Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2781 |
|
|
|
Үй жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Үй жануалары
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп, олардың пайдасы жайында түсінік беру;
Ә) дамытушылық: оқушыларға ойындар ойнату арқылы, ертегілерді сахналау арқылы, өлеңдер айтқызу, жұмбақ шешкізу, мақал - мәтелдер айтқызу,сурет бойынша әңгіме құрау, тіл байлығын, сөздік қорын байыту;
Б) тәрбиелік: үй жануарларын қорғауға, күтіп бағуға, қамқор болуға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: төрт түліктің суреттері, әтеш, тауық, қаз,үйрек, балапан, қоян, ит, мысықтың суреттері
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, өзін – өзі тану, музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Қазір балалар, бәріміз дөңгелек, шеңбер жасап, шаттық шеңберін жасайық.
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Міне, біздер қандаймыз
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейтін іргеміз
Әрқашанда біргеміз
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейтін іргеміз
Әрқашанда біргеміз
- Бөбектерім, орындарыңа отыра қойыңдар
- Қазір тіл дамыту сабағы
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын дұрыстап тыңдап отырыңыздар
II. Жұмбақ жасыру ойыны:
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
- Түйе екенін қалай білдіңдер?
- Түйенің екі өркеші бар екен
- Түйе қандай жануар?
- Үй жануары
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
- Балалар, біз бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз
- Үй жануарлары қандай жануарларға жатады
- Қане кім айтады?
- Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
- Үй жануарларын адамдар үйде ұстап, күтіп бағады.Оларға жем, су, шөп береді.
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
- Сүт, ет,қымыз, шұбат береді, жүнінен киім, кілем тоқиды, киіз басады
IV. Төрт түлік малдың суреттерін интерактивті тақтадан көрсету
V. Төрт түлік жайлы көрініс көрсету:
Мұғалім: жайлаудажайылып жүрген төрт түлік мал өз – өздері біздің иеміз кім болады деп таласып қалыпты.
1) Бекбол: Түйе (боздайды)
- Бәріңнен де мені иеміз жақын көреді. Менен алынатын шұбаттың емдік қасиетін айтсайшы. Оған еш нәрсе жетпейді. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.
2) Әлихан: қой (маңырайды)
- Сендер босқа мақтасаңдар, ием мені жақсы көреді. Адамдар киім - кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніштер менің жүнімнен шығады. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.
3) Алтынай. Ешкі (маңырайды)
- Сендер босқа мақтанасыңдар, менің сүтімді ішеді, түбітімнен шарқат, жемпір, қолғап, шұлық тоқиды. Иемізге менен пайдалы түлік жоқ.
Төрт түлік мал жайлы көрініс
Мұғалім:
- Сендер босқа таласасыңдар.Әр қайсыларыңның өз орындарың бар,адам үшін бәрін көресіңдер. Рахмет, балалар!
Сиырдың, түйенің сүтінен күнде шәй құйып ішеміз. Сиырдың сүтінен айран, сүзбе жасап, ішіп, жейміз.
Мұғалім:
Халқымыз жылқыны, атты өте бағалаған.
Мінсе – көлік, ішсе - сүт, қымыз, жесе еті тамақ. Атқа мініп ұлттық ойындар ойнаған. Мысалы, қыз қуу, көкпар, бәйге ойындарын ойнаған. Көкпар ойынын теледидардан көріп жүрсіңдер ме? Жастар да бұл ойындарды ойнап, жүлделі ойындарға ие болып жүр.
VI. Төрт түліктен алынатын өнімдер
- Балалар, төрт түлік малдан басқа қандай үй жануарларын білесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
VII. «Қандай үй жануарлары ұнайды?» ойыны
Ойынның шарты: үстелдің үстіне бірнеше үй жануарларының суреті тастаймын. Әр бала өздеріне ұнататын үй жануарларының суретін алады.
VIII. Сергіту сәті (қимылдарын көрсету)
Сырт – сырт етіп тұяғын,
Би билеші, лағым
Ырғып өтіп жырадан
Басына шық қияның
IХ. Сурет бойынша әңгіме құрау (интерактивті тақтамен жұмыс)
1) Мен ат жарысқа қатыстым. Атым бірінші келді.
2) Өрісте бұзау, құлын,қозы, лақтар ойнап жүр.
3) Айгүл лаққа сүт берді
Х. Жеті лақ ертегісі
Не туралы айтылған?
- Ешкі лақтарына тамақ әкелуге тоғайға кетеді.
- Есікті менен басқаға ашпаңдар, - дейді балаларына
Ешкінің бұл айласын бір күні қасқыр біліп қояды.
Ешкі тоғайға кеткенде,біздің шешеміздің даусы сенің даусыңыздан жуан емес дейді.
Балаларым, есікті ашпаған дұрыс болған. Есікті ашсаңдар сендерді жеп қояды, - дейді.
Венн диаграмма
Лақ Ж Қасқыр
А
Н
У
А
Р
Қасқыр
Х. «Төрт түліктің пірлерін ата!» ойыны
Түйенің пірі – Ойсыл қара
Жылықының пірі – Қамбар ата
Сиырдың пірі - Зеңгі баба
Қойдың пірі – Шопан ата
Ешкінің пірі – Шек – шек ата
ХІ. «Малды қалай шақырады?» ойыны
Түйені – кәус – кәус
Жылқыны – қырау – қырау
Сиырды – әукім – әукім
Қойды – пұшайт – пұшайт
Ешкіні – шөре - шөре
- Балалар, сендерді мамаларың, әжелерің еркелете ме?
- Сендерді жақсы көріп, ботақаным, құлыншағым, ботам, құлыным ,- деп еркелетеді.
ХІІ. «Қара жорға» биі
ХІІІ. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі өткен сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Үй жануарлары
- Үй жануаларына нелер жатады?
- Төрт түлік мал, тауық, үйрек, қаз, мысық, ит
- Үй жануарларының пайдасы бар ма?
- Төрт түліктен қандай өнімдер аламыз?
- Малды ұруға бола ма?
- Сүтті жерге төгуге бола ма?
Ақтөбе облысы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |