Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен күресу шаралары


Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен күресу шаралары

Сабақтың  тақырыбы:  §49. Қызыл  кітап  және  оған  тіркелген  буынаяқты  жәндіктер.  Зиянды  бунақденелі  жәндіктермен  күресу  шаралары

Сабақтың  мақсаты:

А) білімділік:  Қазақстанда  сирек  кездесетін  және  жойылып  бара  жатқан  омыртқасыздардың  Қызыл  кітапқа тіркелген  түрлері мен  оларды  қорғау  шаралары.  Партеногенез  терминіне  түсінік  беру.

Ә) Дамытушылық:  Қосымша  материалдарды  пайдалана отырып  білімін  дамыту .

Б) Тәрбиелік: Табиғатты  қорғауға,  бірін  бірі сыйлауға,  тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың  типі:  Жаңа  білім беру.

Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап,  түсіндірмелі, 

Көрнекілігі:  тірек-сызба,  кесте толтыру, слайдтар  суреттер,  кітаптар

І - Ұйымдастыру

♠  Сәлемдесу 

♠  Оқушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру

♠  Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару 

ІІ – Үй  тапсырмасын  тексеру 

І- нұсқа

Тікентерілерінде  бұрын басқа  типтерде  болмаған  қандай жаңа жүйе  пайда  болған?                                                   (Жауабы:  сутүтікшелі жүйе )
Қандай  симметрия  тән?                             (Жауабы:  сәулелі  симметрия )
Қай  түрінің  уылдырығы мен  жыныс  мүшелерін  тамақ  ретінде  пайдаланған.   (жауабы: теңіз  кірпісі)
Тікентерілердің    жабыны  неше  қабаттан  тұрады?   (жауабы: 2)
800  түрі бар қай  класс?                  (жауабы:  теңіз  кірпілері)

ІІ нұсқа 

1500  түрі бар  қай класс?        Жауабы: (теңіз  жұлдызы)
Сутүтікшелі жүйе  қызметі? 

Жауабы:  жүру,  тыныс  алу және  қажетсіз  заттарды  бөлу,  түйсінуін  реттейді

Тікентерілердің  дене  қуысы?       Жауабы:  (целлом)
Узбест,  мәрмәр  түзеді? 
Шала  түрленіп  даму   сатылары:     Жауабы:  жұмыртқа  -  дернәсіл -  имаго
Теңіз  қиярында арнаулы тыныс алу  мүшесі?   Жауабы:  суға  толы  өкпе

 

 

ІІІ .Жаңа  сабақ 

Қызыл кітап  - өз  алдына  ерекше кітап.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  тіркелетін  жануарлар  5  санатқа  бөлінеді.

І санат – жойылып  бара жатқан  түрлер  мен түртармақтарға

ІІ санат -  саны  азайып  бара жатқан  түрлер  мен  түршелер

ІІІ санат  -  сирек  кездесетін  түрлер  мен  түршелер

ІҮ  санат -  белгісіз  түрлер мен  түршелер

Ү санат -  қалпына  келтірілген  түрлер  мен  түршелер 

Басылым – 1978  жылы  қаңтарда;
Басылым – 1991  жылы  омыртқалылардың  129 ,  омыртқасыздардың  105  түрі  қамтылды.
Басылым  -125  түр мен  түр тармақтары  енгізілген.

Қазақстанның  Қызыл  кітабына  тіркелген  бунақденелілер.

Нәзікқұйрық  инелік  (Аральский  тонкохвост)  мекені:  Сырдария өзенінің   Артеңізіне  таяу  су  алабында.

Қорегі –  өзге  бунақденелілер мен  маса.

1979 жылы  белгілі болды;
Толық  зерттелмеген;
ІҮ санатқа енгізілген;

 

Көркемше  инелік  (красотка  девушка)

♠ Қанатында  ерекше белгісі  жоқ;

♠ Қонғанда  көбелектерше қанатын  жинастырып  қонады;

Ақтеңбіл  дәуіт  (богамол  древеный) –

♠  Ең жалмауыз  дәуіт;

♠  Дернәсілі   85  күнде 147 жоңышқа бітесін, 41  жеміс  шыбынын,   266 бөлме шыбынымен  қоректенеді;

♠  Дернәсіл  ересек  күйге жеткенше  1  кг 300 г –ға жуық  бунақденелілерді жояды;

♠  Аналығы аталығын  жеп,  жұмыртқаларының дамуына қажетті  нәруызды  осылай  толықтырады;

Далалық  кергі  (Степная дыбка)

♠  Өте  сирек  кездеседі (ІІІ  санатқа жатады)

♠  Ең  ірі  денелі 

♠ Шырылдамайды және  жыртқыш;

♠  Солтүстік  Қазақстаннан  және  соған  жақын  аймақтардан  кездестіруге, болады:

 Қорегі – шегіртке,  шекшек,  шілделіктер, қоңыз  және  дала  қандалалары.

Кейде  дәуітті де жеп  қояды.

Аталығы көп  кездеспейді.  Аналықтары  партогенезді жолмен  көбейеді. Партеногенез  (грекше партенос-  қыз  қалпындағы  + генесис – пайда болу).

Шолғыншы  инелік  (Дозорщик император)

♠ Тұқымы -  күйенті ;

♠ Қанаттары  біркелкі  емес;

♠ Едеуір  ірі:  құрсағының  ұзындығы – 49 – 61 мм;

Бұғықоңыз  (жук – олень)

♠ Саны   күрт  кеміп  бара жатыр  (ІІ санатты), тұрқы 87 мм  шамасында , ең ірі  қоңыз.

Мекені  -  еменді  ормандар.  Қазақстанда Жайық  өзенінің  жағасынан кездестіруге  болады.

♠   Бас бөлігіндегі  жақ  тұсынан  бұғының  мүйізіне  ұқсас өскін  байқалады.

♠ Аналығы  аталығынан  кіші,  тұрқы 28-45 мм.

Қорегі – зақымданған  ағаш діңінен  аққан  шырын.

Дернәсілдері -  «С» әрпіне  ұқсас. 

Дернәсілдерінің  дамуы 4-6 айға  созылады

Ересек  бұғымүйіздер 3-4  аптадан  соң тіршілігін  жояды

Дер  кезінде  қорғалмаса мүлде  кездеспей  қалуы  мүмкін 

Кесте

Бунақденелілер  түрі

Зияны 

Отряд 

Біте

Жеміс  бағы мен  орманға  зиянын  тигізеді

Сона

Қан сорғыш  жәндік,  қарасан  ауруын тудырады

Бит

Бөртпе  сүзекті  тудырады

Бүрге

Сүзекті де обаны да таратады

ІҮ.Бекіту сұрақтары 

Далалық  кергімен  ақтеңбіл  дәуіттің  тіршілік  әрекетін  салыстыр.

Ақтеңбіл  дәуіт  ең  жалмауыз  дәуіт, 1  кг  300 г дейін,  бунақденелілерді  жояды

Жыртқыш  аталықтары  көп  кездеспейді

Далалық кергі ірі   денелі  шекшек қанаты жоқ.  Жыртқыш  дәуітті  де  жеп қояды.  Партогенездік  жолмен  дамиды.

Артығын  тап.

Қазақстан  Республикасының  қызыл  кітабы :

І басылым шықты. 1978 жылы.

ІІ басылым  1991 жылы шықты.  Оған  омыртқалылардың  125, омыртқасыздардың   105  түрі  мен  түртармақтары  енгізілді. 

ІІІ  басылым  1996  жылы жарық  көрді.  125 түрі мен түр  тармақтары енді. 

Қызыл  кітап  Қазақстан  Республикасының  маңызды  басылымы. 

Ол  7  санатқа бөлінген.

♠  Ақтеңбіл  дәуіт толық  зеріттелмеген.

♠ Бұғықоңыз   еменді ормандарда өмір  сүреді.

♠ Партеногенезді жолмен  ұрықтанады.

Ү. Қорытынды.  Бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы.  §49.  Қызыл кітап  және  оған  тіркелген  буынаяқты  жәндіктер.  Зиянды бунақденелі  жәндіктермен  күресу шаралары.  Тұрғылықты  жердегі қандай омыртқасыздар  қорғауға  алынғанын  біліп алыңдар, ол  жөнінде хабарлама  дайындаңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бунақденелілер .
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Буынаяқтылар әлеміне саяхат
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Бунақденелілер
Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілерді қорғау және зиянкес бунақденелілермен күресу шаралары
Білімдінің жұлдызы жарық
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9275 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык