Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас


Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

Атажұрт этногеографиялық ойыны

Тақырыбы: «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»

Мақсаты: 1. Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

                  2.Оқушылардың білімге ынтасы мен пәнге қызығушылығын арттыру,оқушының ой-өрісінің, даму деңгейінің дамуына ықпал ету, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

                  3. Оқушының білім сапасын көтеру, туған жері туралы білімін тереңдету

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі /  8-сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Бір оқушы топ жетекшісінің қызметін атқарады. 7-сынып оқушылары жанкүйерлер ретінде шақырылады.Олар да екі топқа бөлініп, қалаған топтарына жанкүйерлік жасайды./

            Топ аттары: І-топ-« Хан тәңірі». Жетекшісі : Кәлімхан Баян

                                  ІІ-топ-« Мұзтау» Жетекшісі: Малгаждарова Аяулым

Мұғалімнің сөзі:  Құрметті оқушылар! Қазақ халқы үшін жер-ең қасиетті ұғым. Кіндік қаны тамған жерді ата-бабамыз «Атажұрт» атандырып ардақтаған. Көз жеткісіз көлеміне  Еуропаның кішігірім 12 мемлекеті сыйып кететін сайын дала, асқар тау, өзен- көлдерден тұратын, о шетінен бұл шетіне  құстың қанаты талып жететін қазақ жерінің қасиетін ұғынбасақ, орны толмас өкініш болар еді. Осыншама ұлан-байтақ жерді ата-бабаларымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай , ақ найзаның  ұшымен, ақ білектің күшімен  шыбын жанын шүберекке түйе жүріп қорғап келіп,асты-үстіндегі барша байлықтарын басқалардың көз алартқанына қарсы бола тұрып, ұрпақтарының қолына  аман-есен тапсырғанын қалай қастерлемеуге болады?І.

     Бүгінгі біздің ойынымыздың өзегі де –туған жер, атажұрт туралы болмақ.

Ойынға 2 топ қатынасады.

Тақырыбы:  «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас»

Ойын төмендегідей бөлімдерден тұрады.

  Таныстыру  кезеңі

І-бөлім      Өткел

ІІ-бөлім    Белес

ІІІ- бөлім   Бекет

ІҮ- бөлім   Асу

Ү-бөлім   -Жерұйық

Шара сайыс түрінде өтетін болғандықтан Әділқазылар алқасын сайлап алайық. /Әділқазылар алқасы сайланады/

Сайысымызды   барлығымыздың сүйікті әніміз «Атамекен» әнімен бастауға рұқсат етіңіздер!  / Ән орындалады./       

   Түседі бүгін білім  жарысына

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа

Талапкердің талабы таудай екен

Аямас тиіп кетсең намысына

 

Таныстыру кезеңінде  екі топ  ортаға шығып өздерін таныстырады.

Топтың аты, ұраны, топ атына қысқаша түсініктеме.

ІІ-кезең. «ӨТКЕЛ» Топ басшыларына 5 сұрақтан беріледі. Әр сұрақ 1 ұпай.

      І-топ басшысына қойылатын сұрақтар:

1.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-географ?       /Ш.Уалиханов/

2.Қазақстан неше елмен шектеседі?                       /5/

3.Қазақстан жер  көлемі бойынша д/жүзінде нешінші орында?       /9/

4.Қазақстан жеріндегі биік тауларын ата. /Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Қақпасы, Тянь-Шань /

5. Топырақтану ғылымының негізін салған орыс ғалымы        /Докучаев/

      2-топ басшысна сұрақ

 1.Қазақстан жер көлемі жөнінен Еуразия материгінде нешінші орында    /4/

 2.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы        /15000 км/

3.Қазақстанның ірі тұңғыш геолог ғалымы       /Қ.И.Сәппаев/

4.Каспий теңізінің бағалы балығы   /бекіре/

5.Қазақстанның астанасы қай өзеннің жағасында орналасқан   /Есіл/

                 ІІІ-кезең « БЕЛЕС»  /Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Ойынға  сұраққа көмек алуға болады. Жеңген топ бастайды.

1-топқа.Қазақстан туралы алғашқы деректі өзінің « Тарих» деген еңбегіне кіргізген, Каспий теңізінің алып жатқан орнын оның сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен ғалым.

           Қосымша  көмек: Б.З. Б. 5-ғасырда өмір сүрген ғалым. Жауабы: Геродот

2-топқа.Алғашқылардың бірі болып,жұлдыздарды зерттеп,ең ірі обсерваторияны салып,өлшеу құрал-жабдықтарын ойлап шығарған.Өзінің «Ғылымдарды жіктеу»деген еңбегінде математиканың салалары арифметика, геометрия, музыка т.б. туралы ойын,көзқарасын жазып қалдырған ғалым,ұлы ойшыл.

        Қосымша көмек: Ол 870 жылы тырар қаласында дүниеге келген.

                                                                         Жауабы: Әл-Фараби

1-топқа:Бұл көл туралы ең алғашқы мәліметтер Б.з.д.  5-ғасырда берілген.Теңіздің бұрынғы аттары:Хазар,Дербес, Ақ,Айдархан т.б. теңізі деп аталған. Соңғы атын І Петр ұсыныпты. Бұл қай теңіз?    /Жауабы: Каспий теңізі/

       Көмек:Теңіздің белгілі 28 аты, кейбірі 60 аты бар дейді

2-топқа: Биік таулардың бірі,Альпі тау жасалу кезеңінде түзілген тауларға жатады. Ұзындығы -300м. Биік жері -2992 м., бірақ төбелерінде мұздықтары жоқ. Бұл қай тау? /Жауабы:  Тарбағатай/

        Көмек: Шығыс Қазақстанда орналасқан

                     Алтаймен қол ұстасқан

ІҮ-кезең  «БЕКЕТ»Топтардың жанкүйерлеріне сұрақтар беріледі,жинаған ұпайлары сол топқа қосылады, әр дұрыс жауап 1ұпай.

1-топ. –Ең кіші мұхит  / Солт.Мұзды мұхит/

  • Ең үлкен арал
  • Жер сілкіну, жанартау атқылау нәтижесінде пайда болатын толқын
  • Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс
  • Қай құрлықта өзен жоқ

 

 2-топқа –Ең кіші материк

              -Ең үлкен түбек

              -Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы

              - Ең терең мұхит шұңғымасы

              -Жағалауын төрт мұхит шайып жатқан материк

Ү-кезең  «АСУ»

  1. Мүлгіген мидай дала. Жапан далада жалғыз жолаушы. Күн батып, қас қарая бастайды.Секем алған жолаушы жан-жағынан отын жинап,от жағады.Түннің бір уағына дейін от жағып отырған жолаушы ақыры ұйқыға кетеді. Таңертең отқа түскен ірілі –ұсақты кесектер қызарып сөнбеген. Оттан алыстау жатқанын алып қараса,қап-қара күйе екен. Бұл жерді белгілеп кетейін деп,түйеге теңделген тұздың екі кесегін таңдап алып, бір-біріне сүйеп белгі қояды. Содан бұл жер қалай аталды деп ойлайсыңдар?  /Екібастұз/
  2.  Өте ертеде қазақтар далада көшіп-қонып жүргенде, таудың бір шыңында бір тау бүркіт өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзбен қарап отырады екен, ал сұлтандар оны өлтірейік десе, оқтары тимейді, ұясына шығайын  десе шыға алмайды. Бұл жұмбақ жер қалай аталады деп ойлайсыңдар?                                

                                                                           /Көкшетаудың Оқжетпес шыңы/

  1. Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңшы қуа береді. Алыстап кеткен бұғының соңынан қуып жеткен аңшы оның буы бұрқыраған  батпақты бұлаққа шомылғанын  көргенде , қатты таң қалады.Кейін бұл бұлақ  осы аңшының атымен аталды.Бұл қай бұлақ деп ойлайсыңдар?

                                                                         /Рахманов бұлағы.  Температурасы+30-40 град./

     4.Ел аузындағы елеулі аңызға қарағанда ерте кезде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Бұл жерде алуан трлі әсем жасыл шөптер өскен екен. Бір күні оны жайлаған бір байдың жүйрік аты байланған қазық суырылған орнынан су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген «марқа» қозылары су астында қалыпты.Осы оқиғадан кейін көл пайда болған деседі. Ол қай көл деп ойлайсыңдар?

                                                                          /Марқакөл/

  Әділқазылар ұпай санын санағанша балалар туған жер туралы  ән орындайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез
Литосфера тақырыбын қайталау
Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань таулары
Атажұрт
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Атажұрт
Білімді бестік сайысы
Қазақстан – ғажапстан
«Жұлдызды сәт» ойыны (Сыныптан тыс сабақ)
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5987 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык