Бұл тапсырма оқушыларға қиындық туғызған жоқ, себебі Хаген мен Хейл(1973) 5-6 жасар балалардың селективті зейіннің дамуын көрсетті. Бұл жастағы балалар өздеріне айтқандарына гөрі басқаны да есте сақтап қалатының зерттеу жұмысын жүргізіп көрсетті. Ал мен сабақтың тақырыбын, яғни Райымбек деген сөзді басқа сөздерге қарағанда  ерекше түспен белгілегенмін. Содан балалардан «Осы сөздердің ішінен сендер бір өзгешілік байқадыңдар ма?» деп сұрағанда түрлі болжамдар кетті.  Жауабын бір озат оқушым тапты. Оның жауабы нақты және толық болды.Осындай оқыту нәтижесіндегі қорытынды –тапсырмалар- ды балалар үшін тартымды,қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Бұл сабақта жаңаны тану мақсатында пайдаланған «Оқып-оқытамын» стратегиясы да тиімді шықты. Парақшаларында жазылған мәліметтерді мұқият оқып алып, сыныптастарына барып түсіндірді. Кейбір балалар  сөйлемдерін өз ойларымен толықтырып жатқаның байқадым. Түсіндіріп болған соң оларды осы мәтіннің «композициялық сызбасын» құруын өтіндім. Сонда балалар өз орындарын тауып мәтіннің басын, негізгі бөлімін және соңын табу керек болды. Бұл жерде ақпаратпен жай ғана амал-әрекет жасау емес, ол ассимиляцияланған ақпаратқа, жаңа ақпарат пен бұған дейін белгілі болған ақпарат арасында өзара байланысты түсінуге,осындай түсінуді ынталандыратын үдерістерді ұғынуға және қаншалықты жаңа  әрі қашан зерделенгенін білуге назар аудартады.(сілтеме:Нұсқаулық,80бет) 
       Сыни тұрғыдан ойлау модулінің стратегияларын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Қай әдіс-тәсілді алсанда оның астарында тиімді оқыту жатқанын түсіндім. Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау, раундробинг, РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба, кержез, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың әдебиеттік оқу сабағында берері көп.РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, сезінеді, рөлге енеді, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан - жіңішке сұрақтар аоқылы оқушылар тақырып бойынша жұмыс істей отырып, тақырып мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруымыз керек.Тиімділігіне көз жеткізген бұл модульді енгізу барысында менің де сыни тұрғыдан ойлауым деген  түбегейлі өзгерді.  Әр шәкіртімнің өзіндік даму траекториясын анықтауға жеткілікті түрде көңіл аудармайтындығымды түсіндім.  Әр бала  жақсы нәтижеге жету үшін оған тиімді жол салып беру ол менің міндетіме жататының түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Модульді қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланып келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:білім саласында үнемі жаңаып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, айналасындағылармен анық, нақты,сенімді қарым-қатынас жасай білу,түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу,проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу,топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау,басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасауға қабілеттілік.
     Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.
Пайдалынған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2. «Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде» Жукенова Г.Б.,Торебаева К.Ж.
Актөбе-201
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Тарих пәнінен Өрлеу бағдарламасы бойынша оқытылған әдіс арқылы жұмысымды бастадым. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауды үйренді
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыда
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6794 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык