Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тарих пәнінде көрнекіліктердің алатын орны


Тарих пәнінде көрнекіліктердің алатын орны

Тарих пәнінде көрнекіліктердің алатын орны.

Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы  көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға болмайтын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға ғылымдар, ұлы ойшылдар мен атақты педагогтар зор көңіл бөлген. Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин: «Қазақ жастары ғылымды, оқу мен өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп, қолымен ұстап ажырата білулері керек», -деген.

   Орта ғасырлардың атақты ұстазы Әл-Фараби  «оқытудың негізгі әдісі-көрнекілік»-деп оның мақсаттарын,  тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.

   Ал белгілі педагог Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды.Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас  бұрын сол нәрсе, заттарды ұстап, байқаудан бастау керек деген. 

Жалпы зерттеуші-ғалымдар көрнекіліктерді төмендегідей түрге бөледі:

Жаратылыс көрнекілігі- оқушыларды өмірде бар обьектілермен таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнекілік- шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатын көздейді.

(фотосурет, картина, портрет, диафильм т.б.)

Дыбыстық көрнекілік- дыбыс құралдарын пайдалана отырып көрсету

(кино, электронды оқул. телебағдарлама,  спектакль т.б)

Символикалық және графикалық көрнекілік- (схема, тірек-сызба, диаграмма, сөзжұмбақ, ребус т.б)

Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға байланысты. Көрнекілік оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданбалы және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.  Көрнекілік оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндіргенде білім білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берілген тапсырманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде т.б. Көрнекілікті орынды-орынсыз пайдаланбай, оған қойылатын шарттарын дұрыс сезіне білу керек.

Көрнекілік шарттары:

Көрнекіліктің  оқушы жасына сәйкестігі.
Көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану
Көрсетілетін көрнекілікті барлық оқушының көруі.
Көрнекілік оқу материалдарымен сәйкес келуі тиіс
Көрнекіліктен керекті мәліметті  табуға оқушыларды қатыстыру.

Дамыған Европа және Азия елдерінің ғалымдары көрнекіліктің оқу процесіне әсері, пайдасы мен ерекшеліктері туралы әртүрлі зерттеулер жасап, жариялап тұрады. Америка  Құрама Штаттарының ғалымдары төмендегідей тұжырымға келеді:

Біз ақпаратты не арқылы қабылдап, өңдейміз?

Талғам -1%                                                       Біз

Сипап- сезу-1,5%                                     Оқығанымыздың-10%

Иіскеп сезу-3,5%                                      Естігеніміздің-20%

Есту-11%                                                   Көргеніміздің -30%

Көру-85%                                   есімізде сақтаймыз екен.

Ақпараты есте сақтау көрсеткіші.

Материалды ұсыну әдістері

3 сағ

3 күн

Бір жыл

Лекция-әңгіме

Көрсетілім-көрнекілік

Лекция-көрнекілік

Әңгіме-көрнекілік

Бұдан шығатын қортынды:     Мен естимін де, ұмытамын

                                                    Мен көремін де, есте сақтаймын

                                                    Мен істеймінде, түсінемін.

Мектептегі тарих сабақтарында көрнекіліктер жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, материал мазмұнына сәйкес іріктеліп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Сонымен қатар көрнекіліктерді пайдалану-заттардың негізгі білімдері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады. Сабақтың өнімділігі артып, оқушыларлдың білім деңгейіне оңды әсер етеді.

   Мектептегі тарих сабақтарында қолданылатын көрнекіліктің түрлері өте көп. Мысалы, карталар, кеспе қағаздар,тірек-схемалар, плакаттар, көркем әдебиеттер, электронды оқулықтар, буклеттер, қанатты сөздер, ребус, сөзжұмбақ, компьютер, тест т.б.

Мен де тарих пәнінің мұғалімі ретінде осы көрнекіліктердің кейбіреуінің қолданылу жағдайына тоқталайын. Өз сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тірек-схемаларды пайдаланамын. Мұнда тақырыпқа, оның мазмұнына сәйкес тірек-сызбалар сызылады. Сол сызбалар арқылы түсіндіре отырып оқушыға проблема туғызатын «Неге?, Неліктен? Оны немен түсіндіресің» деген қосымша, жетекші сұрақтар қойылады. Мұндай сұрақтар оқушының  материалды саналы түрде жүйеге келтіруіне,  теңестіре отырып сөйлеуіне мүмкіндік береді.

Мысалы: тірек-схемаларды көрсету.

 

2)  Картаны пайдалану- болған оқиғаның орнын, мемлекеттердің орналасуын, шайқас-көтерілістердің бағытын айқындауға көмектеседі.

3) Тест сұақтарын пайдалану-оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамытады. Әр оқушы өз білім дәрежесін өзі бекітеді, өз бетімен  жұмыс істейді.

4) Тарихты оқытуда кинофильм, оқу филімдері мен телебағдарламаларды қолданудың ұқсастығы көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне ұсынылады. Фильмдер арқылы оқушылар алыс қүндердегі драмалық оқиғалардың ортасында болып, тарих тұлғалардың, кейіпкерлердің жанды дауысын естиді. Мыс: «Көшпенділер», «Сұлтан Бейбарыс», «Сардар» т.б кинолары.

5) Жаңа технологияларды, оның ішінде электронды оқулықтарды пайдалану-оқушыларды ақпаратпен жұмыс істей білуге қалыптастыру, оқу жүйесінің сапасын арттырады. 6 кг. арн.

6) Көркем әдеби кітаптарды қолдану. Ол оқушының тарихи фактілерді есте сақтауына әсер етеді.

Мысалы «1916 жылғы көтерілісті» өткенде Амангелді туралы «Қыран қазасы қиясы» кітабын, «Абылай хан» тақырыбын өткенде, Кенесары,Сырым көтерілістерін талдағанда олар туралы әдеби кітаптар әкеліп, үзінділер оқып бергенмін. Ал ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабын қазақстан тарихын оқытудың  методикалық құралы деуге әбден болады.

7)БАҚ материалдарын пайдалану (газет-журналдар)

Сол сияқты «Қазақ хандығының  құрылуы» тақырыбын  өткенде оқушыларды топқа бөліп, төмендегідей.

5 тапсырмалар бердім:

Картамен жұмыс (орнын анықтап, сипаттап жазу)
Тест сұрақтары арқылы білімдерін тексеру.
Тірек-схема арқылы хандықтың мемлекеттік құрылымын анықтау.
Хронологиялық тапсырма
Сөзжұмбақ арқылы қортынды бекіту.

Осы айтылғандардан шығатын қортынды біреу. Ол –тарих пәнінде қолданылатын көрнекіліктердің алатын орны, маңызы зор деген сөз. Одан талапқа сай шәкірт дайындалады, оқу үрдісі жеңілдейді оқушылардың шығармашылық генициативасы  дамиды және білім сапасы жоғарлайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шағын мектептегі инновациялық технология
"Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану"
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ сапасы- ұстаз біліктілігінде
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Физика сабағын оқытуда электрондық оқулықтың ролі
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану
Қазақ тілін оқытуда Жаңа технологияларды қолдану тәсілдері
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6152 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык