Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7883 |
|
|
|
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты:
а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін;
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1. Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Қыздардың үлкені – Майра,кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам блып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса,араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес – жиырма бес.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.жақсы – ісімен жақсы.Көрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін,соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді.Жүз жиырма – беске бөлінеді
Жаттығумен жұмыс: 41-жаттығу. Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладу жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 42-жаттығу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |