Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3842 |
|
|
|
Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан, жіңішке дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру. Төрт түлік төлдерін, пірлерін, дыбысталуын ажырыта білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін,мәнерлеп оқуын,көркем жазу дағдысын қалыптастыру.Өз ойын анық жеткізу,шығармашылық қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуғадағдыландыру. Шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.
Көрнекілігі: төрт түлік суреттері, ереже, интерактивті тақта, жүрекше, мал бейнелері.
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Малдың төлін сүюі.Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері.Жуан,жіңішке дауыстылар
-Малдың төлін сүюі. мәнерлеп оқу.ереже сұрау.
-Сонымен балалар малдарда төлдерін еркелетіп жақсы көреді екен.
-Сендерді аналарың осылай еркелете ме?
-Я
-Ендеше менің қолымдағы жүрекше арқылы бір-бірімізге жақсы тілек айтып бастайықшы.
-Мен бастайын Азиза ботақаным сүйкімді бол!
-Әли қозым тәртіпті болшы!
Жақсы балалар рахмет
-Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
-Төрт түлік.Осы төрт түлікке нелер жатады?
Топтастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Жақсы балалар, осы төрт түлікке Түйе,сиыр,жылқы, қой ,ешкі жатады екен. Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.
-Ал оқушылар біз биыл 2014жыл қандай жылды қарсы алып едік?
-Жылқы жылы
-Дұрыс айтасыңдар.Олай болса бізге жылқы қонаққа келіп отыр екен.Осы жылқыға білімімізді көрсетсек, сабақ соңында сыйлық бергелі отыр.Сабаққа көңіл қойып отырайық.
1.Төрт түлік төлдері. І-топ.Сәйкестендіру тестісі
Жылқы лақ
Түйе бұзау
Сиыр қозы
Қой бота
Ешкі құлын
2.Төрт түлік пірлері ІІ-топ
Жылқы Сексеката
Түйе Ойсылқара
Сиыр Қамбарата
Қой Зеңгібаба
Ешкі Шопаната
ІҮ.Төрт түлік қалай дыбыстайды?
Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі
Мөңірейді,маңырайды,кісінейді,бақырады,боздайды.
Үлгі:Түйе боздайды.
Ү.Сергіту сәті
Төрт түлік малдардың дыбысталуы.Оқушылар дыбысталуын салады.Орысша,ағылшынша,қазақша төрт түлікті айтады.
ҮІ. Білгенге маржан…(сұрақтарға жауап алу)
1.Төрт түлікті калай шақырады?
Жылқыны құрау-құрау деп шақырады.
Түйені көс-қөс деп шақырады.
Сиырды әукім-әукім деп шақырады.
Қойды пұшайт-пұшайт деп, ешкіні шөре-шөре деп шақырады
2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер
1.Сиырдың сүті – тілінде. 2. Ат- адамның қанаты.
3.Қойдың сүті қорғасын, 4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын. Құстың бәрі сұңқар емес.
5. Жалғыз шапқан ат жүйрік. 6. Түйе көп болса жүк сыймас.
7. Малды бақсаң, сиыр бақ, 8. Сиырды теппейді,
Сүт кетпейді шарадан. Сүтті төкпейді.
3.Төрт түлік туралы жырлар
Ақ бұзау
Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.
Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым. Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал, Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың. Боп жүрмесін бөрі тап.
ҮІ. Ойлан тап:Көп нүктенің орнына жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қойып көшіріп жазу.
1-топ.Жұмбақ
К...шк...не ғана б...йы бар
Айналдырып киг..н т..н.. бар. Қой
2-топ Жұмбақ
К...з..кт... бір ж...ну...р,
Үстінде ...кі т...уы бар. Түйе
ҮІІ .Тез ойла,сөз ойла
С Й М Ұ А Қ
Ү Р А Р Й У
Т А Й Т М Ы
А Н Қ Қ А З
Сүт,айран,май,құрт,қаймақ,уыз
ҮІІІ.Қорытынды.
Төрт түліктің пайдасы.Сурет бойынша.Жуан,жіңішке дауыстыларды қайталау. Ережемен қорыту.
ІХ.Үйге тапсырма.
Төрт түлік төлдерінің суретін салу тапсырылады.
Х.Бағалау.Жылқы сыйлықтарын тапсыру.
Орнымыздан тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскеше күн жақсы
Сау-салтанат болайық
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |