Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауыссыз дыбыстар


Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз дыбыстар

 
Сабақтың мақсаты: Тіл дыбыстарын жақсы меңгеріп, сауатты жазып, өмірде қолдана білуге үйрету.
Міндеттері:
1.Білімділік: Дауыссыз дыбыстар, олардың жасалу жолы туралы білім беру;
2.Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық,  қасиеттерін қалыптастыра отырып , жазбаша сауаттылығын арттыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, имандылыққа, әдамгершілікке, ұлттық қадір-қасиеттерімізді бағалай білуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы
 
Сабақтың типі: ойын элементтерін қолдану сабағы
 
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау , ақпараттық-оқыту технологиялары
 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, көрнекілік, қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу
.
Көрнекіліктер: кесте, оқулық, суреттер, кеспелер, т.б.
 
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, жаңа тақырыпты анықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Бекіту.
Ү. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Рефлексия.
 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен, қонақтармен сәлемдесу.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
 
 
Ә) Психологиялық ахуал.
Біз әдепті баламыз.
«4» пен «5»  аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Мұғалімді қуантамыз.
 
 
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы, жаңа тақырыпты анықтау.
   Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін шексіз, үлкен бір елде дыбыстар өмір сүріпті. Ол ел фонетика деп аталыпты.Дүниедегі дыбыс біткеннің бәрі сол елде кең сарайда тату-тәтті бірге өмір сүріпті.
  Бір күні дыбыстар патшайымы: «Сендер өздеріңнің дыбысталу, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, әрқайсыңды жеке отау, бөлек үй етіп қоям» ,-депті. Сөйтіп, дыбыстар өзіндік ұқсастықтарына қарай екі топқа бөлініпті .
  Оның бірінші тобымен біз таныспыз, ол қалай аталады? (Дауысты дыбыстар)
Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
 
Жарайсыңдар, балалар! Енді біз екінші тобы – дауыссыз дыбыстармен танысамыз.
 
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар. Б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ, (у)
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
 
2. Оқушылар, дыбыстар патшайымы бізге бірнеше тапсырмалар беріпті. Егер де сіздер ол тапсырмаларды дұрыс орындасаңыздар, Қазақстанның әсем, әдемі бір қаласына саяхатқа жолдама беремін,-дейді. Ендеше, дыбыстар патшайымының тапсырмаларын орындап, саяхатқа жолдама алайық.
 
3.Тапсырмалар:
 
1. «Ұлттық тағамдар әріп тілінде» деп аталады.Шарты: Дауыссыз дыбыстардан басталатын ұлттық тағамдар атын жазу.  Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бағалау критериі бойынша әр оқушы өзіне баға қояды.
10 сөз жазған оқушыға – 5 ұпай
7-8 сөзге – 4 ұпай
5-6 сөзге – 3 ұпай.
 
2. «Жалғасын тап» деп аталады екен. Шарты: Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
 
  Ас атасы - ...
  Алтын , күміс тас екен,....
  Еңбекпен тапқан ....
  Ексең егін, ....
  Еңбек етсең ерінбей, ....
 
 
Бағалау критериі:
Түгел  жазған оқушыға – 5 ұпай
4 мақалға – 4 ұпай
3 мақаллға – 3 ұпай.
 
 
3. «Қызық  сөйлемдер» деп аталады.Шарты: Біртұтас ойды білдіретін бірдей дауыссыз дыбыстан басталатын ұлттық тағамдар туралы сөйлемдер жазу.
Бағалау критериі: 3 сөйлемге – 5
2 сөйлемге – 4
1 сөйлемге – 3 ұпай
 
4. Оқулықпен жұмыс. 263- жаттығу.Жұмбақтарды көшіріп жазып, шешуіндегі өзгешеліктіі түсіндіру. Өз беттерінше осындай жұмбақтар құрастыру.
2 жұмбақ жазған оқушыға – 5
1 жұмбақ жазған оқушыға – 4
Жаттығуды әдемі көшіріп жазғанға -3ұпай береміз.
 
5. «Терме сынақхаты» Шарты: Өлеңнен ұлттық тағамдар атауларын теріп жазып, 1-2 –іне дыбыстық талдау жасау.
Бағалау критериі:
Қатесіз жазған оқушыға – 5
1-2 қатесі бар оқушыға – 4
3-4 қатеге – 3 ұпай қоямыз.
 
Айран менен ірімшік, сары майды,
Жемей менің тамағым жарымайды.
Сары уызға көктемде тойып алсам,
Ала жаздай бір кесел дарымайды.
Соғым сойып, ет қақтап жөндемейсің,
Қазы турап, “ал желік, кел” демейсің.
Жемеген соң , әрине, шөлдемейсің,
Қаймақ қатқан шай ішіп терлемейсің.
 
ҮІ. Қорытынды: Салыстыру.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табу.
Дауысты дыбыстар:
Үннен тұрады.
Жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстар:
Салдырдан тұрады.
Қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
Ұқсастығы:
Тіл дыбыстары.
Дыбысталу мүшелері арқылы жасалады.
 
ҮІІ. Бағалау. Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпайларымен оқушылардың білімі бағаланады.
Бағалау критериі:
25-30 ұпай – 5
20-25 ұпай – 4
15-20 ұпай - 3
 
ҮІІ.Үйге тапсырма:
1.Ережені жаттау.
2.262-жаттығу.
3. Бірдей дауыссыз дыбыстардан құралған жаңылтпаштар жазу.
 
ҮІІ.Рефлексия.
Оқушылар, біз сонымен дыбыстар патшайымының берген тапсырмаларын орындап болдық,,енді суретке назар аударайық. 
- Мынау қай қала? 
- Астана.
- Ендеше,бәріміз патшайым берген жолдамамен  осынау әдемі, көрнекті қалаға саяхатқа барамыз. Сәт сапар! Астанада жақсы демалып, аман-сау елге қайтайық!
«Мақтанышым -Астанам» өлеңін мәнерлеп оқу- 
 
Өзін-өзі бағалау парағы    Оқушы:  _____________________________
 
Тапсырмалар реті Оқушы ұпайы Жалпы ұпайы
 
Ұлттық тағамдар әріп тілінде
 
Жалғасын тап
 
Қызықты сөйлемдер
 
Оқулықпен жұмыс
 
Терме сынақхаты
 
Қосымша тапсырмалар
 
Жеке жұмыс
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Фонетикалық талдау
Фонетика
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Ұяң дауыссыз дыбыстар
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3337 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык