Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3438 |
|
|
|
Хохлома ыдысы
Тақырыбы: Хохлома ыдысы
Мақсаты: Балаларды орыс халқының хохлома өрнектерімен таныстыру.Мүсіндеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, хохлома ыдысы-қасықты мүсіндеп, оны хохлома өрнегімен әшекейлеуге үйрету. Орыс халық өнеріне балалардың қызығушылығын арттыру.
Құралдар: Ермексаз, тақтайша, кескіш, сулы шүберек, хохлома ыдыстары, үлгі жұмыс, сызба, әдемі сөмкелер.
Әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, практикалық жұмыс
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:
Достығымыз берік боп,
Бекітейін берік қол.
Қуанышты шеңберге,
Қандай жақсы қол берген.
Тәрбиеші: Осындай жақсы көңіл- күймен орнымызға отырайық. Орыс ұлтының музыка әуені естіледі.
Тосын сый. Қонаққа орыс ұлттың киімдерін киген ер бала және қыз бала кіреді. Олардың қолдарында әдемі сөмкелер.
Қонақтар:-Здравствуйте, ребята!
Назерке: Вы знаете откуда мы приехали?
Айбат: Мы приехали из России. Россия-большая страна.
Назерке: Россия-очень богатая страна. Мы с собой привезли сувениры.
Тәрбиеші: Спасибо. Добро пожаловать в нашу группу, проходите.
Тәрбиеші: Балалар, бізге Ресейден қандай базарлық әкелген екен?
Сөмкенің ішінен хохлома ыдыстарын алып шығып, үстел үстіне қоямын.
-Мынау не?
-Бұл ыдыстар неден жасалған?
-Бұл ыдыстар қайың, көк терек ағаш-тарынан дайындайды. Содан соң оған әдемі хохлома өрнегін салып, үстін лакпен жабады да пешке қыздыруға қояды. Шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
-Здравствуйте
-Не знаем
-Қонақтар партаға отырады.
-Мынау қасық. Мынау тостаған. Мынау ыдыс.
-Бұл ыдыстар ағаштардан жасалған.
Іздену ұйымдастырушы -Сіздерге қонақтардың әкелген хохлома ыдыстары ұнады ма?
-Біз де осындай қасықты жасап көреміз бе?
-Бірақ, балалар, біз қасықты ермексаздан жасаймыз. Мен сіздерге қазір үлгі жұмысты көрсетемін.
-Қасық неше бөліктен тұрады?
-Олардың пішіндері қандай?
Дұрыс. Мүсіндеп жасайтын жұмыс жолының сызбасын іліп, түсіндіремін. Қызыл түсті ермексазды алып, алақанға салып, жұмсартамыз. Енді оны шұжық тәрізді илейміз. Бір шетін жалпақ етіп созамыз, оны саусақтармен басып шұң-ғылдатамыз. Сары түсті ермексаздан шармауық-сабақты және жапырақтарын жасаймыз. Қара түсті ермексаздан қарақатты мүсіндейміз.
-Балалар, жұмысты бастамай тұрып, саусақтарымызға жаттығу жасап жіберейік.
Сергіту сәті.
Балалар жұмыс барысын еске түсірейік:
–Мүсіндеуді неден бастаймыз?
-Содан соң нені жасаймыз?
-Жарайсыңдар. Енді қасықты мүсіндеп жасауға болады. -Ия, ұнады.
-Ия, жасаймыз.
-2 бөліктен тұрады, басы және сабы
-Қасықтың басы дөңгелек, шұңғыл
Балалар мұқият тыңдайды
Ақпыз, сары, қарамыз
Достасайық бәріміз
1,2,3,4,5
5,4,3,2,1
Балалар еске түсіріп, әңгімелейді.
Қасықты мүсіндеп жасап, оны хохлома өрнегімен әшекейлейді.
Рефлексивті коррекциялаушы Көрме «Хохлома қасықтары».
-Сен нені мүсіндеп жасадың?
-Оны қандай өрнектермен әшекейледің?
-Саған қай қасық ұнады?
Балаларды мадақтау. Балалар көрме жұмыс-тарын тапсырады.
Сұрақтарға жауап береді. 2-3 бала
Түрлі жауаптар
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балалар мүсіндеудегі таныс әдістерді қолданып, хохлома ыдысы – қасықты мүсіндеп жасауды біледі.
Түсінігі: Көршілес Ресей елінің өнерімен таныса отырып, олармен достығымызды және татулығымызды нығайту керектігін түсінеді.
Көрсете білуі: Хохлома өрнегін ажыратып, оны ермексазтан мүсіндеп көрсетеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |