Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейімдеу


Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейімдеу

Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды

ұйымдастыру арқылы  математика пәніне бейімдеу

 

                                           «Бала кезде ерекше көзге түсетін бейінділік –

                                                      оның келешек қабілетінің көрсеткіші»

Академик Т.Тәжібаев

 

Бүгінгі таңда білім беру ісі оқушының жас ерекшеліктеріне сай бағытталып, соның ішінде ең алдымен баланың жеке және жалпы дамуға дайындығы туралы мәселелерді шешуді көздейді. Осы мақсатта бастауыш мектептердің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалып келеді.

Қандай да болмасын пәнді оқыту барысында арнайы мақсат- міндеттер айқындалады. Сондай мақсат –міндеттердің  бірі бастауыш мектептегі оқушыларды математика пәніне бейіндеу. Математика сабақтарын оқыту  оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және ғылыми көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға және алған білімді практикалық мұқтаждықтардан туындаған түрлі есептер шығаруда тиімді қолдануға септігін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушылары екі түрлі қабілетпен әрекеттеніп дамып отырады. Атап айтсақ, біріншісі  берілген оқу әрекеті арқылы дамып, білік, білім және дағдыны қабылдайды. Ал  екіншісі - шығармашылық, бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау, мәселені шешу барысында өз бетімен әрекет жасайды. Математика сабақтары неғұрлым қызықты, тартымды болса, соғұрлым оқушының математика пәніне деген қызығушылығы мен ынтасы зор болып, оқу белсенділігі арта береді. Математика сабағын оқытудың маңызды әдістерінің бірі - өзіндік жұмыс түрлерін жасау.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың математика пәніне ынтасын арттыра отырып, пәнге бейіндеу мақсатында оқыту барысында өзіндік жұмыстардың түрлерін жүргізіп отырамын.

       Математиканың қоғаммен байланысын көрсетуде және баланың ойлау қабілетінің жақсы дамуында  мазмұнды есептердің маңызы зор.Оқушыға есеп шығару тәсілдерін үйретудің өзіндік қиыншылықтары болады. Алдымен есеп мазмұнын талдап, белгілі және белгісіз мәліметтерді анықтап алады. Сосын есептегі өлшем, мөлшерлерге талдау жасалады.Оқушыны ең алдымен есептің шартын құруға төселдіру керек.Есептерді түрлі тәсілмен шығару жолдарын меңгеруді үйретемін.

Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніндегі өзіндік жұмыстардың бір бөлігі математикалық диктант болып саналады. Диктант тапсырмалары жас шамасына сай күрделеніп отырады.Мысалы, үшінші сынып оқушыларына төмендегідей диктант түрлерін қолдануға болады:

  1. 30 және 6 сандарының айырмасын 4-ке көбейт;
  2. 20-ның 8-ге көбейтіндісіне 16 – ның 5-ке көбейтіндісін қос;
  3. Қандай санды 3 есе арттырсақ, 27 саны шығады?
  4. 9 саны 72 –ден неше есе кем?

      Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырудың тағы бір әдісі – логикалық есептер шығару. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс»,- деп көрсетті К.Д.Ушинский.Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті.Логикалық тапсырмаларды орындау барысында  барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастырып,  ойлау белсенділігін және өзбеттілігін жетілдіріп отырамын.

  1. Дастан Нұржаннан биік, ал Ержаннан төменгі қабатта тұрады.Сұлтан Дастаннан төмен тұрады. Олар төрт қабатты үйдің қай қабаттарында тұрады?
  2. Әпкесі 16 алма сатып алды. Оның жартысын Гүлжан жеді, Бақытжан үш алма жеді, ал қалғанын Маржан жеді. Маржан неше алма жеді?
  3. Қайсар ойын кубигін 4 рет лақтырды. Ол қоржынына 25 ұпай жинады. Қайсарға неше рет алтылық түскен? 

     Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстармен қатар,олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жаттығулары жатады. Осындай мақсатпен оқушылардың  тесттер құрастырып  жазуын  жандандырып, балалардың белсенділігін арттырамын.Тағы бір айтарым, оқушыларды сабақ барысында тек математикалық тілде сөйлеуіне аса мән беріп отырамын. Математика сабағынан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеруіне және ата – ана мен мұғалімге оқушының жетістігін біліп отыруына, сондай – ақ баланың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектеседі.Математика пәніне деген ынтасын арттыру мақсатымен сабақ барысында әр түрлі дидактикалық ойындар мен қызықты шығармашылық  жаттығулар енгізілген. Оқыту барысындағы тапсырма әдеттегіден өзгеше берілсе, оқушылар зор ынтамен орындап отырады.Олай болса, қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі,мақсат – мұраты және көтерілген белесі.Математика пәнін оқыту барысында тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіп келемін:

   - оқушылардың жаңа материалды оқып-үйренуге және оны игеруге деген  қызығушылығын тудырдым;

  -  оқушылардың оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әр түрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастырдым;

  - оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын жетілдіріп келемін;

   - оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала  мақсатты дайындықты жүргізіп отырмын.

   - оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделі дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды  ұйымдастырдым;
   - білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі  ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;
  - оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;
  - оқушылардың білім алу нәтижелерін талдап, бағалап, қорытындылап отырмын.

Математика  пәнін оқыту процесінде осындай іс –әрекеттердің арқасында шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын ашық айта алатын, қоғамға, өндіріске белсене араласатын, жаңалыққа жаны құмар азамат қалыптасады.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
Бастауыш сыныптарда математика пәнінің оқытылуы
БАСТ АУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Математика әлемі
Қызықты математика әлеміне саяхат
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы
Қызықты математика
Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3848 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык