Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Айналайын ақ анам!


Айналайын ақ анам!

Айналайын ақ анам!

Ана-жүрек,сол жүректе құдірет те,
Ана-тірек, сол тіректі құрметте.
Ана шыңын,ардақ тұтар биікте,
Ана – күнің,сәуле шашар жүректе..
Зал іші мерекеге сай безендірілген.Көңілді әуенмен балалар залға кіреді,бөлмені бір айналып шығып,орындарына отырады.
Мұғалім:Бүгін біз жыл мезгіліндегіең тамаша  сегізінші наурыз –аналар мерекесін тойлағалы отырмыз.Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы келіспейтін де секілді.Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,
жылылық пен әсемдік сыйлады.Ана –әлемнің жан дүниесі,өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
   Аяулы аналар!мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздердің көңілдеріңіз  әрқашан шат,жүздеріңіз жарқын,дендеріңіз сау болғанын тілейміз.
   Құрметті аналар!Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар (балалардың қолында қызыл түсті жүрекшелер бар,әр бала өз анасына деген тілегін айтып,жүрекшені сары түсті қағаздан қиылған дөңгелекке жабыстырады)
   Міне, «тілектер шоғы»дайын.Осы тілектерің періштенің құлағына шалынып, орындала берсін!Қане, балалар,аналар мерекесіне дайындаған өнерімізді ортаға салайық.
Дәулетхан:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын  анашым.
Шахназ: 
 Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Баһадүр:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Айжұлдыз: 
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаңа.
Дамир: 
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым.
Ән: «Құттықтаймын мама,туған  күніңмен!»
Мұғалім:Аналар мерекесі көктем мезгілімен тұспа-тұс келеді.Көктемде ағаштар бүршік жарып,күн жылынып,жылғалардан су ағатын мезгіл.балаларымыздың  көктем туралы тақпақтарын тыңдайық.
Асылай:
Қар еріді,су ақты.
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты.
Асылхан:
Көкке бояп өңірді.
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
Қарақат:
Жаңбыр жауып басылды.
Күлімдейді көкте күн
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіндей көктемнің.
Марғұлан:
Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Дилназ:
Уа,халайық,халайық,
Әсем әнге салайық.
Көктем мерекесін көңілді,
Бәріміз қарсы алайық!
Ән: «Көктем вальсі»
«Жау-жау,жаңбыр»әнімен ортада Маратқызы Шахназ.
Мұғалім: Бүгінгі мерекеміз , сіздердің естеріңізде қызықты жағымен есте қалуы үшін,ендігі кезекті ойынға берейік.
Қысылып еш саспайық,
Қызықты ойын бастайық.
Аналардың көңілін 
Бір көтеріп тастайық.
Ойын: «Қолынан тауып біл»
Көздері байлаулы аналар балаларының қолынан ұстап танып білуі қажет.
Талдау:
• Сізге балаңызды табуға не көмектесті.
• Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
Мұғалім:Балалар,аналарың сендерді жақсы көргенде , құлыным,ботақаным,
қошақаным деп еркелетеді.Осы сөздер туралы тақпақтарды тыңдайық.
Шахназ:
Атам мені  «құлыным»-дейді,
Әжем мені «ботам»-дейді .
Әкем мені «шырағым»-дейді, 
Шешем мені «қозым»-дейді 
«Айналайын жаным»-дейді.
Ал, шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын.
Қарақат:
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана»деген сөзді де,
«Әке»деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар!
Баһадүр:
«Күнім», «жаным» дегенді,
«Құлыншағым»дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
Ән: «Қошақан»Орындайтын Жақсылық Айбану
Мұғалім: Біз ана туралы әндер айтып,тақпақ оқыдық.Енді сол аналарымыздың анасы – әжелерімізге арнап өнерімізді ортаға салайық.
Айбану:
Шашымды өріп,байлаған.
Қабағына қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Құрт пен майын  жинаған.
Балаларға сыйлаған,
Бұл-әжемнің –өмірі
Таусылмайтын жыр маған.
Гүлім:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Мені жақсы көреді.
Асылхан:
Өскенде мен енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таңқалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді.
Гүлмәуе:
Менің әжем,бұл әжем,
Айтқан сөзді дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Ән: «Әжеме әні».Орындайтын  Ерікұлы Асылхан
«Домбырасыз ән қайда».Ортаға аманжолқызы Дилназды шақырамын.
Мұғалім:Ал,балалар  аналарымыздың бізге айтар тілектері бар болар.Қане соларды тыңдайық. (Аналар өз тілектерін айтып,қолындағы жүрекшені қорапшаға салады)
  Бүгін аналарымыздың мерекесі.Мереке мәңгілік болсын!
Бүлдіршіндеріңіздің сыйлықтарын қабыл алыңыздар!Сіздерге  әлемдегі бар жақсылықты тілейміз.Әрқашан аман болыңыздар!
Айжұлдыз:
Бар өмірдің  жүрегі
Өзің алтын ордасың.
Тірлігімнің тірегі,
Уайымың болмасын!
Дамир:
Жүре берсем қасыңда,
Айбат анам,ай анам,
«Ботам»деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Айналайын,ақ мама!
Айбану:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Марғұлан:
Сенсің,ана жан күші
Сендей болсын бар кісі.
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы.
Қарақат:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Дәулетхан:
Біліп тұрсың жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан,
Ана менен Отанның!
«Біз – өмірдің гүліміз»әнімен ортаға Тәжімүлікқызы Айжұлдызды шақырамыз.
«Солдат болам мен ертең».Ортада жігіттер тобы.
«Жаса,Қазақстан!» орындайтын Абайбекұлы Дәулетхан
Дилназ:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Мұғалім: Ананың әрбір сөзі жылылыққа,мейірімге толы.Жүректен шыққан жылы лебіздері мына сиқырлы қорапшада сендер жақсы көретін тәттіге айналыпты.(Қорапшадағы кәмпиттер балаларға таратылады)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ана біздің күніміз»
Қыз сыны
Ана- бақыт, ана -нұр
Мерекеңмен анашым
Сүйкімді арулар
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Аман болшы ақ мамам
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3329 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык