Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 13151 |
|
|
|
Уақыт. Тәулік
Тақырыбы: Уақыт. Тәулік
Мақсаты:
1) Білімділігі: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Сан құрамын естеріне түсіру.
2) Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын молайту, түрлі ойындар арқылы ой-өрісін, тіл байлығын жетілдіру.
3) Тәрбиелігі: адамгершілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер тақта, ойыншықтар, цифрлар, таяқшалар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру, санау
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың жүрісі: ұйымдастыру, психологиялық сәт
Математика – толған тәртіп, мағына мен мән
Математика – толған тамаша заңдылық, сән
Математика – толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
«Ойнайықта ойлайық»
Біз математика сабағында қандай ұғымдармен таныстық? Биік – аласа, үлкен – кіші, кең – тар, жуан – жіңішке,, жоғары – төмен, алдында – артында.
Слайд жасау
«Кім жүйрік ойыны»
Сан құрамын еске түсіру
Жаңа сабақ
Сөз жұмбақ шешу
Жыл мезгілдері
Жұмбақ
Жиып-теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(күз)
Шамамен зырлап желетін
Шаңғы, коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(қыс)
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен
Малшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(көктем)
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы егісте
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(жаз)
Топтастыру
Жұмбақ шешу
Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді
(апта күндері)
Балалар, бір аптада неше күн бар?
Қане атап беріңдерші?
«Апта күндері» ойыны
Балалар осы күндердің түгелін санмен айтайықшы
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
Сергіту сәті
«Санамақ» айту
Жұмбақ шешу
Жартысы
Жадыратып нұр себеді
Қалғаны
Қара мақпал бүркенеді.
(тәулік)
«Күн режимі»
«Тәулік мезгілдері» ойыны
Тәулік – таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері бір мезгілді құрайды.
Тәулікте 24 сағат болады. Балалардан таңертең не істейтіндерін сұрау. Түсте ше? Кешке ше? Ал түнде немен шұғылданасыңыздар? Тәуліктің әр мезгіліндегі іс-әрекеттері күн режимі деп аталады.
Әр жыл мезгілдерінің ұлттық дүние таныммен байланысы адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі
Сұқ саусақ – көктем
Ортаңғы саусақ – жаз
Аты жоқ саусақ – күз
Шынашақ – қыс.
Әр саусақтың үш буыны бар, әр мезгілдің үш айы бар.
Жұмбақ шешу
Алтын терек,
Он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
(жыл, айлар, тәуліктер)
«Кім алғыр» ойыны
Тест жұмысы
1. Заттарды салыстыр
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |