Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі


Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

Пәні: Дүниетану 1-сынып.

Cабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту,  күзгі  табиғаттың  өзгеретіні  туралы  түсініктерін  қалыптастыруға  жағдай  жасау. Табиғатқа  қамқорлықпен қарау  қатынастарын  тәрбиелеу.Табиғат  құбылыстары  мен  заттар  арасындағы  байланысты  түсінуге  мүмкіндік  туғызып, қоршаған  дененің  біртұтастығы  туралы  түсініктерін  дамыту.

Сабақтың  көрнекілігі: жыл  мезгілі  суреттері, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі.

Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару. Психологиялық жағдай.

ІІ.Өткенді  қайталау. Ой қозғау.

- Айналада неше тұс бар?

-Олар қалай аталады?

- Ауа райын шартты белгілермен тақтаға жазып көрсет:  аспан ашық,  +4º,   *

Көкжиек  туралы  түсініктерін  сұрап, білімдерін  тексеру.

Тест сұрақтары.

1. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

     а) 2            ә)  3            б)  4               в)  5

2. Термометр түтікшесінің ішінде не бар?

а) су           ә)    сынап         б)  сұйық зат          в)  дәрі

3. Табиғаттың тірі денелерін белгіле.

а) тас         ә) жел            б)  кітап           в) жануар

  1. Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

а) +                 ә) 0              б) -                в) *

ІІІ. Қызығушылықты ояту. 

Жұмбақ шешейік.

1. Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?                  (Көктем)

2. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?              (Жаз)

3. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?          (Қыс)

4. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?                   (Күз)

Мағынаны тану.

Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз...

Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс.     , +   º, -   º

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

Т.Молдағалиев. Күз.

Ақшыл ма, әлде күлгін, әлде қоңыр,

Торлады көк аспанды бұлт керуені.

Сорғалап әлсін-әлсін күміс жаңбыр

Ажарсыз шөптің басын жел тербеді.

- Осы өлеңде қай мезгіл суреттелген?

   (Оқушылардың  күзгі  ауа  райы  туралы  түсініктерін  байқау. Күзгі  өлі  табиғат  өзгерісі: аспанның  қалпы, күннің  ұзақтығы, салқындауы.)

- Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле.

- Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Күз айларын ата.

- Күздегі мерекелерді ата. 1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.

2.Оқулықпен  жұмыс.

Мазмұнды суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

«Атамұра» Жыл мезгілдері -  мәтінге  талдау жасау.

«Алматыкітап» «Күз» А.Байтұрсыновтың өлеңіне  талдау. 

А.Байтұрсынов – қазақ халқының көрнекті ақыны, ұстаз, ғалым, алғаш әліпби құрастырушы.

 

-Сурет  бойынша  күзгі  және  жазғы  көріністі  салыстыр.

-Күздегі  табиғат  өзгерісін  айт.

-Күзде  өлі  табиғатта  қандай  өзгерістер  болады?

-Күздегі  жауын-шашын.

 

Сергіту  сәті

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

 

3.Сөздікпен  жұмыс: күзгі  жапырақ, суытты, жауын.

А) оқу,  оқыту.

Ә) сөйлем  құрату.

 

4.Дәптермен  жұмыс.

Жұмбақ  шешу, жаздырту. Шешуін  дәлелдеу.

 

5 жолды өлең.

1. Күз.

2. Берекелі, жемісті.

3. Өсті, сарғайды, келді.

4. Күз – береке, байлықтың бастауы.

5. Жыл мезгілі.

Шығармашылық тапсырма. Күз мезгілінің суретін  салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Күз  туралы  ұғымдары  тұжырымдалады.

-Сабақ  аяқталды!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері.
Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.
Күзгі табиғат
Қысқы ауа райы
ЖЕМІС БАҒЫНДА
Уақыт. Тәулік
Көктемгі табиғат
Уақыт. Тәулік
Жыл мезгілдері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 15181 | Қосты: Бейбітова Тулпан Маратқызы | Ілмек сөздер:
avatar
• 18 января 2015 06:48
ШҚО Тарбағатай ауданы Қабанбай батыр атындағы ауыл К.Төгісов атындағы орта мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык