Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4319 |
|
|
|
Ғажайып көбелек
Тақырыбы: Ғажайып көбелек.
Мақсаты:Бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру,бейнелеу өнерінде компьютермен жұмысты дамыту,түрлі құралдарды пайдаланып көбелекті жапсыруға,суретін салуға үйрету,шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру,жәндіктер туралы мағұлматты меңгерту,адамгершілік қасиетін дамыту,балаларға қуаныш сыйлау.
Қажетті құралдар:Компьютер,түрлі-түсті қыртысталған қағаз,түрлі-түсті өздігінен жабысатын фальга қағазы,ақ түсті фальга қағазы,ақ түсті кардон қағазы,желім,бисер моншақтары,қағаз сүлгі,сиқыршының таяғы.
Қауіпсіздік ережесі:Барлық құралдарды ауызға салуға болмайды,желімді мұқият пайдалану керек,сүлгіні қолдану керек.
Әрекет кезеңдері. Мұғалімнің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Балалар,бізге қонақтар келген екен,шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесейік.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-Балалар,кім келді?
-Балаларкөбелекпен сәлемдесейік.
Көбелек:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар.О-о-ой , менқатты тоңып қалдым,жақында қар жауады,үсіп кететін болдым ғой,көмектесіңдерші.
-Балалар,мен көбелекті аяп кеттім.Ол қаттытоңып қалған ғой,көмектесесіңдер ме,балалар?
-Олай болса, балалар,бері келіңдер.Көбелекті жылы жерге орналастырайық.
-Балалар,берірек тұрыңдаршы.Көбелегіміз демалсын,жылынсын.
-Балалар ғажайып ел қандай болады?
-Балалар,өте дұрыс.Ол жақта өте жылы болады.Қаржаумайды,салқын болмайды.Ол жақта гүлдер гүлдеп,әдемі көбелектер ұшып жүреді.
-Балалар,ғажайып елдің әлде де сәнін келтіру үшін,әсемдеу үшін бүгін біздер әр түрлі құралдармен,тәсілдермен көбелектер жасаймыз.
-Көбелектер дегеніміз,балалар,жәндіктерге жатады.Жәндіктердің,балалар,мұртшалары,қанаты,басы,денесі,көзі,аяқтары болады.Көбелектен басқа,балалар,жәндіктерге инелік,маса,дәуіт,шегіртке,ара,құмырсқа,қоңыздар жатады.
-Жәндіктерді қайталап айтайық.
-Өте жақсы. Балалар сәлемдеседі,мұғаліммен бірге қайталай айтып.
Инелік,маса,дәуіт,құмырсқа,ара,маса,қоңыз.
Іздену ұйымдастырушы. Үстелдің үстінде балалар,қараңдаршы әртүрлі құралдар тұр.Олар мінекей:түрлі-түсті өздігінен жабысатын фальга қағазы,қыртысталған түрлі-түсті қағаз,фальга қағазы,желімдер,бисер моншақтары.Ал,балалар,мына жерде мінекей компьютерлер бар.Бұл компьютерлердің көмегімен де көбелектің суретін саласыңдар.
-Енді,балалар,әр қайсысың қалаған құралдарыңды таңдап орындарыңа отыруға болады.
-Орналасып болдық па, балалар?
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін айтып өтейін,балалар.Мұқият тыңдаңдар.
-Алдымыздағы құралдардың барлығында ауызға салуға болмайды.Желім қолымызға жағылып қалса сүлгіге сүртеміз.Үстімізге сүртуге болмайды.
Ал компьютерде отырған балалар сендер тек тышқанның көмегімен жасайсыңдар.
-Тышқанды қай қолдарыңмен ұстайсыңдар?
-Суретті салу үшін бірінші нені таңдайсыңдар?
-Содан кейін нені таңдайсыңдар?
-Өте жақсы,жұмыстарыңды бастаңдар.
-Ал,түрлі-түсті қағаздардың көмегімен жұмыс жасайтын балалар сендер:
1-ші көбелектің денесін жапсырыңдар
Мінекей былай,әуелі қыртысталған түрлі-түсті қағазды алып умаждау тәсілі арқылы бүктеп басы мен денесін желім арқылы жапсырамыз.
2-ші қанаттарын жапсырамыз.
3-ші мұртшасы мен көздерін жапсырамыз.
-Ал, бисер моншағы мен жұмыс жасайтын балалар сендердің алдарыңда ақ түсті кардонда көбелектің дайын суреті салынған,дайын суреттің үстіне бисер моншағын себелеп алақанымызбен салмақ түсірмей жәймен басамыз.
Қане жұмысымызды бастайық.
-Балалар,бәріңде өте жақсы жұмыс жасадыңдар.Шаршаған боларсыңдар.Бой сергітіп алайық.Ол үшін Жәндіктерді тап ойынын ойнайық.
- Балалар,мен сендерге әр түрлі заттардың,жәндіктердің атын айтамын.Ал, сендер тек қана жәндіктердің атын естіген кезде қолдарыңды жоғары көтеріп алақандарыңды соғасыңдар.
-Көбелек,қарындаш,дәуіт,гүл,маса,үстел,құмырсқа,шегіртке,доп,ара.
-Өте жақсы,жарайсыңдар.Жәндіктерді жақсы біледі екенсіңдер.
-Оң қолмен.
-Қылқаламды.
-Түстерді.
Балалар қызығушылық танытып машыққа кіріседі.
Балалар ,ойын ойнаған кезде, жәндіктердің аты аталған кезде қолдарын көтеріп шапалақтап қолдарын соғады.
Рефлексивті коррекциялаушы. -Балалар,мен сиқыршыны көмекке шақырғанмын,ол белгілі жағдайлармен келе алмайтынын айтты.
-Содан мен сиқырлы таяқшасын сұрап алып қалғанмын.Енді сол сиқырлы таяқтың көмегімен балалардың салған суреттерін компьютерден шығарып алайық.
-Қане бәріміз бірге айтайық.
-Абра-кадабра балалардың салған суреттері шық!
Қанекей қарайық.Мінекей балалар салған суреттерің өте әдемі салынған екен.Бара ғой балалардың қасына отыра ғой.
-Балалар қане бір-бірімізге жасаған жұмыстарымызды көрстіп әңгімелеп берейік.
-Диас,сенің көбелегіңнің түсі қандай?
-Сенің көбелегің қай жерлерде ұшады?
-Көбелегіңе ат қойдың ба?
-Балалар,өте жақсы.Бәріңде жұмысты өте жақсы,мұқият,әдемі жасағансыңдар.
-Енді ,балалар,көбелектеріңді қолдарыңа алып,орындарыңнан тұрып ғажайып елін әсемдеуге барайық.
-Мінекей,балалар,ғажайып елін әсемдедік.
-Енді,балалар,қонағымызға қарай барайық.
-Ғажайып елі дайын болғанын айтайық.Ғажайып елін көрсетейік.
Көбелек:
-Қандай әдемі.Мына әдемі көбелектерді кім жасады?
-Көбелек,кел,мына есіктен Ғажайып әлеміне кір.
-Балалар,қол бұлғап көбелекпен қоштасайық.Жолың болсын!
-Қанекей енді балалар бері келіп менің қасыма тұрыңдаршы.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне кім келді?
-Көбелекке не істедіңдер?
-Ғажайып әлемді әсемдеу үшін не істедіңдер?
-Балалар,көбелекке Ғажайып әлемі ұнадыма?
-Ал,сендерге балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма?
-Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар,өте жақсы еңбек еттіңдер.Рахмет.Қонақтармен қоштасайық.
Сиқырлы сөзді балалар мұғаліммен бірге қайталап айтады.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар өз жұмыстарын әңгімелеп береді
-Көбелек,тұршы
-Біз саған Ғажайып елін дайындап қойдық
-Бізбен бірге жүр.
-Біз!
Қолдарын бұлғайды.
-Жолың болсын.
-Қош бол.
-Тоңып қалған көбелек.
-Ғажайып әлемін жасадық.
-Көбелек жасадық.
-Ұнады.
-Ұнады.
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білуі:Жәндіктер, ғажайып ел туралы мағұлматты білуі.
Меңгеруі:Компьютермен жұмысты,жапсыру тәсілдерін меңгеруі,умаждау тәсілін,бисер моншағын жапсыруды меңгеруі.
Жасай алуы:Компьютермен көбелектің суретін сала алуы,түрлі құралдарменкөбелекті жапсыра алуы.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |