Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 4900 |
|
|
|
Наурыз-көктем тамаша!
Ертеңгіліктің тақырыбы: «Наурыз-көктем тамаша!»
«Отбасылық салт-дәстүр».Әжелер сайысы.
Мақсаты: Ата-аналармен балабақша арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Ата-аналарға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
сөздері жайында мағлұмат беру.
Ата-аналардың бір-біріне деген көз қарасын кеңейту.
Көрнекілік құралдар: Бесік, үй суреттері, сиқырлы қоржын, асықтар,
гүлдер, сыйлықтар т.б., билеттер дайындау,
хабарлама жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы: Наурыз келіп көктем сазы білінді,
Ойнап күлген жас балалар жүгірді.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз айы шаттықпенен гүлденер.
Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты балабақша қызметкерлері, балалар!Наурыз мерекесі құтты болсын!Еліміз тыныш болсын,деніміз сау болсын!Наурыз мерекесіне арнап «Наурыз-көктем тамаша!»атты ертеңгілігімізді бастаймыз.Наурыз мерекесіне арнап әжелерімізді де шақырып, «Отбасылық салт-дәстүр»әжелер сайысын ұйымдастырып отырмыз.
Бар асылын халықтың,
Құйған сана ойына.
Туған тілім өркенде,
Туған тілім көркемде -
деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор ілтипатпен бағалап, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартып, білмегенімізді білейік. Ата-бабамыз айтқандай «Алты жыл аш болса да, атаңнын салтын ұмытпа дегендей бүгінгі Салт-дәстүр отбасында» - атты сайысымызды бастаймыз.
Бірінші сайыс :«Сәлем беру». Өздерін таныстыру.
1.–Үлмекен әже- Айназымның әжесі.
2. Марзия әже – Баянның әжесі.
3.Бақытжамал әже – Бекзаттың әжесі.
4.Раушан әжесі-Наргизаның әжесі.
Енді қатысушыларды (ойынға) сараптаушы әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
1. – Балабақша меңгерушісі Н.А.Ғибатоллақызы.
2. – «Қызғалдақ» тобынан ата-ана.
3. – «Ақ қоян»тобының тәрбиешісі Куспаева Рая Хайруллақызы.
Екінші сайыс: «Білгенге маржан».
Алдын ала дайындалған үш-төрт конвенртке мақалдың бір қатары ғана жазылған, «Еңбек етсен ерінбей..», «Еңбектің ...», «Ананын сүті бал...», «Анасын көріп...», «Жақсы ата орман», т.б. жалғасын табу керек.
Қазылар алқасы сайысты бағалайды.
Сайыс арасында балалар наурыз мерекесіне арнап тақпақтарын айтады.
Алихан: Шуақ болған жерімізге Наурызым,
Қуат болшы елімізге Наурызым.
Дәулетті күн,сәулетті күн көбейіп,
Құтты болсын баршаңызға Наурызым.
Иманай: Наурыз тойын,наурыз тойын,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Нұрай: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
«Ұлыс күні келді» деп,
Қуанады ел енді.
Нұрдәулет: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніне.
Ырысты боп Жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріне.
Ердәулет: Уа,халайық,халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Үшінші сайыс : Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма беру.
1.1 Ұлттық тойларды атаңыз. (шілдехана,бесік той,тұсау кесу,т.б.).2.Төс кімге беріледі? (Күйеу балаға).
2. 1.Бесіктін қасиеті, оны неден тұратыны атау. Баланы бесікке салу дәстүрін көрсету. Осыған байланысты ырым-тыйым сөздер.2.Жеті ата(бала,әке,ата,немере,шөбере,немене,туажат).
3.1. Қазақтың ұлттық киімдерін атау. Мақал-мәтелдер киімдерге байланысты.2.Қандай жілік қыз балаға берілмейді.(Кәрі жілік).
4. 1.Қонақ түрлерін атаңыз(арнайы қрнақ,құдайы қонақ,қыдырма қонақ).2.Құдалардың бір-біріне кигізетін сыйы (киіт).
Қазылар алқасы сайысты бағалағанша балалардың орындауында
«Әжем менің айдай» әні орындалады.
Би: «Қамшы».
Исмаил: Көктем келді бүгін,
Күнде төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Баян: Армысың,Наурыз,
Қуаныш боп кір төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет.
Руслан: Күн мен түн теңілді,
Ұзарады күн енді.
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлден,Наурыз,сен енді.
Саят: Наурыз келді тамаша,
Ән салайық таласа.
Бар табиғат күлімдеп,
Жадырады балаша.
Ералы: Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
«Береке-бірлік»болсын деп,
Той тойлайық тамаша!
Төртінші сайыс: «Өнерлерін көрсету» ән,би немесе шебер қолдар. – Әжелер өз өнерлерін көрсетеді.Әжелеріміз әзір болғанша,балалармен бір ойын ойнап жіберейік.Ұлттық ойын: «Қыз қуу».
Жүргізуші: Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Жел жалқытса шығады,
Ой түбінде жатқан тас
Шер толқытса шығады.
Келесі бесінші сайысымыз «Әрі қысқы,әрі нұсқа».Ойын шарты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын бір сөзбен айту керек.
1.Төбе шаша тік тұрды.(қорықты).
2.Көз ұшында көрінеді (алыста).
3.Қолды болды (ұрланды).
4.Жүрек жұтқан(батыр).
5.Қоянжүрек (қорқақ).
6.Көзі ілінбеді (ұйықтамады).
7.Көзге түртсе көргісіз(қап-қараңғы).
8.Бетінен оты шықты(ұялды).
9.Ат құйрығын кесісті (араздасты).
10.Араларынан қыл өтпейді (достар).
Би: «Домбыра».
Әмір: Наурыз келді еліме,
Нұрға толы айнала.
Жүздерінде қуаныш,
Шаттанып жүр бар бала.
Жантамир: Әнім де саған биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш әкеп еліме,
Күлімде наурыз,күлімде.
Айназым: Алақай ауылда наурыз,
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр,
Бақшаға береке еніп тұр.
Наргиза: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Айбек: Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай,тары,күріш бар,
Айран,құрты тағы бар.
Алтыншы сайысымыз: Жұмбақтардың шешуін табу.
1. Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй-сәнін (дастархан).
2.Төрт бұрышты,бір ауызды.(сандық).
3.Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар(ұршық).
4. Әжем уыстап сығып кептірген,
Қатты, әрі тәтті делік,
Кім бар жеп көрген? (Құрт)
5. Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ».
Ақылы мен күші тең
Сөзі мен ісі тең – дегендей енді
«Қонақжайлық – дәстүрі» Алтыншы сайыс: Әжелеріміз10 минутта бір салат жасап көрсетуге тиіс, онда әжелеріміздің іс-әрекеті бағаланады.
Қазылар алқасы сайысты қорытындылағанша, балалар тақпақтарын айтады.
Радилина: Наурыз келді тамаша,
Ән саламыз балаша.
Б. Бекзат:
Аруна: Наурыз дәстүрім деп,
Адамдар ән салады.
Наурыз тойын еліміз,
Қуана қарсы алады.
Т.Бекзат:
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Женя: Наурыз,Наурыз алақай,
Қуанамыз балақай.
Айнара: Құтты болсын,Наурыз,
Үйге ат ізін салыңыз.
Ұлы күні ұлыстың,
Дастарханда барымыз.
Гульназ: Жаңа жыл,Жаңа жыл,
Бақыт жылы болғайсын.
Бізге беріп жаңа жыр,
Бізден алғыс алғайсын.
Райымбек: Көктем қандай көңілді,
Көктемде жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар біріншіден сіздерге рахмет, осы сайысқа уақыт тауып келгендерініз үшін,әжелерімізге тіл байлықтарыңызбен, шеберлігініз үшін, сөз байлықтарыңыз үшін рахмет.
Сіздердің белсенділіктеріңіз арта берсін деп, отбасыларыңызға, амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Қазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі сөз береміз.
Өнегелі отбасы, шебер отбасы, өнерлі отбасы, білімді отбасы денгейі бойынша сыйлықтармен марапаттайды.
Диплом тапсыру, сыйлықтар беру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |