Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»


Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Сабақтың мақсаты: 
а) білімділігі:    Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері Ғабит Мүсіреповтің  
шығармашылығы туралы  түсінік бере отырып, шығарма 
                            мазмұнын меңгерту.
 
ә) дамытушылығы:  Жазушы шығармасы арқылы оқушының мазмұндау  
қабілеттілігін  арттыру, оқушының сөздік қорын молайту, 
                                      өз бетімен ізденуге жетелеу.
 
б) тәрбиелілігі:          Өз халқының салт-дәстүрін сақтай білуге, анаға құрмет  
                                     көрсету, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі:         Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
 
Сабақтың әдісі:        Сын тұрғысынан ойлау. Сұрақ-жауап; мазмұндау; сатылай  
кешенді талдау.
 
Сабақтың көрнекілігі:   Жазушы портреттері; Интерактивті тақта.
 
Сабақтың  жүрісі:      І.Ұйымдастыру кезеңі
 
а) Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру.
ә) Оқу-құралдарының түгелдігін қарау.
б)Оқушылар зейінін жаңа сабаққа аудару.
 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі.
(«Өмір мектебі» өмірбаяндық  триллогиясынан үзінді)
 
1.Қызығушылықты ояту.
   1) Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы не білеміз?
   2) Жазушының есінде қалған жалғыз адам кім еді?
   3) Мұқанның үй-ішіне көмек көрсеткен кім деп ойлайсыңдар?
   4) Ораздың аңшылығы, адамгершілігі жайлы не айта аламыз?
   5) Аңшылық тақырыбына шығарма жазу.
 
2.Мағынаны тану.
    1.Шығармада қандай көркемдегіш құралдар бар?
1) Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.
Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...
 
2)Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.
Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан. 
 
   2.Шығармада қандай түсініксіз сөздер кездесті?
Сөздікпен жұмыс.
Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .
Поселке – шағын ауыл.
Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.
Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.
Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді.                                                             
Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.
   3.Шығарма кейіпкерлеріне қандай мінездеме бере аламыз?
 Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам. 
 Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан. 
 
    4.Саятшылық деген не?
Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері. 
3.Ой толғаныс.
А) ІІ деңгей тапсырмасын орындау.
Ә) Есіл өңірінің тоғайында өсетін ағаштардың атын қатыстырып, сөз жұмбақ құрастыру.
 
ІІІ.    Жаңа сабақ.
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
 
1) Ғабит Мүсірепов-ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда-терең, мазмұны әлдеқайда бай. Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ!Онымен мақтануымыз керек!
5) Ананың анасы әңгімесіне түсінік беру.Жазушының «Ананың анасы» әңгімесі  ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің  алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы. Жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырыллдап, арашашы бола білген абзал ананың өжнттілігі айтылады.
 
6) Аңыз туралы түсінік беру.
Эпостың көне түрлерінің бірі-аңыз. Бұл да миф секілді.Әсіресе қиял аралас фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі-аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне көп өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы туралы аңыз бар.
 
Ал Ғабит Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебі-Ертілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімеледі. Тарихи шындыққа лайық салт-дәстүрлер (құл бастаған, күң бастаған тоғыздар, барымта, сауға) мен жайттардан хабар беруі шығармаға аңыздық  сипат береді.
 
7)Венн диаграмма
 8)  Шығарманың композициялық құрылысы:
1.Әңгіменің басталуы-Жалпақ балуанның Ергенекті   
елін шабуға аттануы
                                             2.Әңгіменің дамуы-қалың жылқыны барымталап айдап 
келе жатуы.
                                            3.Әңгіменің байланысуы-Тезек арқалап келе жатқан  
қызды олжалап,   аттарына мінгестіріп алуы
4.Әңгіменің шиеленісуі-қыз әкесінің мерт болуы, анасың   
                                                барымташылардың алдын орап алуы.
5.Әңгіменің шарықтау шегі-Кейкінің үкімімен қызды   
шешесімен бірге  күндікке алып кетуі.
6.Әңгіменің шешімі-жалпақ балуанның ана мен қызына 
бостандық беруі.
  7.Әңгіменің аяқталуы-әйелді аттандырған Жалпақ      
Балуанның   құлауы, оны елге жеткізуі.
 
IV.    Оқулықпен жұмыс.
 
1) Қызын босатар алдындағы ананың сөзі
2) Жалпақ балуанның сөзі.
 
V.    Сабақты бекіту.
1.« Барлық құрмет, барлық тағзым-анаға»  тақырыбында ойтолғау жазу.
2. Ана тақырыбындағы қандай өлеңдерді білеміз?
 
 
VI.Қорытындылау.
 
Мұхаммед пайғамбарымыздың  с.ғ.с хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Ең әуелі  анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар.Ендеше төрт ұйқысын төрт бөліп, жаманыңжы жасырып, жақсылығыңды асыратын, сен дегенде ішкен асын жерге қояр ананы аялай білейік, құрметтейік!
                                                                            (Мұхаммед пайғамбар хадисінен) 
 
VII. Үйге тапсырма.
1)Әңгімені мазмұндау.
2)Сөздікпен жұмыс.
3)Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді тауып жазу.
VIII.  Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Бейімбет Майлин Түйебай әңгімесі
Ғабит Мүсірепов Ананың анасы
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Әдебиет 5 сынып.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3722 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык