Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі


Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: оқушыларды қазақтың көрнекті жазушыларының бірегейі, классик жазушы Ғ.Мүсірепов творчествосымен таныстыру, «Ана» тақырыбында жазған шығармаларымен таныстыру. Әңгімені оқи отырып, мазмұнын еркін жеткізе білуге, шығарма құрылысына талдай білуге үйрету;

дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту;

тәрбиелік:  Аналарға деген сүйіспеншілікке, үлкенге құрмет көрсете білуге, халық ұғымындағы ана туралы қастерлі ұғымды тереңінен түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түріЖаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, аквариум әдісі

Сабақтың көрнекіліктері: жазушы портреті, сабақ эпиграфы, интерактивті тақта, танымдық кестелер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалап, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Жаңа сабақ

1. Жазушының шығармашылық өмірбаяны

«Ғабит Мүсірепов ‒ ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».

(З.Қабдолов).

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ‒ ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Ол 1902 жылы қазіргі СҚО, Жамбыл ауданы, «Жаңа жол» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында екі класты орыс мектебіне түседі. Белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Мектеп бітірген соң болашақ жазушы Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түсіп, жеті жылдық мектеп көлемінде білім алады. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928‐1938 жылдары түрлі жауапты орындарда, баспасөзде қызмет атқарады. 1938‐1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады. 1956‐1966 жылдары «Ара‐Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.

Шығармалары: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Ананың анасы», «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Қарлы жаңбыр астында», «Біздің Биаға», «Автобиографиялық әңгіме» т.б. әңгімелері және «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» т.б. романдары бар. Сонымен қоса жазушының «Ақан сері ‒ Ақтоқты», «Қозы Көрпеш ‒ Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Амангелді» т.б. драмалық шығармалары бар.

2. Әңгіме  мазмұнын  игерту

А) Әңгімеге кіріспе сөз сөйлеп, бастапқы мазмұнын түсіндіремін.

Ә) «Ананың анасы» әңгімесін үш қатарға бөліп оқытамын. Мәтінді үш бөлімге бөліп оқиды да, аквариум әдісімен мазмұнын айтып шығады. Түсініп оқып шығулары үшін 10 минут уақыт беремін.

Б) Соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасалады.

1. Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Өздерің қалай атар едіңдер?

2. Шығарма оқиғасының Әйтілес қарт әңгімесімен берілу себебін қалай түсіндірер едіңдер?

3. Жазушы шеберлігі неде деп ойлайсыңдар?

4. Қалай ойлайсыңдар, қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет?

5. Жалпақ балуан кім?

3. Теориялық білім беру

Шығарма құрылысы, аңыз туралы оқушыларға ақпарат беріп, түсіндіру.

Композиция ‒ әдеби шығармалар құрылысы, оның бөлім‐бөлшектерінің бір‐бірімен қиюласа байланысы.

Аңыз ‒ эпостың көне түрлерінің бірі. Аңыздық негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.

Бекіту.

Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

Оқушыларға перфокарта таратамын, перфокарта берілген оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды да, қалған оқушылар ауызша кейіпкерлерін талдап шығады.

Сұрақтар:

1. Ғ.Мүсірепов қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

3. Аналар тақырыбындағы шығармалары қандай?

4. «Ананың анасы» әңгімесіндегі Жалпақ батырға қандай баға бересіздер?

5. Ананың іс‐әрекетінен қандай әсер алдыңыздар?

6. Ана қызының тағдырына не себепті алаңдайды?

Қорытынды.

Ана мен бала тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызу.

Үйге тапсырма.

Әңгіме мазмұнын айтуға дайындалу, Ғ.Мүсіреповтің «Ана» тақырыбындағы басқа да әңгімелерін тауып оқу, жазушы шығармашылығы жөнінен қосымша іздену.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, әңгіме мазмұнын жақсы меңгерген оқушыларды «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалармен бағалаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлын еске алу кеші
Ана құшағында. Ғ. Мүсірепов
Ана
Ғабит Мүсірепов Ананың анасы
Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 10535 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык