Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 18452 |
|
|
|
Төрт түлік Үй жануарлары
Жаңа сабақ: Төрт түлік Үй жануарлары
Кіріспе : Қазақ халқының өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты болған . Себебі төрт түлік мал –қазақ халқының күн көрінісінің , шаруашылығының негізгі саласы.Төрт түлік мал сойса-ет, сауса –сүт, мінсе көлік ,кисе –киім болды. Тұрмысқа керекті заттар алаша, кілем, сырмақ, саба ,торсық тағы басқалар малдың өнімінен жасалады. Сондықтан төрт түлік малды қазақ халқы қадір тұтып, өлең жырларына , мақал –мәтелдерге ,тиым сөздерге қосқан.Түлік деген –адамдардың өте жақсы көріп, ерекше қамқорлықпен бағып-күткен малдары. Малдың төрт түрі : түйе , сиыр , жылқы және қой-ешкі төрт түлік деп аталған . Қолға үйретілген басқа жануарлар ит, есек, қоян , мысық, үйрек , қаз, тауық бұлар үй хайуанаттары деп аталады. Халық оларды қажетіне жаратса да түлік деп атамаған.Қазақ төрт түлікті екі топқа бөліп, ірі қара және ұсақ мал дейді. «Қара »деген сөз түліктің денелі екенін білдіреді. Түйе , сиыр , жылқы ірі қара , ал қой –ешкі ұсақ мал болып есептеледі, өйткені олардың денесі кішкене .Енді төрт түліктің әрқайысымен жеке-жеке танысып көрейік. Түйе-түлік төресі.Төрт түліктің ішіндегі ең ірісі және жер бетіндегі денесі едәуір үлкен, ауыр салмақты жануарлардың бірі –түйе.Түйе арқасына май жинайды, оны «өркеш »деп атайды.Қазақстанда бір өркешті және екі өркешті түйелер өсіріледі.Түйенің жүнінің шипалыққа та қасиеті бар , терісі өте төзімді,берік.Сүтінің құрамында адам ағзасына сіңімді нәруыз ,витаминдер бар. Түйе сүтін ашытып, шұбат әзірлейді.Түйе шұбаты-шипалық қасиеті бар сусын.Жылқы-түлік патшасы.Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санайды.оны киелі деп есептеп жыл қайруда жетінші орын берді.Адам жылқыны қолға үйретумен ғана шектелмей өз қажетіне байланысты іріктеді, сұрыптады Жылқының әр түрлі түрлері бар. Жылқы сүтінен –қымыз ашытылады. Ол адам ағзазына көп пайдасын тигізеді.жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая шұжық әзірленеді.Халық жылқының қасиетін емшілікке пайдаланып, қазы -қарта, жал – жаясын суықтан пайда болған әртүрлі ауруларға дәру етті
. Жылқы сүті көкжөтелге, өкпе ауруланын емдеуге пайдаланады.Малды бақсаң сиыр бақ сүт кетпейді шарадан : Сиырдың пайдасы өте көп Оның сүті, еті, терісі, жүні мүйізі және өзге өнімдері халық игілігне жұмсалуда. Оның сүті өте майлы және өте жұғымды.Халқымыз ерекше белгілеріне қарай сиырларға тамаша атаулар берген.сиыр көктемде туса жас төлі бұзау деп аталады.Сиырдың әр түлі түрлері бар. Оларды жынысына қарай бөледі.Оларға әр түрлі мақал –мәтелдер , нанымдар, тиым сөздер, жұмбақтар айтылған .Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл –көсір. Қой –Ешкі
Дана халқымыз қолда бар малын қастерлей білген.Қазақ қой –ешкіні бір түлікке балайды,өйткені бұлар бір-біріне үйірсек.Қой-момақан, түлік, аңғал,үркек. Ешкі тентек, сергек те елпек сондықтан қой отарын ешкіге басқартады.Қойдың жүні,еті , сүті,өзге де әртүрлі өнімдері өте пайдалы.Қой көп күй таңдамайды ,кез келген жерде өсе береді.суыққа да ыстыққа да төзімді.Қой мал шаруашылығының негізгі саласы.Оның санын көбейту –бүкіл халықтық мақсат .Ешкі бақтым еңіреп бақтым –дейді халқымыз.Ешкі –өте тынымсыз, бағып –қағуға жайсыз түлік. Қойдың момақан түлік екеніжұртқа аянАңғал да үркек қойды ешкі басқарып,өріске шығарады,суаттан су ішкізіп, қорасына қайырады.Сөйтіп шопанға да көмегінтигізеді. Қой ешкінің соңынан еріп,оныкәдімгідей тыңдайды.Ешкіні жақсылап күтсе жылына 2рет төлдейді.Қазақстанда өсірілетін қазақ ешкісі сүтті,етті,түбітті,ірі салмақты болып келеді.Қой-ешкіге байланысты мақал –мәтедер,тиым сөздер, санамақтар бар. Түйенің төлі –бота, Сиырдың төлі –бұзау,Жылқының төлі –құлын,Қойдың төлі –қозы, Ешкінің төлі –лақ.
Төлдерді былай деп шақырады: ботаны көс-көс,құлынды құрау-құрау,бұзауды әуке-әуке,қозыны пұшайт-пұшайт,лақты шөре-шөре .Түйе сүйеді баласын «боташым»деп, Жылқы сүйеді баласын «құлыным »деп, Сиыр сүйеді баласын «торпағым »деп Қой сүйеді баласын «қоңырым»деп ,Ешкі сүйеді баласын «лағым»деп
Түйенің төлін
Түліктің белгісі:
-Түйе -БАЙЛЫҚ
Қой – МЫРЗАЛЫҚ,
Ешкі –ЖЕҢІЛДІК ,
Жылқы-СӘНДІК,
Сиыр –АҚТЫҚ.
Түлікті құрметтеу:
Кендірді байлама
Жыңғылмен айдама
Кендірмен байласаң
Жыңғылмен айдасаң
Мал бітер деп ойлама
Түлік иелері :
Жылқы иесі –«ҚАМБАР АТА »
Сиыр иесі –«ЗЕҢГІ БАБА»
Түйе иесі- «ОЙСЫЛҚАРА»
Қой иесі –ШОПАН АТА
Ешкі иесі –СЕСЕК АТА
Сергіту жаттығуы
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарап табынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз !
«Ойлан да аяқта» ойыны
-Жылан жорғалайды, ал сиыр (мөңірейді )
-Ит үреді , ал түйе (боздайды )
- Қасқыр ұлиды, ал қой (маңырайды)
- Қарға қарқылдайды, ал жылқы (кісінейді )
-Ат шабады , ал ешкі ( )
Балалар сендерді ата-әжелерің, әке –аналарың қандай сөздермен еркелетеді.
-мені анам « құлыным» деп еркелетеді
-мені әжем «кішкентай лағым» деп еркелетеді
-мені әкем «қошақаным» деп еркелетеді
мені апам «ботақаным» деп еркелетеді
- Сендерді үлкендер жақсы көріп.төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің аттарымен еркелетіп, әлпештегенде осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншіліктің бар екендігін көреміз.балалар бүгінгі сабағымыз «Төрт түлікке »арналады.
Суретпен жұмыс «Төлін тап» ойыны
1. Түйенің баласы – бота
2. Жылқының баласы – құлын
3. Сиырдың баласы – бұзау
4. Ешкінің баласы – лақ
5. Қойдың баласы -қозы
«Кім зейінді ?» ойыны Мал атасы .
Түйе атасы –Ойсыл қара
Сиыр атасы-Зеңгі баба
Жылқы атасы –Қамбар ата
Қой атасы –Шопан ата
Ешкі атасы – Сесек ата
Сабақты қорытындылау
1. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады ?
-Түйе, жылқы, сиыр, қой- ешкі жатады.
2. – Олар неге үй жануарлары деп аталады ?
- Себебі адамның көмегімен үйде өсіріледі ?
«Кім жылдам? » ойыны Малдардың төлін табу .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |