Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны


Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны

Сабақтың мақсаты:1)білімділік – Бунақденелілердің құрылыс ерекшеліктері 
мен даму жолдары жөнінде түсінік беру;
                                      2)дамытушылық – Бунақденелі жәндіктердің мүшелер 
жүйесін өрмекші және шаян тәріздестерімен салыстыра 
                                         отырып,ерекшеліктерін таба білу;
                                      3)тәрбиелік – Бунақденелілердің пайда-зиянын айта оты-
рып,оларды қорғауға тәрбиелеу:экологиялық тәрбие 
беру.
Көрнекілігі:Тақырып бойынша дайындалған слайд,интерактивті тақта,кестелер: «Өзен шаянының сыртқы құрылысы», «Бунақденелілер».
Сабақтың әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап,ой қозғау,топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру:Оқушыларды түгендеу,сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
1) Ауызша сұрақ-жауап:
А.  1.Тип неге буынаяқтылар деп аталған?
2.Буынаяқтылар типінің кластарын атаңыздар.
В.  1.Буынаяқтыларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
      2.Шаянтәріздестер класына сипаттама беру,ерекшеліктері.
С.  1.Өрмекшітәріздестер қалай қоректенеді,көбейеді,дамиды?
2) Шаянтәріздестер мен өрмекшітәріздестердің құрылысын салыстыру кестесі:
Аты Тірші-лік орта-сы Дене бөлігі Дене жабы-ны Дене бөлігін-дегі мүше-лер Ты-ныс алуы Зәр шыға-руы Қан айна-луы Ас қоры-туы
Өзен шаяны
Шаршылы өрмекші
ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру: Бунақденелілердің дамуы,пайда-зияны
Жоспар:1.Сыртқы құрылысы
2.Ішкі мүшелер жүйесі
3. Көбеюі,дамуы
 4. Пайда-зияны
Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы,омыртқасыз жәндіктер класы.Олардың 700 000 түрі бар.2 класс тармағына жіктеледі:туақа-натсыздар және қанаттылар.6 аяқты.Денесі 3 бөліктен құралады:бас,көкірек, құрсақ.Басында 2 мұртша,күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер орналасқан.Көкірек бөлігінде қанаттар мен аяқтар бар.Көбею мүшелері құрсағында болады. Суаршын,суқандала,сушалқақ суда өмір сүреді.
Ауыз мүшелерінің құрылысы алуан түрлі.Мысалы:сүзіп-жалаушы (шыбын),
шаншып-сорушы (маса,орман қандаласы),кеміруші (тарақан,қоңыз), кеміріп-жалаушы (балара),түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).
Ас қорыту жүйесі:ауыз(13),жұтқыншақ,өңеш(8),жемсау(6),бұлшықетті қарын(4),тұйықталған бірнеше тармақты ортаңғы ішек(3),артқы ішек(2),
клоака(1) - (артқы ішектің кеңейген соңғы бөлігі).Ауыз қуысында сілекей бездері бар.
     Тыныс алуы:Демтүтікпен тыныс алады.Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер – демтесіктер арқылы сыртқа ашылады.
Қанайналымы:ашық жүйе.Шаян тәрізділер мен өрмекшілерге қарағанда қарапайым.Жүрек(5) және одан таралатын қысқа қолқа (7) болады.Қан дененің артқы бөлігінен басына қарай ағады да,денеге құйылады.Сонан соң,жүрек қабырғасындағы ұсақ тесікшелер арқылы қан жүрекке қайта сорылады.
Бунақденелілердің қаны түссіз,оны гемолимфа деп атайды.
Зәр шығаруы:ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер – мальпигий түтікшелері.(10)
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері:Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған.Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні – ми(9).Мидың үш бөлігі бар:алдыңғы,ортаңғы және артқы бөліктер.Жұтқыншақ асты жүйке түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий (12) (грекше:ганглион – бұдырмақ,ісік) түзеді.Бунақденелілер мұрты арқылы сипап сезеді және иісті ажыратады.Күрделі және жай құрылысты көздері бар.
Көбеюі.Бунақденелілер дара жынысты.Аталығында екі аталық без,ал аналығында екі аналық без(11) болады.Аналықтары ұрықтанған жұмыртқа салады.Оның ары қарай дамуы 3 түрлі жолмен жүреді.
Дамуы:1.тура даму:жұмыртқа→имаго
2.шала түрленіп даму:жұмыртқа →дернәсіл→имаго
        3.толық түрленіп даму:жұмыртқа →дернәсіл→қуыршақ→имаго
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы  имаго деп аталады. (лат.ересек жәндік).Бунақденелілерді зерттейтін ғылым – энтомология деп аталады.  (грекше: «ентома» - бунақдене, «логос» - ғылым).
Инелік,дәуіт,шегіртке,бұзаубас,бит,қандала,т.б. шала түрленіп дамиды.
Қоңыз,көбелек,бүрге,шыбын,маса,шаншар,құмырсқа,балара толық түрленіп дамиды.
Пайда-зияны.Бунақденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады.Топырақтан ін қазып (көңқоңыз),оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысады.Қанқыз,құ- мырсқа,шаншар ауыл шаруашылығына зиян келтіретін саналуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал,балауыз береді.Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі.Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді.
      Зиянды түрлері:Паразит бунақденелілер (маса,қандала,бүрге,бит,тарақан,  т.б.) көптеген қауіпті ауруларды таратады.Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелінің бірі – азиялық шегіртке.Жәндіктердің санына және шоғыр-
лануына байланысты шегірткелердің үйір және саяқ түрлері болады.Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан жаушоғыл,ересектерінің жинақталуынан – үйір түзіледі.Көкқасқа шегірткенің бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды.Олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген,тіпті мыңдаған  гектар егістікті тып-типыл етеді.Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады.  Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп,бір жерден екінші жерге көшеді.Олардан құтылу үшін жолына терең етіп ор қазады.Орға түскендерін топыраққа көму арқылы жояды.Улы затардың (инсектицид:латынша инсето-бунақдене,цидере-жою) көмегімен де жояды.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс:218-223 беттегі мәліметтермен танысу.Бунақденелілер класы
ІY.Сөздік жұмысы:Мына жаңа сөздерге анықтама жазу:имаго,энтомология,  гемолимфа,мальпигий түтігі,ганглий,жаушоғыл,үйір.
Y.Жаңа сабақты бекіту: (кері байланыс кезеңі)
1)Үлестірме тапсырмалар беру (дайындалып болғасын,интерактивті тақтаға орындату)
 
 
«Семантикалық карта»
 
Бунақденелілер мен шаянтектестерді салыстыру кестесі
Ерекшеліктері Шаян
тәріздестер
Бунақдене-лілер
1.Денесі хитинді жабынмен жабылған + +
2.Денесі екі бөліктен:баскөкіректен және құрсақтан тұрады +
3.Денесі үш бөліктен:бас,көкірек және құрсақтан тұрады +
4.Құрсағы бунақтардан тұрады + +
5.Құрсағы бунақталмаған
6.Бір жұп мұртшалары бар +
7.Екі жұп мұртшалары бар:екі ұзын және екі қысқа +
8.Құрылысы қарапайым көздері болады немесе мүлдем болмайды. +
9.Көпшілігінің екі-екіден күрделі құрылымды көздері болады +
10.Демтүтік арқылы тыныс алады +
11.Желбезектері арқылы тыныс алады +
12.Қан тарату жүйесі – ашық + +
13.Қан тарату жүйесі - тұйық
14.Көпшілігінің қанаттары болады +
15.Қанаттары болмайды +
 
2)Ауызша сұрақтар:
1 деңгей
1. Мына сөздерге анықтама бер: Имаго,энтомология
2. Бунақденелілердің дене бөлігі, онда орналасқан мүшелерді ата?
3. Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің түрлерін ата?
4. Бунақденелілердің дамуының түрлерін ата?
5. Бунақденелілер деп аталу себебі, қанша отряды, түрі, класс тармағы бар?
       ІІ деңгей
1. Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің әр түрлі болып келуінің себебі неде? Мысалмен дәлелдеңіз.
2. Шаянтектестер мен өрмекшітектестерден бунақденелілердің ерекшеліктері неде?
3. Бунақденелілердің даму сызбанұсқасын жазыңыз
4. Азиялық шегірткенің неліктен ауыл шаруашылығы үшін қауіпті болып саналатынын түсіндіріп жазыңыз
       ІІІ деңгей:1)Бунақденелілердің ішкі мүшелер жүйесін атаңыз:
 
2)Ой толғаныс, Венн диаграммасы стратегиясы
     Өрмекші тәріздестер класы         Ұқсастығы        Бунақденелілер класы
 
YІ.Сабақты қорытындылау.
Сонымен,біз бүгін буынаяқтылар типінің едәуір көп тараған класы – бунақденелілермен таныстық.Олар алуан түрлі болып келеді.Дамуы тура және түрленіп даму болып бөлінеді.Түрленіп дамудың өзі шала және толық түрленіп даму деп бөлінеді.Шала түрленіп дамуда қуыршақ сатысы болмайды.Толық түрленіп дамудың маңызы жәндіктердің әртүрлі даму сатысында қорек,тіршілік ортасы үшін бәсеке болмайды және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғануда маңызы зор.Сонымен,түрленіп даму тәсілі – бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі.
YІІ.Үйге тапсырма беру:§47.Бунақденелілердің дамуы,пайда-зияны (оқу)223-бет,1-тапсырма:Құмырсқа илеуінің құрылысы туралы хабарлама жазу.YІІІ.Бағалау
Венн диаграммасы
Өрмекші тәріздестер Ұқсастығы Бунақденелілер
Баскөкірек,құрсақ
Мұртша жоқ
Күйісаяқ,тұтқыаяқ
8 жүретін аяғы бар
Құрсағы бунақталмаған
Тыныс алу мүшесі – өкпе,демтүтік
Қанаты жоқ
Ас қорытуы денеден тыс
Зәр шығаруы-сатан без,мальпигий түтігі
Тура дамиды
Буынаяқтылар типіне жатады
Көпжасушалы,екі жақты симметриялы омыртқасыз жәндік
Хитинді жабын
Қанайналым жүйесі-ашық
Демтүтік,мальпигий
Сілекей безі бар
Дара жынысты Бас,көкірек,құрсақ 
Мұртшасы бар
6 аяқты,қанаты бар
Құрсағы бунақты
Тыныс алу мүшесі-демтүтік
Зәр шығаруы-мальпигий түтігі
Қорек ас қорыту жолдарында қорытылады
Тура және түрленіп дамиды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы
Бунақденелілер .
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілер класы Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Бунақденелілер
Бунақденелілердің дамуы
Тікен терілер
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 23328 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык