Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 12351 |
|
|
|
Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі, түрлері
Тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі, түрлері
Диаграмма түрлері.
Мақсаты:
1.Оқушыларды бұрыштың градустың өлшемін жаза білуге, бұрыш ұғымын, түрлерімен таныстыру және транспортирді пайдаланып, бұрышты өлшей білуге үйрету. Бағанды дөңгелек диаграмма салуға үйрету.
2.Өз бетімен сызба жұмыстарын салуға баулу.
3.Есеп шығаруда оқушылардың танымдық ерекшеліктерін арттыру. Топпен, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулу.
Сабақ түрі: жаңа бөлімді меңгерту сабағы.
Әдісі: модульдік оқыту әдісі, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Сабақтың блок-схемасы, плакаттар, компьютер.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
4. Сабақтың мақсатын таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өз бойларын өлшеп, сандардың өзгеріс ауқымын есептеу.
Математика сабағы бойынша, топ бойынша бағаның модасын тап.
Математика сабағы бойынша, тоқсандықбағаларыңның арифметикалық ортасын тап.
№1313
1)Баға модасы: 80тг өзгеріс ауқымы:80тг-40тг=20тг
2) Баға модасы: 100тг
120тг-80тг=40тг (өзгеріс ауқымы)
3) Баға модасы:90тг
өзгеріс ауқымы:100тг-80тг=20тг.
III Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады.
2. Түзуді нүктемен бөлгенде пайда болатын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.
3. Жазыңқы бұрыштың 1/180–іне тең бұрыш(бұрыштың өлшем бірлігі ретінде қабылданған) 1 градус деп аталады.
4. Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортирді қолданамыз.
Бұрыш түрлері:
а) Жазыңқы бұрыш (180°)
ә) Тік бұрыш (90°)
б) Сүйір бұрыш (тік бұрыштан кіші бұрыш)
в) Доғал бұрыш(тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш)
Диаграмма түрлері:
1.Дөңгелек диаграмма(сызбасы слайдта көрсетілген)
2. Бағанды диаграмма.
IV. Есептер шығару:
№1458
Сағат екіні көрсетіп тұр. Егер минуттық тіл:90°, 180°-қа бұрылса сағат қай уақытты көрсетеді.
Жауабы: 2сағ 15 мин, 2сағ 30 мин
№1460(үш топпен жұмыс жүргізу)
№1461(әр оқушыға жеке тапсырма)
1.Деңгейлік тапсырмалар (оқушылар тапсырмаларды өздері таңдайды.)
-«5»
-«4»
-«3»
2 .Қорытынды тест жұмысын алу.(екі нұсқада, бес сұрақтан құралған)
V. Қорытындылау.
VI.Үйге тапсырма №1462
VII. Оқушыларды бағалау.(оқушылармен бірге бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |